Стан археологиясы



бет16/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Мезолит, неолит 
Тас дәуірінің тарихында Қазақстан аумағында мезолит пен неолит 

заманы шамамен б.з.б. XII-X және III мың жылдықтардың арасындағы


уақытты қамтиды.
Бірінші аталған дәуір атауы гректің мезос (орта) және литос (тас) деген
сӛздерінен қалыптасқан. Бҧл дәуір алғаш рет ХІХ ғасыр соңғы ширегінде 
бӛлініп кӛрсетілгенімен, ондаған жылдар бойы аталмыш терминнің
дефинициясы ғалымдар арасында пікір-талас тудырып келді. Мамандар 
арасындағы тҥрлі кӛзқарастардың ҧзақ уақыт орын алуын белгілі ғалым
А.Л.Монгайт былайша тҥсіндіреді: «Материалдық мәдениет даму 
кӛзқарасынан алғанда, мезолит палеолиттің тікелей жалғасы болды, бірақ бҧл
уақытта аталмыш дәуір ӛнім ӛндіруді бастады, мҧның ӛзі ӛз кезегінде 
мезолитті келесі неолиттік дәуірмен жақындастырады. Сондықтан да кейбір
археологтар «мезолит» терминінен қашқақтайды және ерте мезолиттік 
ескерткіштерді эпипалеолит (эпи – грекше «соңынан», «кейінгі» деген
мағынады) дәуіріне, ал кейінгі мезолиттік ескерткіштерді – протонеолитке 
(прото – грекше «тҥпкі», «алғашқы», «бірінші» деген мағынада) жатқызады
немесе ... айтылғандай ... жоғарғы палеолит пен мезолитті миолит дәуіріне 
біріктіреді».
Неолит немесе жаңа тас дәуірінен металдарды кеңінен пайдалануға бет 
алған ӛтпелі дәуір әдетте энеолит немесе мысты-тас дәуірі деп аталады.
Аңшылар мен балықшылар тайпаларында бҧл дәуір археологиялық 
материалдар бойынша әр уақытта бірдей жеткілікті айқын тҥрде
бейнеленбегендіктен, отандық тарихнамада ҧзақ уақыт Қазақстанның 
энеолиті неолитпен бірге қарастырылып келді. Қазіргі таңда оны да жеке
қарастыруға мҥмкіндік туып отыр. Қалай болғанда да уақыты жағынан 
біршама қысқа осы замандардың барлығында да ӛндірістің және адам
ӛмірінің кӛп салаларында маңызды-маңызды ӛзгерістер болды. 
Ең алдымен голоцен дәуірінің орнығуымен тҧспа-тҧс келген ол
замандағы табиғи орта қазіргі бейнеге кӛшті. Ол кейінірек қоғам дамуына, 
белгілі бір ӛңірлерде ӛзіндік шаруашылық типтердің қалыптасуына әсерін
тигізді. Табиғи ӛзгерістер жануарлардың кейбір тҥрлерінің жойылуына 
(мамонт, т.б.) алып келсе, басқаларының ӛсіп-ӛркендеуіне жағдай жасады.
Жануарлар дҥниесінің тҥрлік қҧрамы ӛзгерді: енді аңшылардың аулау 
нысаны кӛбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, қоян мен ҥйрек
болды. Осы тҥз тағыларын ҧстау ҥшін аңшылықтың жаңа қҧралдары ойлап 
шығарылды. Андарды бірлесе қуалап, қамап ҧстау әдісімен қатар жеке-жеке
аулау да зор маңыз алды; балықшылық кәсібі ӛрістеді. 
Айта кететін бір жайт, мезолит заманында ірі-ірі екі оқиға болды: садақ
пен жебе ойлап шығарылды және микролиттер — ҥш бҧрыш, ромб, трапеция, 
сегмент тәрізді шағын тас тілікшелері шықты. Ал неолит дәуірінде
микролиттік индустрия ерекше кеңінен ӛрістеді. Микролиттер негізінде 
жебенің ҧштары мен қыстырма қҧралдар жасауға жҧмсалды: сҥйек немесе
ағаш саптың ҥзына бойындағы қуыстарына ондаған ҧсақ микролиттер 



77


тығылды; нақ осылар қҧралдың ӛткір жҥзі болып шықты. Желім ретінде тау
балауызы, қара май, битум пайдаланылды. 
Мезолит кезіндегі кейбір аңшылар тобы тҥз тағыларының соңынан
ілесіп, жиі қозғалып отырды. Олардың жедел тҥрде қозғалуы, жиі қоныс 
аударуы бҧл кездегі ескерткіштердің кӛп табыла қоймауына алып келіп отыр.
Себебі сол замандардан сақталған мәдени қабаттардың қалың болмауы, 
мезолит уақытына жататын стратиграфияны анықтау мҥмкіндігін ҥнемі
шектейді. Қазіргі таңда Қазақстан жерінен мезолит дәуіріне жататын 50 
шақты ғана ескерткіштердің орны анықталған. Олардың ішіндегі ең
кӛрнектілері: Оңтҥстік Қазақстан Отырар жазирасындағы Маятас, 
Жаңашілік-1-3 тҧрақтары, Ордабасы ауданындағы Бӛген (су қойма маңы),
Қаратау ӛңіріндегі Бҥркітті, Шахантай мен Соркӛл-1-2 кешендері, Орталық 
Қазақстандағы Қарағанды-15, Әкімбек, Талдыӛзек-21, т.б. тҧрақтары, Батыс
Қазақстандағы Қарсы (Қаршы), Шәуші ескерткіштері, Торғай даласы мен 
солтҥстік ӛңірлердегі Тҧз, Дҥзбай-6, Евгеньевка-1, Мичурин, Қарасор-5-6,
т.б. Сонымен қатар Шідерті-3 (Екібастҧз ӛңірі), Шҥлбі (Шығыс Қазақстан), 
Тоқтауыл (Жезді аймағы) секілді бірнеше мәдени қабаттан тҧратын
археологиялық нысандардан да мезолит кезеңіне жататын бҧйымдар 
топтамасы аршып алынған. Олардың барлығы мезолит дәуіріндегі адам
баласының тыныс-тіршілігінен мол ақпарат береді. 
Мезолитте адам баласы табиғаттан дайын ӛнімдерді алып отырды. Бҧл
дәуірідегі ӛнім ӛндірудің кейбір нышандары Таяу Шығыстың кейбір 
аудандарындағы археологиялық ескерткіштерден байқалған. Ал неолитте
адамзат ӛнімді ӛзі ӛндіре бастады. Дегенмен Жер шарының солтҥстік 
аудандарында табиғаттан дайын ӛнім алу ҧзақ уақыт сақталды.
Неолит адамзат тарихында ӛнім ӛндіруге кӛшуді бастайтын ірі тарихи-
мәдени кезең болып табылады.
Б.з.б. V мыңжылдықта басталған неолит тастың пайдалы қасиеттері 
барынша пайдаланылған дәуір болды. Еңбек қҧралдарын ӛндіру барған
сайын мамандандырылды. Қысып тҥзету техникасының жетілдірілуімен 
қатар тас ӛңдеудің тегістеу, бҧрғылау, арамен кесу сияқты жаңа
технологиялық әдістері шықты, бірте-бірте қиын ӛңделетін тастар 
пайдаланылды, тас балталар, кетпендер, дәнҥккіштер, келілер, келісаптар
жасала бастады.
Дәуірдің аса маңызды белгісі мал ӛсіру мен егіншілік, яғни ӛндіруші 

шаруашылық деп аталатын шаруашылық туды; бҧл ӛндіруші шаруашылық


табиғаттың дайын ӛнімдерін иемдену орнына 

жиын-терін мен аң 

аулаудың орнына келді.


Шаруашылықтың жаңа тҥрлерінің шығуының адамзат қоғамының 

дамуы ҥшін орасан зор маңызы болды, адамның еңбек кәсібінің саласын


кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапа жағынан ӛзгертті. Адамның 
экономикалық қызметінің одан кейін талай мың жылдарға созылған бҥкіл
тарихының дені шаруашылықтың осы екі формасының даму, жетілу тарихы 
болып табылады.



78


Неолит дәуірінде алғашқы халықтың қолы жеткен ӛндіргіш кҥштер
дамуының деңгейі басқа да мәдени-тҧрмыстық жаңалықтардың шығуына 
себепші болды. Қазақстанның ежелгі халқында кен кәсібі мен
тоқымашылықтың бастамалары шықты, оған керамикалық ыдыс белгілі 
болды.

Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды; 


онда ҧжымдық еңбек және ӛндіріс қҧрал-жабдықтарына ортақ меншік ҥстем


болды. Сонымен бірге мҧның ӛзі қоғамның ҧйымдасу формаларының 
неғҧрлым жоғары дамыған уақыты болды: тайпалар немесе тайпалық
бірлестіктер қҧрылды. Тайпалар қандас-туысқандық байланысына қарай 
және шаруашылығының біртекті сипатына қарай біріккен бірнеше (саны
азды-кӛпті) рулық қауымдардан қҧрылды.
Қазақстан аумағындағы әуелгі неолиттің ескерткіштері әзірше аз 

зерттелген. Алайда кҥмәнсыз жай сол, қазақстандық неолит бҧрынғы КСРО


аумағында жаңа тас дәуірінде болған тарихи-мәдени ҥрдістердің басты-басты
бағыттарында дамыды. Бҧл ҥрдіс неолиттік мәдениеттердің сан
а
луандығымен, Еуразияның табиғи-климаттық жағынан әр тҥрлі ӛлкелерінде 

ірі-ірі тарихи-мәдениеттік аймақтардың қалыптасуымен сипатталады; ал бҧл


аймақтар біртекті шаруашылық кәсіп арқылы, материалдық және рухани 
мәдениеттің ҧқсас типтері арқылы бірікті.
Халықтың «мәдени қауымдастық» деген ҧғым біріктіретін тарихи 
тҧрғыдан қалыптасқан осындай топтарының біріне неолит дәуіріндегі ежелгі
Қазақстанның тайпалары да енді. Зерттеушілердің пікірі бойынша, бҧл 
қауымның шекаралары ӛте кең болған. Олар Қазақстан мен Орал маңынан
басқа Батыс Сібірдің далалық аудандарын, Алтайды және Орта Азияның 
солтҥстік аудандарын қамтыған. Бҧл қауымға енген тайпалардың кӛпшілігі
аңшылыққа, балық аулауға, жиын-терінге негізделген ҧқсас шаруашылықпен 
шҧғылданды, ал кейінірек оларда мал ӛсірудің, егіншіліктің және кен
кәсібінің бастамалары пайда болды. 
Бҥгінгі
таңда

Қазақстан


аумағанан 
800-ден
аса

неолиттік


ескерткіштердің табылғандығы мәлім, алайда олардың, басым кӛпшілігі 
іріктеліп қана зерттелді. Неолиттік тҧрақтар орналасу сипатына қарай әдетте
бҧлақтық, ӛзендік, кӛлдік, ҥңгірлік тҧрақ деп тӛрт тҥрге бӛлінеді. Әдетте 
ӛзендік тҧрақтарда, сондай-ақ кӛлдік тҧрақтарда едәуір кӛп заттар табылады;
мҧның ӛзі бҧл жерлерде адамның тҥпкілікті немесе ҧзақ уақыт тҧрғанын 
кӛрсетеді. Мҧндай тҧрақтардағы негізгі қҧрал-саймандар — пышақ тәрізді
тас тіліктері және солардан жасалған бҧйымдар. 
Қазақстан аумағында бҧлақтық тҧрақтар неғҧрлым кӛп тараған, ӛйткені
шӛл және шӛлейт аймақтарда ӛзендер аз болады. Бҧлақтардың жанындағы 
тҧрақтар — кӛбінесе кезбе аңшылардың уақытша, маусымда тҧрған жерлері.
Қазақстанның шӛл даласындағы неолиттік ескерткіштердің бір ерекшелігі 
сол, олардынң кӛпшілігі — ашық (жер бетіндегі) тҧрақтар.
Барлық тҧрақтарда жергілікті материалдардан жасалған тас қҧралдар — 
жебелер мен найзалардың ҧштары, балталар, қашаулар, пышақтар,
қырғыштар табылды. Белгілі бір қаруларды жасау ҥшін тастардың тҥрлері 



79


сараланып, іріктеліп алынатын болды. Шикізаттың әр алуандығы оны
ҧқсатудың әр тҥрлі техникалық тәсілдерін дамытып, жетілдіруге себепкер 
болды. Қазақстанның неолиттік ескерткіштері бірнеше аумақтық топ
қҧрайды, бҧл топтардың мәдениет жағынан бір-біріне жақын, туыс 
тайпалардың мекендеген аудандарына сай келуі ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет