Стан археологиясы


Қаратау жотасының ескерткіштері



бет17/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org
annotation78676
Қаратау жотасының ескерткіштері. Оңтҥстік Қазақстанда, әсіресе,
Қаратау жотасының солтҥстік және оңтҥстік бӛктерлерінде, жаңа тас 
дәуірінің кӛп ескерткіштері ашылды. Бҥркітті ӛзенінің жағадағы
аланқайларын зерттегенде мезолит дәуіріне жататын тас индустриясының 
ҥлгілері жиналды. Ӛзеннің оң жағасында малта тас қабатында кӛптеген
мезолиттік шақпақ тас бҧйымдары: жергілікті ҧсақ тҥйіршікті шақпақ тастан 
дайындалан призмалық ӛзектастар, пышақ тәрізді тас тіліктері және олардың
сынықтары табылды. 
Халцедондық 140 бҧйымнан тҧратын ендігі бір топтама Бҥркітті
ӛзенінің жайылма ҥстіндегі Қойтас қойнауының солтҥстік жағындағы екінші 
алаңқайын тазартқанда жиналды. Тас бҧйымдардың ішінде пышақ тәрізді тас
тілігінен жасалған бір қырлы мезолиттік трапеция ерекше кӛзге тҥседі; оның 
бҥйір қырлары мен ҥстіңгі жағы тігінен тҥзетілген.
Мезолит дәуіріне жататын заттардың ҥшінші ірі тобы Ақтау тауының 
етегіндегі Ҥшбҧлақ бҧлағының арнасынан балшық қабатынан табылды. Қара
және ақ майда шақпақтан жасалған бҧйымдар жиынтығының ішінде қалам 
тәрізді, сҥйір тәрізді, ҧзындығы 3-6 см-дей призмалық ӛзектастар, шағын тас
тілікшелері, тескіштер, трапециялар, қырғыштар да кездеседі. 
Қаратау жотасының оңтҥстік бӛктерінде (Шымкент қаласының
солтҥстік-шығыс жағында) Қараҥңгір ӛзенінің оң жағасына орналасқан 
Қараҥңгір неолиттік ҥңгір тҧрағын қазғанда неолит дәуіріне қатысты ең кӛп
және кӛрнекі материал алынды. Мҧнда қалың мәдени қабат сақталған; оның 
жоғарғы бӛлімі ғана соңғы мезолиттен қоса есептегенде неолитке дейінгі
уақытты қамтиды. Жер ошақтар мен от орындарының жанынан хайуандар-
дың кӛптеген сҥйек қалдықтары табылды. Ежелгі қараҥңгірліктердің
аулағаны аю, бҧғы, жабайы бҧқа, қабан, арқар, қоян, борсық болған. Ҥңгірді 
мекендеушілердің аңшылық қорегінде бҧлардан басқа, қырғауыл, кекілік,
тасбақа болды. Сірә, хайуандарды қолға ҥйрету басталса керек; мҧны қолда 
ҧсталған бҧқа мен жер ошақтың қасындағы иттің сҥйектері де дәлелдейді.
Қоныс тҧрғындарының еңбек және аңшылық қҧралдары жҧмырланған 
ҧзынша қырғыштар, призма және қалам тәрізді ӛзектастар, бҥйірлері ойылған
және шеттері мҧқалған тас тіліктері, тескіштер, садақ ҧштары, шот-балталар, 
тас келісаптар, т.т. болды. Жҥздері ӛңделгені бар, ӛңделмегені бар
микролиттік тас тіліктері ӛте кӛп; бҧлар қҧралдардың сҥйектен немесе 
ағаштан жасалған сабына орнықтырылатын қыстырма ретінде қызмет еткен.
Кӛптеген сҥйек заттар — біздер (бігіздер), тескіштер, осы заманғы иненің 
ежелгі тҥрі — кӛзі бар инелер, тегістегіш-жонғыштар табылды,
хайуандардың жауырындарынан жасалған қҧралдар да болды. Бҧлар 
хайуандардың терісін ҧқсату ҥшін қолданылды. Әсемдігі жағынан сирек
кездесетін заттар — сҥйектен істелген, сызықшалары бар ӛлшеуіш, тесілген 



80


қауашақтардан, сызықша ӛрнегі бар азулардан, сҥйек салпыншақтар мен
моншақтардан қҧралған сәндік бҧйымдар, хайуандардың топайларынан 
жонып жасалған мҥсіндер шықты.
Қараҥңгір ҥңгірінің тҧрғындары керамикалық ыдыстарды қолмен 
жапсырып жасау әдісін игерген. Балшық ыдыстардың тҥбі дӛңгелек етіп
жасалды, ал олардың сырты кейде қызыл бояумен боялды. Кӛбінесе 
ыдыстардың жоғарғы жартысы тісті қалыппен тҥсірілген сызықшалар,
ойықтар, мҥсіндер тҥріндегі ӛрнекпен ажарландырылды. Ӛкінішке орай, 
біздің қолымыздағы Қараҥңгір ҥңгірінен алынған материалдар дәстҥрлі тҥрде
кезеңдестіру мен хронология сауалдарын толыққанды шешуге мҥмкіндік 
бермейді, сондықтан да барлық пікірлер жорамалдармен ғана шектеліп отыр.
Қазіргі таңда Қазақстан аумағынан атбасар, маханжар, келтеминар 
секілді бірнеше археологиялық мәдениеттер анықталған. Біз тек Қараҥңгір
ҥңгірінен алынған бҧйымдарға ҧқсас кейбір мәдениеттер мен кешендер 
материалдары жайында қысқаша мәлімет бере кетпекпіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет