Стан археологиясы



бет129/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Қалалардың қалыптасуы. Қала мәдеиеті дамыған Оңтҥстік Қазақстан
мен Оңтҥстік-Батыс Жетісу сынды екі ӛңірді атауға болады. Жазба дерке 



349


кӛздеріне қарағанда Оңтҥстік Қазақстанда VІ-ІХ ғасырларда алты қала
болған – олар «Ақ ӛзендегі қала» Испиджап, Шарап, Будухкент, Усбаникент, 
Отырар мен Шауғар. Бірақ-та археологиялық мәліметтер бойынша олардың
саны 30 шақты. 
Дерек кӛздерінде Оңтҥстік-Батыс Жетісудағы 21 қала аталады, олардың
арасындағы ең ірілері Тараз, Жамуқат, Атлах, Қҧлан, Мерке, Аспара, Суяб, 
Навакет еді. Қалаларға археологтар мәдени қабаты VІ-ІХ ғасырларды
қамтитын және қаланың белгілері бар (топографиялық ерекшелік, кӛлемі, 
археологиялық олжалар, географиялық орналасу жағдайы) ескерткіштерді
жатқызады. Қалаларға тән нақты геометриялық жоспар әуелден-ақ
қҧрылыстың орталықтана бастауын кӛрсетеді. Қазба кезінде мәнет, шеттен
әкелінген заттардың, қолӛнер ӛнімдерінің кездесуі де қалаларға тән нәрсе. 
Әдетте, қалалар сауда және стратегиялық жағынан қолайлы жерлерде
немесе шағын аудандар мен облыстар орталығында орналасты. Сонымен 
қатар, аталған белгілеріне қарай қалалар классификациясын жҥргізуге және
оларды астаналық ірі қала деп, орташа, шағын деп бӛлуге болады. Айталық, 
Оңтҥстік Қазақстанда астаналық қалалар – Испиджаб, (Сайрам қала-жҧрты),
Отырар (Отырартӛбе қала жҧрты), ал Оңтҥстік-Батыс Жетісуда – Тараз, 
Навакент (Қызыл ӛзен), Суяб (Ақбешім қала жҧрты).
Қала мәдениеті орталықтарының бірі болған Оңтҥстік Қазақстанда
отырықшылық пен егіншілік дәстҥрі сақ және қауыншы, отырар-қаратау
мен жетіасар археологиялық мәдениеттерін қалдырған қаңлылар дәуірінен 
бастау алады. Оларға егін және мал шаруашылықтары, ақша айналымының
шектеулігі тән еді. Бҧл мәдениеттердің ерте қоныстары Отырартӛбе, Оқсыз, 
Бҧзық, Марданкҥйік, Қҧйрықтӛбе және т.б. Оңтҥстік Қазақстан
ортағасырлық қала ескерткіштеріне негіз болды. Бҧл мәдениеттердің ҥй 
қҧрылысы, қыш ыдыстарын жасау, тҧрғындардың рухани дҥниетанымдық
дәстҥрі ерте феодализм кезеңінде де сақталды.
Әрине, қала мәдениетіндегі дәстҥрмен қатар жаңа инновациялық
элементтерде байқалады, нәтижесінде Оңтҥстік Қазақстанда қала мен 
қалалық мәдениет қалыптасады.
Оңтҥстік-Батыс Жетісуда қалалардың қалыптасуы біршама басқа жолда 
дамыды. Мҧнда Оңтҥстік Қазақстандағыдай отырықшылық пен егіншілік
дәстҥрлер дами қойған жоқ. Бҧл шаруашылығындағы мал ӛсіру басым 
болған сырдариялық мәдениеттің ең шеткі аймақтары еді.
Қалалар мен қалалық мәдениеттің дамуында Жібек жолы арқылы
жасалынған сауда маңызды рӛл атқарды. Қалалар сауда жолдарының
бойларында орналасқан. Бірақ, сауда қала дамуындағы маңызды фактор 
болғанымен, қалалардың әкімшілік билік, қолӛнер мен рухани мәдениет
орталығы секілді функция атқарғанын жоққа шығара алмаймыз. 
Қазақстанның ерте феодалдық қалаларын Орта Азия қалаларымен
салыстырғанда, алғашқыларының ауыл шаруашлығымен ӛте жоғары
дәрежеде байланысты болғандығын аңғарасыз, бҧл кӛшпелі рыноктың
бидай мен егіншілік ӛнімдеріне деген сҧранысынан тундаған еді. 



350




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет