Стан археологиясы



бет15/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org
annotation78676
І мәдени қабат. Тереңдікте жатқан қабат 0,7-2,1 м, сірә мәдени қабаттың
басым бӛлігі кейінгі уақыттардағы адамзат жҧмыстарының әсерінен қираса 
керек. Тастар мен тас қаландыларынан тҧрғызылған қола және ерте темір
дәуірлерінің қабірлері кӛптеп кездеседі. Тас бҧйымдар олармен араласып та 
жатқан-ды. Барлығы 75 дана артефакт табылған. Олардың арасында – призма
пішінді пренуклеус, тас жаңақалары, тас тіліктері, ӛзектас секілді опырынды-
тас, шағын тас тілікшелері бар. Тас тілікшелерінің сипаты аса айқын емес.
Еңбек қҧралдарына пышақ, тас жаңқасынан дайындалған шетті (концевой) 
қырғыш ойықты қҧрал, бҥйірлі (боковой) қырғыш, биік тҧрпатты қырғыш
пен шетті қырғыштың сынығы жатқызылған. Мәдени қабат шенінен кҥл 
қалдықтары шыққан.

ІІ мәдени қабат. Ол 3,5-4,2 м тереңдікте. Мәдени қабат екі бӛліктен
тҧрады. Барлығы 493 дана тас бҧйымдары алынған. Одан тас жаңқалары мен 
тілікшелі жаңқаларды алу ҥшін жасалған біршама ӛзектастар шыққан.
Параллель принципі бойынша жаңқаланған екі ӛзектас табылған, олар 
призма пішініне келіңкірейді, сондай-ақ бастапқы тҧрпат (преформы),
бастапқы ӛзектастар (пренуклеусы), тас жаңқалары, тас сынықтары, 
қабыршақтар жинастырылған, ал топтамада тілікшелер аз кездеседі.
Қҧралдар да аса кӛп емес. Олардың қатарына кертікті (шип) қырғыш, тісті 
қырғыш, қырнауыштар, септелген (комбинированные) бҧйымдар, ойықты
бҧйым, сҥйір ҧш жатады. Бҧлардан басқа таспен қаланған бір ошақ орны мен 
екі оттың орны аршылған. Мәдени қабаттың бҧл тереңдігінен кҥл
қалдықтары кӛптеп ҧшырасқан. 


ІІІ мәдени қабат. 4,5-6 м тереңдікте. Бҧл мәдени қабат шартты тҥрде
бӛлінген және де ол кейбір шаршы метрлерді ғана қамтиды. Мәдени қабаттан 
68 дана бҧйымдардың топтамасы алынған. Ӛзектастар жоқ. Топтамадағы
опырынды тас тобына тас жаңқалары, тілікшелі тас таңқалары, тас 
тілікшелері жатқызылған. Еңбек қҧралдары қатарында екі қырғыш,
қырнауыш, ойықты қҧрал, тҥзетілген (ретушированный) тас тіліктері бар. 
Артефактілерді дайындаудағы шикізат кӛзіне жергілікті аса сапалы емес
материалдар пайдаланылған. Олар Майбҧлақ ӛзені жағасындағы қара-қоңыр, 
қара, сҧр және қызыл тҥсті порфириттер, сондай-ақ ӛңделуі оңай жасыл тҥсті
шақпақтас жынысы, сірә, соңғылары тҧраққа басқа ӛңірлерден әкелінген 
сияқты. Олардан басқа бір дана сҧр тҥсті шақпақтастанған (окремненного)
қҧмтас (песчаник) қҧралы аршып алынған. 



75


Сайып келгенде, Майбҧлақ тҧрағының тас қҧралдарын талдау жҧрт-
орыннан табылған индустрияның бірінші және екінші ӛңдеуден ӛткендігін 
айғақтайды.
Тҧрақта қҧралдарды ӛңдейтін арнайы орындар болған. Мҧны малтатас, 
ҧра-тас, тҥрлі кӛлемдегі плиткалар мен тас артефактілердің кейбір
шаршыларда in situ бойынша орналасуы да айғақтап отыр. Мәдени 
қабаттардың қалыңдығы тҧрақты адам баласы ҧзақ уақыт қоныстанғандығын
дәлелдейді. Жоғарыда айтылған фактілердің барлығы аталмыш қоныстың 
ҧзақ уақыт тҧрақ-шеберхана болғандығын кӛрсетеді.
Алынған тас бҧйымдарының топтамасы қазбадан және тҧрақ тӛңірегінен 
жиыстырылғандарымен қосып есептегенде 2 мыңнан асады. Майбҧлақ
тҧрағы одан ары зерттеуді қажет етеді. Ол Оңтҥстік-Шығыс Қазақстаннан 
табылған мәдени қабаттарының стратиграфиясы сақталған алғашқы табылған
тҧрақ болып табылады. 
Кейбір ӛңірлерде палеолит дәуіріне жататын ескерткіштердің зерттелуі
қанағаттанарлықсыз. Мҧндай ӛңірлердің бірі солтҥстік аймақтар. Дегенмен 
бҧл ӛңірлерден табылған кейбір ескерткіштер назар аударуға тҧрарлық.
Мысал ретінде бҧл жерде 1982 жылы ашылған Зеренді ауданындағы 
Жамантҧз ауылынан оңтҥстік-батысқа қарай орналасқан Ақтас тҧрағын
айтуға болады. Аталған тҧрақтан жекелеген тас қҧралдары мен анықтала 
қоймаған жартас суреттерінен басқа тҥз тағыларының сҥйектері кӛптеп
табылған. Сҥйектен жасалған кейбір еңбек қҧралдары едәуір қызығушылық 
туғызады. Палеозоолог мамандардың есептеуінше Ақтас тҧрағынан табылған
сҥйектер кем дегенде мамонттық фаунаға енетін 18 тҥз тағысына тиесілі. 
Қазба кезіндегі сҥйек қалдықтарының орналасуына қарап, зерттеушілер
Ақтас тҧрағын бес мәдени қабаттан тҧрады деп топшылаған.
Қазақстанның кейінгі палеолиттік замандағы ескерткіштері жете
зерттелмеген, ал Батыс және Солтҥстік Қазақстан сияқты кейбір аймақтарда 
олар белгісіз дерлік. Бірақ қолда бар мәліметтер адамның және оның
мәдениетінің прогресі жалғаса берді деген тҥйіндеме жасау ҥшін әбден 
жеткілікті. Қазақстан аумағында адамзат қоғамы дамуының ҥздіксіз
болғанын неолит заманының табылған кӛптеген заттары дәлелдеп береді, ал 
тӛменде біршама толымды тҥрде сипатталынатын бҧл заманды біз тас
ғасырының кемелденген дәуірі деп атай аламыз. 
Қорыта айтқанда, қазіргі Қазақстан Республикасының аумағынан
палеолит дәуіріне жататын 450-дей ескерткіштер (ҥңгірлік тҧрақтардан 
жекелеген тас қҧралдары табылған орындарды қоса есептегенде) табылып
отыр. Олар Қазақстанның оңтҥстік, батыс және орталық ӛңірлерінде кӛбірек 
шоғырланған. Ежелгі адамдардың бҧл аймақтарды «біршама» тығыз
қоныстануына табиғи жағдайлар, қоршаған орта мен жергілікті шикізат 
кӛздері де ӛз әсерін тигізсе керек.



76




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет