Стан археологиясы



бет9/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

ІІ-тарау 

ТАС ДӘУІРІ
Алғашқы қауым адамы ӛмір сҥрген тӛрттік (антропоген) кезеңі 2 млн. 

жылдан астам уақыт бҧрын басталды. Антропоген дәуірін оған дейінгі


неогенмен бӛлген ӛзіндік табиғи шекаралар ірі палеографиялық ӛзгерістер 
болған еді. Бҧл уақытта Қазақстан аумағында тау тҥзілу ҥрдістері зор
қарқынмен жҥріп, Тянь-Шань, Алтай, Тарбағатай, Сауыр және Жоңғар 
Алатауы қалыптасады. Жер қыртысының тіке қозғалысы Қазақстан ҧсақ
шоқысының қазіргі рельефін қалыптастырды. Оның жекелеген телімдері 
жазықтық пен ҥстірттер қалыптастырып біршама кӛтерілсе, басқалары тӛмен
тҥсіп, ойпаттар мен қазаншҧңқырларға айналды. Әлбетте, олардың қуаң 
аймақта (аридная зона) орналасуы ежелгі гоминидтер тіршілік жағдайының
әркелкілігіне және де сонымен қатар ҧқсастығына себепкер болды. 
Қуаңшылық аймақтарға аумақты алғашқы игерудің ҧзаққа созылуы, сондай-
ақ гоминидтердің қалыптасуы мен дамуының ӛзгешеліктері тән болып 
келеді. Бірақ барлық рельеф тҥрлеріне ашық (жер бетінде) ҥлгідегі
тҧрақтардың абсолютті басымдылығы тән. Олардың кӛпшілігі кешенді тҥрде 
болып табылады, сонымен қатар ежелгі гоминидтердің бір және сол
геоморфологиялық ауданда ӛте ҧзақ уақыт (кейде бірнеше жҥз 
мыңжылдықтар бойына) орналасқандығының іздерін сақтаған.
Ӛзінің қуаң ӛңірдегі жағдайына, жер аумағының кеңдігіне және табиғи-
ландшафтық ӛңірінің алуан тҥрлі, жер бедері ҥлгілерінің кӛп мӛлшерде
болуына қарай Қазақстан Еуразияның қуаң ӛңірінің палеолитін зерттеуге 
ҥлгі-ӛрнек (модель) бола алады. Мҧнда мынадай ірі ӛңірлер бар: Тҧран және
Каспий маңы шӛлдері; Сарыарқа, Шығыс Қазақстан жазықтары мен ҧсақ 
шоқысы (Н.Г.Кассин, Г.Ц.Медоев, т.б. пайымдауынша Торғайдың бҥгілген
жерінен шығысқа қарай жатқан барлық аумақ); Солтҥстік және Солтҥстік-
Шығыс Қазақстан ойпатты жазықтығы – Батыс Сібір ойпатының
қазақстандық бӛлігі.
Бҧл ӛңірлердегі палеолиттің даму тарихы, тҧрақтар саны және олардың
шоғырлануы біркелкі емес, мҧндағы геологиялық-геоморфологиялық, ӛмір 
сҥру жағдайлары, палеогеографиялық жағдайлардың тҧрақтылығы немесе
ӛзгерістерге ҧшырауы және де климаттағы ӛзгерістер не болмаса 
ландшафттың ауысуына байланысты қоныс аудару (маусымдық және
миграцияның ӛзге тҥрлері) мҥмкіндігі де әрқилы.
Ылғалды мҧхит ауасының ӛтуіне кедергі келтірген таулардың ӛсуі және
су алаптарының азаюы Қазақстан аумағындағы климатты қҧрғақ ете тҥсті. 
Бірақ оны тӛрттік кезеңде бірнеше рет ылғалды климат алмастырды, кейде
тауларды мҧздық басты. 
Жер шарының кейбір аудандарында антропоген дәуірін бӛліп кӛрсету
мҧздықтар кезеңі мен мҧздықаралық сатылардың ауысуына байланысты 
палеоклиматтық принципке негізделген.Әсіресе Еуропадағы мҧздықтардың
альпілік сызбасы жан-жақты зерттеліп, кеңінен қолданылып келеді. 



50


Қазақстан мен Орта Азия аумағы мҧз жамылғысы баспаған аудандар
қатарына кіргенімен, мҧнда мҧздықтардың суық лебі сезіліп тҧрды. Тӛрттік 
мҧздықтар негізінен таулы аймақтарды қамтыды. Олардың саны мен
ҧзақтығы ғаламдық жайттар туғызған тек климаттағы қҧбылуларға ғана емес, 
қалыптасқан тау жҥйесінің биіктігіне де тікелей байланысты болды. Бірқатар
зерттеушілердің пікірінше, Қазақстандағы мҧздықтардың саны, уақыты мен 
ҧзақтығы әрбір тау сілемдері ҥшін әрқилы болуы ықтимал.
Плиоценнің аяғындағы апат пен тӛрттік кезең хал-ахуалды ӛзгертті. 
Гиндукуш пен Гималай, Қарақорым, Тянь-Шань мен Алтай муссондарды
ӛткізбейтін бӛгет (кедергі) қана емес, олар тіпті кҥллі ландшафтты да толық 
ӛзгертіп жіберді де, бірте-бірте қазіргі кескін-кейпіне әкеле берді. Мҧзарт
қҧрсауында ӛсіп келе жатқан тау қыраттары, уақыт ӛткен сайын бҧрынғыдан 
бетер кӛтеріле тҥсетін кең кӛлемдегі жаңа жерлер, тегі, палеолит
ареалындағы аумақтар ӛрнегін кҥнілгері анықтап қойғанға ҧқсайды. 
Муссондар мен циклондар қозғалысының ӛзгеруі, қуаң аймақтағы климаттың
қытымырланып қатая тҥсуі едәуір мол аумақтың қҧлазып, шӛлге айналуына 
себепкер болды.
Қазақстанның әр ӛңіріне болып жатқан ӛзгерістер бірдей әсер ете қойған 
жоқ. Тҧран мен Каспий маңы шӛлдері аймағының жағдайы тҧрақты болған.
Каспий теңізі жағалаулары мен Ҥстірт қыратында палеолиттің ерте 
кездерінен
бастап

неолитке


дейінгі

тҧрақты
палеогеографиялық 


жағдайлардың болғандығы (қолайлы климат, аңшылық нысандары мен
тҧратын жерлердің кӛптігі), шикізаттың молдығы, ауыз судың шығып жатуы 
кӛптеген палеолит пен неолит тҧрақтарының сақталғандығынан да
аңғарылады. Сақталған тҧрақтар топографиясы геологтардың жағалаулық 
сызбаның бірнеше рет ӛзгерістерге ҧшырағандығын кӛрсеткен мәліметтерін
нақтылай тҥседі. 
Ҧсақ шоқылар мен жазықтардың ҧштасуы тән, тҥбі жайпақ кең аңғарлы
Сарыарқа геоморфологиялық жағдайлары жағынан мейлінше тҧрақты аймақ 
болған және болып та отыр. Мҧнда палеолиттің эолюциясы ашельдің едәуір
соңғы кезеңінен басталып, кейінгі палеолитке дейін созылады. Неолитке 
дейінгі ҧзаққа созылған хиатус гидрожелілердің (гидросеть) ӛзгерістерге
ҧшырауына байланысты еді.
Тас ғасыры тҧрақтары топографиясының ӛзіндік ерекшліктері ежелгі
адамдардың Сарыарқаның негізгі су айырығының бойымен ӛтіп, одан соң 
Солтҥстік Балқаш ӛңіріне қоныстануы мҥмкін екенін кӛрсетеді.
Палеогеографиялық жағдайлардың тҧрақтылығы, кӛші-қон жолдарының 
қалыпқа келуі және, тегінде, олардың ӛзгермеуі, сол сияқты жануарлардың
(аңшылық нысандары) тіршілік ететін жерлері мен қҧстар жолының да бір 
қалпында қалуы, жақсы шикізат қорының жер бетіне шығып жатуы және
тиянақты су кӛзінің болуы палеолиттің әртҥрлі мәдениетін бойына дарытқан 
алғашқы ҧжымдардың бір тҧрақтарда, шығарылған шлейф конусында, терең
шҥнейітті ӛзен жағасында немесе суы тҧщы бҧлақтар жанында ҧзақ уақыт 
тіршілік етуіне мҥмкіндік берген. Тек жоғарғы плейстоценнің аяғында ӛте
суық әрі қҧрғақ болған кезде су жҥйелері біржолата бҧзылды. Ҧзақ жылдарға 



51


созылған тоңданудың ӛрістеуі жағдайында Сарыарқаның кӛптеген
аудандарында сол аймақты мекендейтін жануарлар мен бір кезде осы ӛлкеде 
дәстҥрлі тіршілік етіп, кейін біржолата кетіп қалған гоминидтердің
қалыптасқан байланысы ҥзіледі. Тек ӛтпелі аймақтарда, Сарыарқаның 
шетіндегі Ертіс ӛңірінде ғана эволюция неолитке дейін толастамады.
Ӛтпелі аймақтардың бірі Қаратау сілемдері (Сырдария маңы) болды. 
Оның географиялық жағдайының ӛзіндік ерекшелігі мынада: ол, бір
жағынан, Солтҥстік Тянь-Шань жоталарының сілемі болып табылады және 
соларға тән биіктік белдеуі бар, ал ең суық дәуірлерде, сірә, мҧнда мҧздық
(мҧзарт) орналасса керек. Екінші жағынан, ол екі ірі аймақты – Орта 
Азияның қҧмды даласы мен Бетпақдаланың саздақты даласын шектеп, бӛліп
тҧр. Климаты жағынан Қаратау жотасының жағдайы ерекше қолайлы. 
Мҧндай жағдай ҧзақ уақыт бойы, кем дегенде жоғарғы плиоценнен бастап
сақталып келген. Шӛлді аймақта орналасу сол арадан қалың қҧм қатпарлары 
(шеттерінде) мен борпылдақ (немесе сары) топырақты (лесс) қабаттардың
қҧрылуына себепші болған еді. Қаратау жотасындағы кӛпшілік аудандардың 
геологиялық қҧрылымы, мҧнда кӛптеген жануарлар ҥйірлерінің ҥнемі
тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасады. 
Сол себепті де осының бәрі ежелгі гоминидтің осы араны мекендеуіне
жол ашқандығына таң қалуға болмайды, олар бҧл маңнан қоректі де, су 
кӛздерін де, сондай-ақ ӛзендер жағалауы мен ҥңгірлерден, бортопырақты
аудандардан тҧраққа қажет жақсы орындар тапты. Алайда, шамасы, ӛтпелі 
(шекаралық) аудандардың бір ерекшелігі – уақиғалар мен қҧбылыстардың
ҥзік-ҥзік және әртҥрлі болып келетіні. Мысалы, Қаратау жотасының 
палеолиті кем дегенде екі эволюция сызығымен сипатталынады. Оның
біріншісіне Кіші Қаратаудың куэст аудандары тән және ол зілмен қара 
шақпақтастарға (Бӛріқазған, Тәңірқазған) негізделген. Ең ежелгі тҧрақтар
пенепленнің бір кездегі ҥстіндегі мҥйісті-қыратты биіктеріне байланысты. 
Неғҧрлым кейінгі – ашельдік, мустьелік және кейінгі палеолиттік тҧрақтар
куэсттердің баурайында орналасқан және де ерте палеолиттік орындармен 
ҥлкен хронологиялық айырмашылықта.
Екінші бағыт жақсы физикалық қасиеттері бар ашық-сҧрғылт тҥсті 
шақпақтас негізінде дамыды және дайындамадан (загатовка) неғҧрлым
сапалы жарықшақ алуға негізделді. Мҧның негізгі ескерткіші Ш.Уәлиханов 
атындағы тҧрақ болып табылады. Оның бірегейлігі мынада: бҧл тҧрақтың
кҥллі тіршілігі ӛзен арналары тоздырған, ӛзі борпылдақ сары топырақпен 
астасып, шеткі аймақтары кайназой шӛгінділерімен ҧласып жатқан ҥстірт
тарихымен тығыз байланысты. Бәлкім, бҧл палеолиттік тҧрақтың 
эволюциясы Буденный (қазіргі Арыстанды – авт.) кенті маңындағы
конгломераттарынан шыққан, А.Г.Медоев «арыстанды мәдениеті» деп 
кӛрсеткен палеолиттен бастау алатын шығар.
Дамудың ҥшіншісі, шӛгінді жыныстар бағыты да байқалады. Геолог Б.Ж. 
Әубекеров мәліметі бойынша, Ш.Уәлиханов тҧрағы ауданынан және ӛзге
орындардан кейінгі палеолиттің бірнеше ҥлгілері табылған, олар ӛзінің 



52


типологиялық ерекшелігі жағынан Сарыарқадағы саяқ мәдениетін еске
тҥсіреді. 
Әзірге Қазақстанның таулы аудандары жеткілікті зерттелмей келеді.
Мҧнда палеолит тҧрақтарын іздестірудің қиыншылықтары жауын-
шашынның мол жиналу ерекшеліктерімен және жер бедерінің тез ӛзгеруімен
анықталады. Егер тӛрттік кезеңдегі шӛгінділердің жиналуы кҥңгірт айтқанда 
Сарыарқада шамамен 10-20 м болса (Н.Н.Костенко, Б.Ж.Әубекеров, т.б.
мәліметтері), онда тауларда тӛрттік шӛгінділер қалыңдығы километрмен 
ӛлшенеді. Осындай жылдамдықпен рельефтің дҧрыс формалары (терраса,
т.б.) да бҧзылады. Дегенмен ашель (?) мен мустье артефактілерінің Шарын 
ӛзені каньондарынан, Жоңғар Алатауының оңтҥстік беткейлерінен табылуы
Қазақстан таулы аймақтарын зерттеудің болашағы мол екендігін байқатады. 
Қазақстан тӛрттік шӛгінділері стратиграфиясын дайындаған геолог
Н.Н.Костенко антропоген дәуірін тӛменгі, ортаңғы, жоғарғы және қазіргі 
антропоген деген тӛрт ірі бӛлімдерге жіктейді. Антропогеннің алғашқы екі
бӛлімі ӛз кезегінде тӛменгі және жоғарғы қабаттарға, ал жоғарғы және қазіргі 
антропоген – тиісінше ҥшке бӛлінді. Палеогеографиялық жағынан тӛменгі
антропогеннің ерте кезеңі жылы, бірақ неогенге қарағанда онша ылғалды 
емес климатпен, тау жҥйелерінің белсенді тҥрде кӛтерілуімен, ландшафтты
аймақтардың қалыптасуы, біртіндеп саванналық ӛсімдіктерді далалық және 
жартылай шӛлейттегі тҥрлердің ығыстыруымен сипатталынады.
Тӛменгі антропогенге сай келетін хайуанаттар негізінен іле фауналық 
кешеніне кірді, олар - оверн мастодонты, оңтҥстік орман пілі, Стенон
жылқысы, т.б.
Тӛменгі антропогеннің екінші кезеңінің бас кезінде климаттық жағдайлар
алдыңғы уақыттардағыдан айтарлықтай ӛзгере қоймады. Бірақ оның соңында 
кҥн суытты, оған Қазақстан аумағының шығыс және оңтҥстік
аудандарындағы жартылай мҧзарттардың дамуы әсерін тигізді. Тӛменгі 
антропогеннің жоғарғы қабаты Шығыс Еуропа тирасполь фаунасы мен
Пекин маңындағы Чжоукоудянь ҥңгіріндегі синантроп фаунасына жақын 
қошқорған фауналық кешенімен тығыз байланысты.
Шымкент облысындағы (ОҚО – авт.) шартты тҥрде негізгі олжалар 
табылған жер атауымен аталған бҧл уақыттағы қазынды фауна қҧрамына
орман мен қалың тал-шілік ӛскен ӛзендердің кең алқаптарын мекендеген 
орман пілі кірді. Ӛзендер бойындағы тоғайлар мен биік бҧталы дала - ежелгі
бизон мен ебедейсіз дала мҥйізтҧмсығы-эласмотерийдің, кең маңдайлы бҧлан 
мен бҧғы-маралдың ең ҧнамды жерлері болды. Далада жабайы жылқылардың
екі тҥрі: зебр тәрізді белгілері бар зюссенборней және кейіннен қолға 
ҥйретілген мосбах жылқылары ӛмір сҥрген. Шӛлді аудандарда мҧнда іле
фауналық кешенінен белгілі ежелгі тҥйелер әлі де тіршілік етіп жатты.
Орта антропогеннің бас кезімен климаттың жылу және ылғалдану фазасы
тығыз байланысты, оны кейіннен екі рет таулы аймақтағы мҧздықтар 
ауыстырды және кҥн суытты. Бҧл кезеңге хазар фауналық кешені сәйкес
келеді.




53


Ортаантропогендік
уақытта

Қазақстан


тауларында 
белсенді
тектоникалық қозғалыстар да жҥріп жатты. Тау тҥзілу ҥрдістері де жҥрді. 
Таулы аймақтардағы бірінен кейін бірі болған екі мҧздық басуынан соң
ӛзендер мен кӛлдердегі су режимі бҧзылды, гидрографиялық желі (сеть) 
ӛзгерді. Қазақстан аумағында қазіргі ҥлкенді-кішілі ӛзен арналары қалыптаса
бастады. Сырдария Қызылқҧм ойпатындағы қақтар арқылы ӛзіне жол салды, 
Нарым-Бҧқтарма ӛзендері аралығының жарылуынан және Ертіс алабы
ішінара су жҥргеннен соң Зайсаннан ағынды су ақты, ал Қапшағай ҥстіртінің 
тектоникалық кӛтерілуі нәтижесінде байырғы Іле ӛзінің орта ағысында кӛл
қалыптастырды. Мҧздықтардың еруі нәтижесінде Солтҥстік Каспий маңы 
ойпатын Каспий теңізінің сулары басып қалды, ал ортаантропогендік дәуір
соңында теңіздің кӛлемі кішірейді.
Қазақстанның жазықты аймақтарында (Ертіс маңы, Балқаш тӛңірегі)
негізінен орманды-далалы және далалы, ал оңтҥстігінде жусанды шӛлейт 
басым болды. Тянь-Шань және басқа да тау сілемдерінде қарағай, шырша,
қайың, жӛке, қызыл қайың (граб), ольха ӛсті. 
Ортаантропоген дәуірінде хазар фауналық кешені аталатын жануарлар
кеңінен тарады. Бҧталы далалар мен шалғындарда трогонтериев пілдері, ірі 
және олармен бірге қысқа аяқты жануарлар, тықыр жҥнді мамонттар ӛріп
жҥрді. Мол қорек беретін шалғындарда және далаларда ҧзын мҥйізді 
бизондар мен ҥлкен мҥйізді бҧғылар жайылды.
Жоғарғы антропогенде суықтық сақталып тҧрды, климат қазіргіуақытқа 
қарағанда әдеқайда суық болды. Бҧл кезеңнен бізге мамонттық фаунаның
немесе жоғарғы палеолиттік фауна қалдықтары жетті. Соңында, голоценде 
(қазіргі антропоген) осы кҥнгі климат және қазіргі уақыттағы фауналық
кешен қалыптасты.
Антропоген дәуірінің геологиялық стратиграфиясымен палеолиттің
археологиялық жіктеуі де жасалады. Тӛменгі антропогеннің ерте кезеңіне 
тӛменгі палеолиттік дошелль (олдувэй) және шелль, екінші, немесе тӛменгі
антропогеннің жоғарғы қабатына кейінгі шелль мен ерте ашель сай келеді 
деп жорамалданады. Орта антропоген кейінгі ашельге сәйкес келеді.
Жоғарғы антропогеннің кейінгі (жоғарғы) палеолитпен арақатыстылығы бар, 
ал қазіргі антропоген жаңа тас ғасырынан бастап барлық кейінгі дәуірлерді
қамтыды.
Қазақстан
аумағында 
ежелгі
гоминидтер 
пайда
болуының 

алғышарттарын адамзат тарихындағы ӛтпелі және ең маңызды кезеңдегі


геологиялық-географиялық жағдайларды негізге ала отырып іздестіру қажет, 
ал ондай кезең плиоценнің екінші жартысы болып табылады. Ең ертедегі
гоминидтердің Африка қҧрылығынан бастап қазіргі қуаң ӛңір мен Сібір 
аумағына дейінгі кең-байтақ жерде анықталған іздері алғашқы адамдардың
ӛте ауқымды кеңістікте қолданғанын дәлелдейді. Қазір бір нәрсе айқын: 1,6 – 
1 млн. жылдар аралығында-ақ Каспий маңы ойпатының ашық
кеңістіктерінде, Тҧран далаларында, Моңғолия мен Солтҥстік Қытайда 
гоминидтердің
тҧрақтары 
болған.
Плиоценнің 
палеогеографиялық
жағдайлары таулары біршама аласа және климаты қолайлы Азия жазықтарын 



54


ежелгі адамдардың алыс солтҥстікке қоныс аударуына жәрдемдесе алды деп
санауға мҥмкіндік береді. Әсілі, ол кезде Қазақстан, Моңғолия мен Солтҥстік 
Қытай Еуразияны қоныстанудың алғашқы кезеңдері ҥшін ең солтҥстік
аудандар болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет