Стан археологиясы


І-тарау  ҚАЗАҚСТАН АРХЕОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУ ТАРИХЫНАН



бет2/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

І-тарау 


ҚАЗАҚСТАН АРХЕОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУ ТАРИХЫНАН
Қазақстанның археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтер 

ортағасырларлық қытай, араб, парсы тарихшылары, географтары мен


саяхатшыларының еңбектерінде кездеседі. Олар ӛз еңбектерінде ӛздері 
тікелей кӛзімен кӛрген немесе ӛздеріне айтылған әңгіме бойынша мәлім
болған қалалар мен қоныстардың жҧрттарын, ғажайып туындыларды, 
бейнелерді айтып ӛтеді.
Жаңа заманда Қазақстанның ӛткендегісін ғылыми зерттеуде І Петрдің 
кӛне мҧраларға ҧқыпты қарауға, оларды суреттеу мен жинауға әмір берген
жарлықтары, сондай-ақ оның бастамасы бойынша Сібірді және Ресейге 
іргелес жатқан Қазақстан жерін зерттеу мақсатымен қолданылған шаралар
маңызды рӛл атқарды. Осы әрекеттер нәтижесінде 1701 жылы Тобыл 
боярының ҧлы С.Ремезов жазған «Чертежная книга Сибири» («Сібірдің
сызба кітабы») жарық кӛрді. Онда географиялық деректермен қатар, қазақ 
сахарасының археологиялық ескерткіштері туралы мәліметтер
де

жинақталған.


Сібірге бірінші академиялық экспедиция кӛрнекті ғалым Г.Ф.Миллердің 
басқаруымен
1733

жылы
ҧйымдастырылды. 


Бҧл
экспедиция 

материалдарында Сібір мен Қазақстан археологиясына қатысты қызықты


мәліметтер келтіріледі. Экспедиция қҧрамында ӛз заманының белгілі 
ғалымдары – профессор Г.Ф.Миллер, И.Гмелин, Л.Делаклоер, геодезистер
А.Красильников, А.Иванов, Н.Чекин, М.Ушаков болған еді. Кейінірек оларға 
Сібірдің атақты тарихшысы И.Фишер қосылды. Экспедиция маршруты
Тверь, Қазан, Екатеринбург қалалары арқылы жҥрді. Тобылдан саяхатшылар 
Тара, Железинск, Ямышев, Семей бекіністері арқылы Ӛскеменге, одан
Барнаул, Кузнецк арқылы Сібірге барды. 1740 жылы И.Гмелин Солтҥстік 
Қазақстан болып, одан ары Жайықтың (Оралдың) жоғарғы ағысына дейін
жетті. И.Гмелин еңбектеріне қарағанда, ол Қазақстан археологиясына 
қатысты қомақты материалдар жинақтаған, бірқатар ескерткіштердің
сипаттамасын жасап, суреттерін салған.
Г.Ф.Миллер Ертіс бойында кең кӛлемді археологиялық барлау жҥргізді,
Ямышев бекінісінің аудандарында мен Ӛскемен маңындағы Ҥлбіде қазба 
жҧмыстарын ҧйымдастырды, оның қызметкерлері Ертіс алабындағы
Қалбасын мҧнарасы, Семь палат (Семей), Абылайкит замоктары секілді кӛне 
қҧрылыстарды есептеп шығып, суретін қағазға тҥсірді.
1768-1774 жылдары Еділ бойы, Орал, Сібір мен Қазақстан халықтарының 
тарихын,
географиясы 
мен
этнографиясын 

зерттеу
мақсатымен 


ҧйымдастырылған
екінші

академиялық


экспедиция 
Қазақстанда
археологиялық зерттеу ісін жалғастырды. Экспедиция жҧмыстарына ӛз 
заманының аса кӛрнекті ғалымдары П.С.Паллас, И.П.Фальк, И.Г.Георги,
П.И.Рычков, Х.Барданес қатысты.





16


П.С.Паллас ӛз кезегінде И.Гмелин мен Г.Миллер жазған ескерткіштер
туралы толымды сипаттама беріп, тарихи-мәдени талдау жасады. И.П.Фальк 
Солтҥстік және Орталық Қазақстанда саяхаттады. Оның мҧрағатында
Қазақстанның тарихи топографиясы, археологиясы мен ескерткіштер тарихы 
туралы қомақты материалдар сақталуда.
И.П.Фальк экспедициясының белсенді мҥшелерінің бірі Х.Барданес 
болды. Бҧл Петропавлдан Аягӛзге дейінгі Орталық Қазақстанды басып ӛткен
алғашқы ғалым еді. Ол қазақ сахарасында қирағанына ҧзақ уақыт бола 
қоймаған қалалардың кӛп екендігін айтады. «Аягӛз ӛзені маңында қырғыздар
(қазақтар) Ксу-Кӛрпеш (Қозы-Кӛрпеш) деп атайтын тастан тҧрғызылған 
ҥлкен ғимарат қалдықтары кӛрініп тҧр» - деп жазады.
Қазақстан географиясын, тарихи топографиясын мен археологиясын 
зерттеуге П.И.Рычков та мол ҥлес қосты. Оның бірқатар еңбектерінде,
әсіресе «Топография Оренбургская» атты шығармасында археология 
сауалдары қамтылды. Ол алғашқылардың бірі болып «Татагай, Жубан-Ана,
Белян-Ана» атауларымен белгілі «кӛне қалалар мен қҧрылыстардың»
сипаттамасын жасады, және де баянауылдық ҥңгірлерге ғылыми бағасын
берді. П.И.рычковты ежелгі кен ӛндіретін, соның ішінде мыс, қорғасын және 
қалайы кентастарын қорытатын орындар қызықтырған еді.
1771 жылы Н.П. Рычковтың Торғай мен Есіл далаларына жасаған 
сапарында жазған кҥнделігінде қызықты материалдар ҧшырасады.
Н.П.Рычков Ҧлытау мен Атбасар аудандарындағы ескерткіштерді сипаттап 
берді, Есіл ӛзені бойындағы орасан зор ҥйінділер туралы айтып ӛтеді.
Ол Қараторғай ӛзені аңғарындағы алып обалардың кескініне таң-тамаша 
болып: «ежелгі халықтардың бейіті жай топырақпен ҥйіліп, 15 саженьнен
асатындай биіктікке кӛтерілген, қоршауы 135-тей саженьге жетеді» деп 
жазған. Бҧл қҧрылыстардың Н.П.Рычков қалай тҧрғызылғандығына тҥсінбей
әрі таңданыс білдіріп: «Мҧндай алып қҧрылысты салу ҥшін қаншама адамдар 
қажет» деп жазды. Ол бҧл обалардың мерзімін дәл анықтай алды, «обалар
скиф патшасы немесе батырының қҧрметіне тҧрғызылған» деп есептеді. 
Торғай ӛзенінің жоғарғы ағысы мен Арғанаты тауларынан Н.П.Рычков
ескерткіштердің басқа тҥрлерін, соның ішінде кӛне қала мен ежелгі қҧрылыс 
қирандыларын да ашқан болатын. Оның жазбаларына қарағанда, қала ор мен
жалмен қоршалған бекініс болып табылады: ол «тӛрт бҧрышты замок 
іспеттес... Шығыс жағынан әлі кҥнге дейін ағаш қақпалардың орны кӛрініп
тҧр», қақпа бекініс ішіне қарай жолды бастайды. Бҧрынғы тереңдігін 
жоғалтқан әрі қазіргі кҥні жайылып кеткен жал мен ор бҧл орынның
кӛнелігінен хабардар етеді. Қала ҥстінде черепицалар мен тастардың 
қалдықтарды кӛптеп жатыр».
ХVІІІ ғасыр соңына қарай саяхатшылар Орталық Қазақстанды жиірек 
аралай бастады. Капитан И.Г.Андреев, тау-кен ісінің шенеуніктері
М.Поспелов пен Т.С.Бурнашев (1800), Ф.Назаров (1813), Н.И.Потанин 
(1829), т.б. жҥру бағыттары (маршруттары) мәлім. Олар ӛз жазбаларында
белгілі бір дәрежеде қазақстан археологиясының сауалдарын да қамтып 
отырды. Каптиан И.Г.Андреевтің еңбектерінде Қазақстанның этнографиясы,




17


географиясы, тарихы жайлы мағлҧматтардан басқа, Семей, Шыңғыс және
Қарқаралы аудандары, тіпті Жетісу жеріндегі археология және тарихи 
топография туралы қомақты материалдар кездеседі.
1800 жылы Ямышев бекінісінен Қарқаралы, Сарысу далалары, Шу 
ӛзенінің тӛменгі ағысы арқылы Ташкентке тау-кен ісінің шенеуніктері
М.Поспелов пен Н.Бурнаше ӛтті. Олар: «Қайсақ (қазақ) даласының кӛптеген 
жерлерінде, әсіресе Нҧра ӛзені маңында ежелгі халықтардың обалары бар...
Қайсақтардың (қазақтардың) мәлімдеуінше, олардың кейбірінде металдан 
жасалған заттар ҧшырасады» - деп жазады. Бҧлар сипаттаған
ескерткіштердің тағы бір тҥрі «жерге кіріп тҧрған, ер адам мен әйел 
адамдардың бет-пішіні дӛрекі тҥрде салынған ҥлкен гранитті тастар
(мҥсіндер)» болып табылады. 
Торғай даласы мен Аралдың солтҥстік маңындағы кейбір археологиялық
мәліметтер 
Бҧхара
хандығына 
барған
(1803-1804) 
Гавердовский
мәліметтерінде айтылады. 
Сібір корпусы бӛлімінің тілмәші, кезінде қоқандық елшілерді алып
жҥрген Ф.Назаров та Орталық Қазақстанның археологиялық кешендері 
жайлы мәлімдейді. Ол Қаратау жотасындағы ескерткіштерге сипаттама
жасады, Шымкент қаласын сипаттап берді. 
Қарқаралы мен Шығыс Бетпақдала арқылы Семейден Созаққа дейін
келген Н.И.Потаниннің де кӛрген-білгендері ҥлкен қызығушылық танытады. 
Ол Кӛкшетау, Темірші және Қызыл-Арай тауларынан тас мҥсіндерді, чуд
молаларын, немесе қола дәуірі ескерткіштерін, сонымен қатар Беғазы 
типіндегі алып тас қоршауларды кӛрген болатын.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында жаңа әкімшілік округтардың 
қҧрылуына байланысты Ресейдің шеткі аймақтарындағы, жекелей алғанда
Орталық Қазақстан жеріндегі кӛненің кӛзіне деген қызығушылық арта тҥсті. 
Мҧндай сауалдармен, негізінен, С.Б.Броневский, Л.Н.Герн, В.Старков,
М.Красовский, т.б. офицерлер мен шенеуніктер айналысты. Қазақстан мен 
Алтайдың археологиялық тҧрғыдан зерттелуі бҧл аудандардың геологиялық
ізденістерімен тығыз байланысты болды. Б.Ф.Герман, И.П.Шангин, Г.Розе, 
В.Ледебур, А.Гумбольдт секілді тау-кен инженерлері мен геологтар
еңбектерінен Орталық Қазақстанның археологиясы бойынша мол материал 
табуға болады. Геолотарды ежелгі кен орындары, мыс пен қалайы ӛңдеген
жерлердің ҥйінділері, тас қашаған орындар, ҥңгірлер, жартас суреттері, кӛне 
суландыру жҥйелері қызықтырған еді.
Орталық Қазақстанның ескерткіштерін сипаттап берген, мҧнда тҥрлі 
дәуірге жататын археологиялық ескерткіштерді кездестірген тау-кен ісінің
инженері И.П.Шангин жазбалары да қызығушылық тудырады. 
Қола дәуірінің кӛптеген ескерткіштерін И.П.Шангин қазіргі Кӛкшетау
ӛңіріндегі Байқошқар тауларынан тапқан. Имантау тауларынан кен 
орындарын ҧшырастырған.
И.П.Шангин Есіл ӛзені алабында орналасқан бекіністік қҧрылыстарды 
мен қоныстарды да сипаттайды. Есілге қҧятын Аққайрақ ӛзенінен ол алты
ежелгі бекіністі кездестірген. 



18


Ол
ӛзінің айтуы бойынша, Нҧра ӛзенінен «бірқатар ежелгі 
архитектуралық қҧрылыстарды, соның ішінде Ботақай (Ботағай) сынды кӛне
қала ҥйіндісін» ҧшырастырған.
Шығыс кӛне жәдігерлерін жинақтаушылардың бірі Г.И.Спасский болды.
Ол Сібір мен Қазақстан археологиясы жайлы кӛптеген қызықты мақалалар 
жариялады, еңбектерінде дала тайпаларының мәдениеті, ескерткіштер
типтері жайлы ойлар айтылып, олардың сыныптамасы жасалынды. 
Г.И.Спасскийдің кӛпжылдық ізденістері «О достопримечательнейших
памятниках сибирских древностей» атты еңбегінде қорытындыланды, онда 
ол дала тайпалары мәдениеттерінің шығу тегі туралы ӛз кӛзқарасын
баяндады және тас мҥсіндер мен тасқа қашап тҥсірілген жазулар секілді 
ескерткіштер типтеріне анықтама жасады. Оның әлемге мәшһҥр еңбегінің бір
тарауы Қазақстан мен Сібір аумағынан табылған ежелгі жазбаларды 
сараптауға арналды. Онда археологиялық ескерткіштерді, жазуларды, жартас
суреттерін, тас мҥсіндер мен ӛзге де кӛне мҧраларды қорғауға байланысты да 
сауалдар кӛтерілді.
Г.И.Спасский кӛптеген орхон және ҧйғыр жазуларын ашқан, олардың 
тоғызын Ертістегі ҥңгірден, Бҧқтармадан 12 км жерден және Зырьян кен
орны маңынан тапқан. Кейбір руникалық жазулар туралы оған 
корреспонденттер айтқан болатын. Жазулардың бір бӛлігін ол оқыту ҥшін
шығыстанушы Абель Ремюзаға жіберген. Ертістен табылған орхон жазуы 
туралы Абель Ремюза пішімі бойынша солтҥстік рунаға жақын және олар
қытайлық деректемелерде «усунь атауымен белгілі болған және Христос 
туылғанға дейін 100 жыл бҧрын Ертіс пен Зайсан кӛлінен батысқа қарай
қоныстанған» халыққа тиесілі екендігі сӛзсіз деп айтқан болатын.
Белгілі шығыстанушы-археолог П.С.Савельев еңбектірінен де бірқатар
қызықты жайттарды кездестіруге болады. Оның айтуынша, «Маңғыстау 
ілкіде Хорезм мен Итиль арасында маңызды пункт болған. Маңғыстауда
тастан тҧрғызылған бекіністер, ғимараттар мен жерлеу ескерткіштерінің 
қалдықтары сақталған». П.С.Савельев ХІІ-ХІІІ ғасырларға жататын жазулар
мен рулық таңбалар мәнін ашумен де айналысты. 
1840-1843 жылдары географиялық, ботаникалық және топографиялық
зерттеулер жҥргізген академик А.И.Шренк экспедициясы Орталық Қазақстан 
тарихи ескерткіштері жайлы қҧнды материалдар жинастырды.
Қазақстан археологиясы жӛнінде кӛптеген мағлҧматтар С.Б.Броневский 
жазбаларында да бар. Ол Қарқаралы мен Аягӛз округтеріндегі тарихи
ескерткіштерге кӛп кӛңіл бӛлді. 
С.Б.Броневский белгілі Қызылкен замогын қарап шығып, оның толымды
сипаттамасын жасады. Бҧл әктас ерітіндісі арқылы дала тастарынан 
тҧрғызылған екі қабатты ғимарат еді, оның жоспары айқыш (крест) тәрізді
тҧрпатта болып келді. Ғимараттың қабырғалары сыланған, жоғарғы қабаты 
тӛрт ағаш ҧстын (колонна) арқылы бекіген, айналып ӛтетін галерея мен
маңдайша қабырғасы (фронтон) болған еді. С.Б.Броневский ғимараттың ағаш 
бӛлігі, сонымен қатар ҧстындары қызыл бояумен сырланғандығын анықтады.




19


Сӛйтіп, ХІХ ғасырдың орта шеніне қарай, негізінен, Орталық, Солтҥстік
және Шығыс Қазақстан бойынша едәуір материал жинақталды. 
Бҧл кезең ҥшін мақсатты зерттеулер нәтижесінде емес, кӛбіне кездейсоқ,
жол-жӛнекей алынған мәліметтердің бастапқы жинақталу (қорлану) 
фактісін атап кетуге болады. Қазба жҧмыстары жайлы да байсалды сӛз
айтуға болмайды. Кейбір зерттеушілер обаларды қазып кӛрді, әйтсе де қазба 
жҧмыстарының әдістемесін меңгермегендіктен, алдарына нақты мақсат-
міндеттер қоймай, тек заттарды жинаумен ғана шектелді. Дегенмен, 
ескерткіштерді тіркеу, олардың картасын жасау, белгілеу фактілерінің
атқарылғандығы белгілі, олар істеген жҧмыстың қҧндылығы да міне осында. 
Бҧл салада сол кезде атқарылған жҧмыстардың кӛпшілігі әлі маңызын
жоғалтқан жоқ. Қазақстан археологиясындағы осы уақытты бастапқы кезең 
ретінде сипаттауға болады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласындағы кӛненің кӛздеріне 
Археологиялық комиссияның, Тарих музейінің, Мәскеу археологиялық
қоғамы мен орталықтағы басқа да ғылыми мекемелердің назары ауа бастады. 
Қҧрамына Сырдария (Тҥркістан) және Жетісу облыстары кірген Тҥркістан
генерал-губернаторлығының қҧрылуына байланысты жаңа ӛлкеге, соның 
ішінде оның ӛткеніне ден қою кҥшейе тҥсті.
Ш.Ш.Уәлиханов Қазақстанның археологиясын зерттеуге мол ҥлес қосты. 
Ол Шеңгелдінің қираған ҥйіндісін, Шілік ӛзені бойындағы қаланы сипаттап,
Талғар қаласына тоқталып ӛтті. Ш.Ш.Уәлихановтың Жетісу археологиялық 
ескерткіштеріне зор қызығушылық танытып, осы тақырыпта арнайы еңбек
жазуға талаптанды. Қазақстанның тарихи ескерткіштеріне қатысты оның 
кӛзқарастары «Географический очерк Заилийского края», «Дневник поездки
на Иссык-куль» мен «Очерки Джунгарии» сынды еңбектерінде кӛрініс тапты. 
Бҧл жҧмыстарында автор ескерткіштердің ең басты типтерін анықтауға
ҧмтылды. Оның ойынша, Орталық Қазақстанда қазір иесіз қалған кӛне кен 
орындары (жезді-Кеңгір маңында), егістіктер (Тҥндігҥр шатқалы), плиталары
қҧрастырылған және тігінен қойылған қоршаулар, тас мҥсіндер, ҥлкен 
обалар, ерте орта ғасырларға жататын архитектуралық қҧрылыстыр секілді
ескерткіштердің кешені ҧшырасады. 
Жетісу ескерткіштерінен Ш.Ш.Уәлиханов кӛне қалалық қоныстарға
ерекше тоқталып, олардың тарихи-мәдени маңызына мән берді, табылған 
қыштан жасалған су қҧбырлары, монеталар (мәнеттер) туралы жазды.
1862 жылдан бастап Қазақстанда В.В.Радлов археологиялық жҧмыстар 
жҥргізе бастады, алғашқы ғылыми негіздегі қазбалар оның есімімен тығыз
байланысты. В.В.Радлов Солтҥстік-Шығыс Қазақстан мен Сібірдегі ертедегі 
ескерткіштерді топтау және кезеңге бӛлуді ҧсынды. Бҧл аудандар
мәдениетінің тарихын ол мыс және қола ғасыры, кӛне темір ғасыры, жаңа 
темір ғасыры мен ертедегі орта ғасырлар кезеңдеріне бӛлді. Алтайдағы тоң
басқан ескерткіштерді, соның ішінде Берел қорымындағы обаларды ашып, 
қазба жҧмыстарын жҥргізу де В.В.Радлов еншісіне тиесілі, оның тоң
астындағы ескерткіштерден алған жарқын материалдары жариялауы 
Алтайдағы «мҧз қҧрсаулы обаларды» зерттеуге тың серпін берді.




20


Ғалымның еңбектері Қазақстан археологиясының дамуындағы ілгері басқан
ҥлкен қадам болды. 
1867 жылы Археологиялық комиссияның тапсыруымен орыстың белгілі
шығыстанушысы П.И.Лерх Тҥркістан ӛлкесін зерттеді. Ол Сырдария 
бойындағы Сауран, Сығанақ қалаларының қирандыларын қарап шықты,
Талас алқабының бірқатар қалаларының орындарында болды, Жанкент 
қалашығында қазба жҥргізді. Ӛзі кездестірген ескерткіштерді тіркеумен,
мҧқият сипаттаумен қатар, ол жазбаша хабарларды іріктеп, олар туралы 
ҥзінділерді талдады және тҥсініктеме беріп кетті. Жазбаша дерек кӛздерін
ӛзі тапқан археологиялық олжалармен салыстырып, қираған орындарды 
нақты тарихи қалалармен баламалады.
Археологияның дамуындағы ҥлкен бетбҧрыс оқиға 1893-1894 жылдары 
В.В.Бартольдтың іс-сапармен осы аймаққа келуімен байланысты болды. Ол
Шу мен Талас алқабының, Ыстықкӛл қазаншҧңқыры мен Іле ӛзені 
алқабының ескерткіштерін кӛріп шығады. Оның «Отчет о поездке в
Среднюю Азию с научной целью» («Ғылыми мақсатпен Орта Азияға сапар 
туралы есеп») еңбегі осы кезге дейін тарихи ақпараттың ғаламат ҥлгісі болып
қалып отыр. Кӛптеген жазбаша дереккӛздеріне сҥйеніп В.В.Бартольд 
зерттеген ауданының тарихи-топографиясын суреттеді, археологиялық
жағынан болашақтағы мәні зор ескерткіштерді анықтады және оларды 
ортағасырлық белгілі қалалармен сәйкестендірді. Ол Верный қаласының
ауданындағы қалалық мәдениеттің ілкідегі қайнар-бастауларын атап ӛтеді. 
В.В.Бартольдтың осыдан кейінгі еңбектері Орта Азия мен Қазақстан
халықтарының ӛткен тарихының бет-пердесін ашып берді. Оның іргелі 
ізденістері кӛптеген қалалардың тарихи топографиясын, олардың
локализациясын, ежелгі және орта ғасырлардағы тарихи оқиғалардағы рӛлін, 
тҥрік-соғды байланыстары тҧсындағы қалалардың қалыптасуы мен дамуы
тарихын зерттеуге негіз қалады. 1895 жылы Ташкентте қҧрылып, жергілікті 
зиялылардың ӛлкенің ӛткеніне, оның тарихына, сәулет және ӛнер
ескерткіштеріне ден қоятын ӛкілдерін, әскери адамдарды, шенеуніктерді, 
ӛткенге
қызығушылық 
танытатындарды
біріктірген 
Археология
әуесқойларының Тҥркістан ҥйірмесінің ҧйымдастырылуы да В.В.Бартольд 
есімімен байланысты.
Қоныстар мен қалалардың қирандылары, қорымдар, жартас суреттері, 
жазулар, мазарлар, эпиграфиялық және нумизматикалық материалдар, тас
мҥсіндер секілді нақты археологиялық ескерткіштер, ежелгі суландыру 
сауалдары ҥйірме отырыстарында кӛтеріліп тҧрды. Ҥйірме мҥшелері
ескерткіштерге қазба жҧмыстарын жҥргізді. Ҥйірме қызметінің нәтижелері 
Археология әуесқойларының Тҥркістан ҥйірмесі Протоколдары (ПТКЛА)
сынды арнайы басылымдарда жарияланды.
Қазақстан аумағында 1904 жылы Тҥркістан ҥйірмесінің мҥшелері
К.А.Кларе мен А.А.Черкасов Отырар қалашығында қазба жҧмыстарын 
жҥргізді. Олар тереңдігі 2 м-ге дейін жететін траншея тҥсіріп, қазбадан
керамика топтамасын, ХVІ-ХVІІІ ғасырларға жататын монеталарды аршып 
алады. Қазақстанның кӛне мҧрасын зерттеумен айналысқан ҥйірменің




21


белсенді мҥшелері арасынан В.АКаллаур, Н.Н.Пантусов, Н.П.Остроумов,
Ә.Диваев, И.В.Аничков, А.А.Семеновты ерекше атап кетуге болады. 
Николай Николаевич Пантусов Петербург университетіндегі шығыс
тілдер факультетін тәмәмдап, шығыстанушы мамандығын алған еді. Ол араб 
географиялық әдебиеті туралы «С обозначением, как далеко простирались
сведения арабских географов в глубь Средней Азии и какого достоинства эти 
сведения» атты шығармасы ҥшін алтын медальмен марапатталған болатын.
Н.Н.Пантусов «студенттік кезден бастап-ақ ҥлкен ҥміт кҥттіргендер» 
қатарына енген. Бірақ, университетте профессорлық атақ алу ҥшін
дайындыққа қал деген ҧсынысқа қарамай, Тҥркістан ӛлкесіне қызметке 
шақыруды қҧп алады.
1872 
жылдың қыркҥйегінде Н.Н.Пантусов Тҥркістан генерал-
губернаторлығына жіберіліп, Жетісу облысындағы әскери генерал-
губернаторында
ерекше

тапсырмалар


бойынша

шенеунік


болып

тағайындалды. Бҧл қызметте ол 1908 жылға дейін болды.


Ӛз қызметін мҥлтіксіз атқарған Н.Н.Пантусов тарих пен археологияны, 
нумизматиканы, этнографияны, лингвистиканы да зерттеумен айналысты.
Н.Н.Пантусов Императорлық археология комиссиясының ӛкілі және 
Тҥркістан археология әуесқойлары ҥйірмесінің белсенді мҥшесі болды.
Археология тарихында Н.Н.Пантусов есімі ең алдымен христиандық 
несториандық тастан жасалған қҧлпытастар мен оларға жазылған жазуларды
Жетісудан тауып, зерттеуімен кеңінен танымал.
Жетісу облысындағы әскери губернатор шенеунігі болғандықтан,
Н.Н.Пантусов кӛптеген жерлерді аралады. 
Мәселен, Алтын-Емел болыстығына барған сапарында зерттеуші «оба,
жартас жазулары мен суреттері» секілді «кӛненің кӛзі болып табылатын 
ескерткіштердің мол» екендігін айтып ӛтеді, Алтын-Емел тауларынан Асан
тауларына дейін созылып жатқан ор (ойық) туралы аңыз-әпсананы жазып 
алды, Алтын-Емел тауы мен болыстығының атауының шығу тӛркінін
саралады.
Ол Теректі шатқалы мен Кӛксу ӛзенінің жағалауларын мҧқият зерттеп
шығып, архар, жылқы, ит ерткен аңшылар, т.б. бейнелері бар кӛптеген 
жартас суреттерін тауып, сипаттап шықты және бедерін тҥсірді. Жол
сапарларының бірінде Н.Н.Пантусов Таш-Рабат қирандыларын кӛреді де, 
оның толымды сипаттамасын және топографиялық жоспарын тҥсіріп, оны
«қҧрылысшы бастапқыда ҥлкен етіп тҧрғызуды ойлаған, бірақ қҧрылысы 
бітпей қалған» деп жазады.
1889 жылы Археологиялық комиссияның тапсырмасымен Н.Н.Пантусов 
ҥш оба қазады: олардың екеуі Кӛктем (Весновка) ӛзенінің оң жағалауынан,
біреуі Қарасу мен Ҥлкен Алматы ӛзендерінің аралығынан қазылған еді. Ол 
1890 жылы әскери инженер П.С.Нечогиннен алынған мәліметтерді тексеріп
кӛру ҥшін Қызылағаш шатқалынан (Қапал қаласынан солтҥстік-батысқа 
қарай) бірнеше оба қазады және Байқҧлақ тауларының қҧздарындағы және
Қаріпше шатқалындағы жартас суреттерін қарап шығады. 



22


Н.Н.Пантусовтың ерен еңбектерінің бірі ретінде археологиялық
ескерткіштерді қорғауға кҥш салуын айтуға болады. 
Ірі шенеунік В.А.Каллаур да кӛненің кӛздерін қажымай зерттегендердің
бірі болды. Тҥркістан археология әуесқойларының ҥйірмесі жҧмыс жасаған 
алғашқы жылдан бастап-ақ В.А.Каллаур оның тҧрақты мҥшесі болып, жыл
сайын Талас алқабы мен Сырдария аудандарындағы жаңа да қызықты 
кӛптеген мағлҧматтарды жариялап тҧрды.
В.А.Каллаур тарихи топография мен топонимика бойынша материалдар 
жинастырды, ескерткіштердің орналасуы мен атауларын ежелгі авторлардың
еңбектерінде ҧшырасатын орындар мен атаулармен байланыстырды. Бҧл 
мағлҧматтарды ол «Древние местности Аулие-Атинского уезда на древнем
караванном пути на запад от Аулие-ата к границе Чимкентского уезда» атты 
мақалаларында жариялады.
Оған карта жасалып, онда сол кездегі орындар мен тҧрғылықты 
мекендердің атауларымен қоса, жорамалмен ежелгі атаулары да берілді. Бҧл
жҧмыс ҥшін ол Н.Ф.Петровский басып шығарған ежелгі араб сапарнамасын 
пайдаланды.
1900-1901 жылдары В.А.Каллаур Перовский уезіндегі Сауран және 
Приречный болыстықежелгі қалаларды, бекіністер мен обаларды картаға
тҥсірді және де онда В.В.Бартольдтың пікірінше, алғаш рет Ашнас пен 
Сығанақ қалаларының орнын дәл анықталған еді.
В.А.Каллаур архитектуралық ескерткіштерге кӛп кӛңіл бӛлді. Ол 
И.В.Аничковпен бірге Бесағаш ауылындағы ҧстындарды (колонналардың)
сипаттап жазды. Әулие-ата Қарахан, Ақ-Кесене, Кӛк-Кесене, Сырлы-там, 
Манас мазарларының да сипаттамасын жасады. В.А.Каллаур зерттеушілердің
назарын Айша-бибі мазарына аударып, халық арасындағы аңыз-
әңгімелермен бҧл ескерткіш жайлы мағлҧматтарды толықтыра тҥсті.
1896 жылы қарашада ол ғылым ҥшін маңызды жаңалық ашты: Талас 
ӛзенінің жоғарғы ағысынан орхон жазулары бар тастар тапты.
Кӛне қалалар мен қоныстардың орнын қарап шығумен қатар В.А.Каллаур 
ежелгі суландыру қҧрылыстарын, соның ішінде Талас ӛзенінің тӛменгі
ағысынан Қалмақ арықты, Сырдарияның сол жағлауындағы «Қҧтлыкент, 
Майрам, Аққорған» қирандылары маңындағы суландыру жҥйелерін, Кӛктал
ӛзеніндегі бӛгетті де қағазға тҥсірді. 
Тҥркістан
археология 
әуесқойларының
ҥйірмесінің 
мҥшесі
Н.П.Остроумов Мамаевка кенті маңындағы монеталар қоймасын, Балықшы 
кентіндегі қабір ҥсті ескерткішін зерттеді, Жуантӛбе қаласының жанындағы
қорым обаларында, Таяқ-Салды және Альванкенд қалаларында қазба 
жҥргізді.
Әбубәкір Диваев негізінен фольклорды зерттеумен айналысқанымен, 
археологиялық ескерткіштерге де назар аударып отырды. Ол Кӛк-Кесене мен
Қорқыт-ата мазарлары туралы мақалалар жазды. 
Археологиялық ескерткіштер жайлы қызықты мағлҧматтарды ҥйірменің
басқа мҥшелері де хабарлап отырды: И.Т.Пославский Қаратау тас ғасыры 
қҧралдары мен Ҥшқарасу ӛзенінің жоғарғы ағысындағы тас мҥсіндер




23


(балбалдар) туралы, Н.В.Руднев Сырдарияның сол жағалауындағы
қалалардың қалдықтары жайлы, В.П.Лаврентьев Әулие-Ата тӛңірегіндегі 
ескерткіштер жӛнінде, В.П.Панков Талас аңғарындағы ҥңгірлер мен обалар
туралы мәлімдеді. 
Солтҥстік-Шығыс, Шығыс және ішінара Орталық Қазақстанның ежелгі
ескерткіштерін Орыс географиялық қоғамының Батыс-Сібір бӛлімі, Семей 
әуесқой-ӛлкетанушылары, сондай-ақ 1883 жылы ҧйымдастырылған Семей
музейінің қызметкерлері зерттеумен айналысты. 
Музейде Е.П.Михаэлистің белсенді әрекеттерінің нәтижесінде оның
музейге тапсырған жеке топтамасының (коллекциясының) негізінде 
археология бӛлімі ашылады. Музей топтамасын ҥздіксіз толықтырып
отырғандар арасынан Ф.И.Альбрехт, В.Г.Герасимов, В.К.Галимонт, 
М.С.Сухотеринді ерекше атап кетуге болады.
Батыс-Сібір бӛлімінің қызметкерлері кӛне ескерткіштер туралы 
мағлҧмат жинастыру және қазба жҧмыстарын ҧйымдастыру мақсатында жол
сапарға шығып отырды. Бҧл істе әсіресе Н.Коншин, В.Никитин, 
А.В.Адрианов, Б.Каменский, А.Белослюдов, Ф.Педащенко, В.Словцов қатты
ынта-ықылас танытты. 
Мәселен, Н.Коншин Павлодар мен Қарқаралы қалалары аралығындағы
Семей облысының археологиялық ескерткіштердің тізімін тҥзді. В.Никитин 
Қарақаралы уезіндегі обалы қорымдар, жартас суреттері, тас мҥсіндер және
басқа да ескерткіштер жайлы мәлімдеді. Ол алғашқылардың бірі болып 
Семей облысы тарихына қатысты очерктер жазды, онда археологиялық
материалдар да кеңінен пайдаланылған еді. 
Отыз жылдай уақыт бойы Шығыс, кейіннен Батыс Сібір жерін
А.В.Андрианов қажымай зерттеді. Ол ескерткіштерді тіркеу мен жан-жақты 
сипаттаумен қатар қазба жҧмыстарын жҥргізіп отырды. Кездестірген барлық
ескерткіштерін зерттеуші оба, сақина тәрізді қаланды, бейнелі (фигуралы) 
қаланды, жазулар, тас мҥсіндер, ежелгі кен орны секілді белгілі бір
ескерткіштер тобына жіктейді де, бір жҥйеге келтіріп, сипаттамасын 
жасайды.
1903 жылы Ф.Н.Педащенко Семей тӛңірегінен қызықты заттар 
топтамасын, соның ішінде тастан жасалған 72 дана, қоладан істелінген 54
дана, темірден дайындалған 8 дана бҧйымдарды, кӛптеген қыш ыдыстардың 
сынықтарын жинастырып алады.
Орыс географиялық қоғамы Семей бӛлімшесінің тапсырмасымен 1904 
жылы Н.Коншин, 1909-1910 жылдары А.Л.Зуев Семей қаласының тӛңірегіне
археологиялық барлау жҥргізіп қайтты, Г.И.Бокий Шілікті ӛңірін аралап 
шықты.
1910 жылы В.Н.Каменский А.С.Белослюдов және В.Пилетичпен бірге 
Орта Азия мен Шығыс Азияны зерттейтін Орыс комитетінің қаражатына
Семей облысындағы обаларды қазу ҥшін экспедиция ҧйымдастырды, оның 
жҧмысына сол кездегі тау-кен институтының студенттері Г.Бокий мен
Н.Бобков қатысты. Ескерткіштерді қазу тҥрлі пункттерде жҥргізілді: 
В.Каменский Кіші Қойтас шатқалында, Қызылсу және Қараӛзек ӛзендерінде,




24


Қаражал кентінің тӛңірегінде; Н.Бобков – Ҥйгенбҧлақ, Ашутасбҧлақ пен
Базарқа шатқалдарында; ал В.Пилетич Марқакӛл кӛлінің маңы мен Кҥршім 
ӛзенінде болды.
1911 жылы В.А.Обручев Н.Н.Павловпен бірге Қалба жотасындағы ежелгі 
заманда алтын алған кен орындарын зерттеп шықты.
ХХ ғасыр бас кезінде археологиялық ескерткіштерді зерттеуге Орынбор 
мҧрағат (архив) комиссиясы белсенді тҥрде араласа бастады. Оның мҥшелері
ескерткіштерді есепке алу мен сақтауға байланысты кӛптеген жҧмыстар 
атқарды. Осы мақсатқа арналған арнайы анкеталар қҧрастырылып, мағлҧмат
жинастыру ҥшін жан-жаққа таратылды. Бҧл есепке алынған ескерткіштер 
санын едеуір толықтыра тҥсті. Комиссия жанында музей жҧмыс істеді, оның
негізінде кейінірек Қазақстан Орталық музейі қҧрылды. 
Мҧрағат комиссиясының мҥшелері арасында И.А.Кастаньені ерекше атап
кетуге болады. 1904 жылы ол Жақсы-Қарғалы ӛзені алабынан (Ақтӛбе 
қаласынан 45 км жерде) 6 оба, 1909 жылы 1 оба, ал 1911 жылы Ақтӛбе
уезінен 2 оба қазды да, қазба жҧмыстары мен обалардан аршып алынған 
материалдарды толымды тҥрде баяндап берді. Сонымен қатар И.А.Кастанье
кӛптеген қорымдарды, архитектуралық қҧрылыстарды, қоныстардың 
қалдықтарын қарап шыққан, зерттеген.
Осы кездері И.А.Кастанье 1910 жылға дейін белгілі болған Қазақстанның 
барлық археологиялық ескерткіштерінің толыққанды тізімін тҥзіп,
сыныптамасын жасады. Әлі кҥнге дейін қҧндылығын жоғалтпаған оның 
«Древности Киргизской степи и Оренбургского края» атты еңбегінде
Қазақстан кӛне мҧрасын зерттеудің қорытындысы толымды тҥрде 
баяндалды.
Солтҥстік-Батыс және Батыс Қазақстанды зерттеген басқа зерттеушілер 
арасынан Торғай мен Ақтӛбе уездерінде қазба жҧмыстарын жҥргізген
А.Л.Аниховскийді және де кездейсоқ табылған олжаларды жҥйелі тҥрде 
хабарлап отырған И.В.Аничковты да атап кетуге болады.
Кӛптеген қоғамдар Ресей орталық археологиялық мекемесі болып 
табылатын Археологиялық комиссиямен тығыз байланыстар орнатты, бҧл
мекеме археологиялық қазба жҧмыстарын жҥргізуге қҧқық беретін ашық 
парақтар берді және соңынан жҧмыс қорытындыларын ӛз есептерінде
жариялады. Комиссия атынан 1894 жылы В.Селиванов Кӛкшетау мен 
Атбасар қалалары маңында, 1898 жылы Г.Васильев Павлодар облысындағы
Большая Владимировка селосы жанында, 1905 жылы Н.Козырев Ақмола 
облысында, 1911 жылы Ю.П.Аргентовский Петропавл қаласының
тӛңірегінде, 1914 жылы Н.Я.Бортвин Петропавлдан оңтҥстік-батысқа қарай 8 
км жерде қазба жҧмыстарын жҥргізген. Кездейсоқ олжалар туралы
мағлҧматтар жҥйелі тҥрде жарияланып тҧрды, ал Археологиялық комиссия 
хабарларындағы қосымшаларда – тҥрлі қоғамдар жиналыстарында тыңдалған
баяндамалар аңдатпасы (аннотациясы) және жергілікті газеттерде Қазақстан 
археологиясы жайлы берілген ақпараттар жарияланып тҧрды.
Сӛйтіп, ХІХ ғасыр ортасынан 1917 жылға дейін созылған уақытты 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет