Стан археологиясы


Жоғарғы (кейінгі) палеолит



бет12/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Жоғарғы (кейінгі) палеолит 

Дене бітімі қазіргі кездегідей адамның (Ноmо sаріеns) пайда болуы 


кейінгі палеолит дәуірімен байланысты. Осы уақыттан бастап гоминидтердің
эволюциясында шешуші ӛзгеріс болады және нағыз адамзат тарихына 
біржолата кӛшу басталады.
Алғашқы Ноmо sаріеns ӛкілдерінің пайда болуы әдетте б. з. б. 50-45 мың 
жыл бҧрын болған делінеді. Оған тән белгілер 1868 ж. Франциядағы Кро-
Маньон ҥңгірінде табылған бес қаңқаны зерттеу негізінде анықталды. 
Кроманьондық адамның сҥйектері Еуропаның басқа географиялық ай-
мақтарынан да табылды. 
Кроманьондық адамның тҧрпатында осы заманғы адамдарға тән
ерекшеліктер айқын білінеді; маңдайы жазық, иіліңкі қас, сҥйегі (кӛздің 
ҥстіндегі шығыңқы сҥйектің орнына), бас сҥйегі сопақ, иегі шығыңқы, мҧрны
жіңішкелеу, кӛз шҧңқыры кішкене, т. т. Кроманьондықтарға тән нәрсе — 
басының сопақтығына қарай маңдайы кең, беті ӛте жалпақ, жағы тікше және
ми қауағы кең (1500-1800 см
3
), бойы биік (168-194 см), сҥйектердегі бҧлшық 



68


ет бедері айқын кӛрінеді. Салыстыра зерттеу мынаны кӛрсетті: Ноmо sаріеns
ми қабығындағы адамның нақ қоғамдық ӛміріне тығыз байланысты бӛліктері 
ерекше дамыған, бҧлар оның жануарлық пиғылдары мен тҥйсіктерін тежеу
рӛлін атқарды. Адамдар алдарындағы міндеттерді шешкенде ортаның 
табиғат жағдайына бейімделу жолымен ғана емес, кӛбінесе ҧжымдық жҧмыс
процесіндегі ӛндірістік жетістіктерді жҥзеге асыру жолымен де шешті. 
Кейінгі палеолит дәуірі — Жер шарының барлық климаттық
аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстанған уақыты және нәсілдер мен 
нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты.
Қазақстан аумағынан табылған жоғарғы палеолиттік адамның сҥйек 
қалдықтары толық емес, кейбір сҥйектер ғана бар, алайда едәуір ҥлесін
Қазақстан алып жатқан Еуразияның ішкері бӛлегін сонау арғы заманда 
протоеуропеоидтік раса тҥріндегі адамдар мекендеген деп топшылауға әбден
болады.

Ақыл-ойлы адамның шығуы мен кейінгі палеолит дәуіріндегі адамзат


қоғамының материалдық және рухани мәдениетінің одан әрі дамуы арасында 
тікелей байланыс бар, рулық қауымның қалыптасу ҥрдісімен, адам
ҧжымының қоғамдық ҧйымдасуының ӛзіне тән алғашқы тҧрпаты ретіндегі 
рудың шығуымен тікелей байланысты. Рулық ҧйым барлық жерлерде ана
тектес және шеше жағынан топтасты, ал әйелдер қауымда ҥстем жағдайда 
болды деп топшыланады. Сонымен, аналық ру ӛзара қаңдас туыстығы
арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың 
экзогамиялық тобы болды. Сондай-ақ әйелдердің қоғамдық ӛмірдегі жоғары
дәрежесі де қауымдық ҥй шаруашылығының ӛзгешелігінен, руды ӛрбітуші 
ретіндегі әйелдің отбасыдағы рӛлінен туындады. Ежелгі адамдардың
идеологиялық ҧғымдарында ру бастығы және ошақ иесі ретіндегі әйелге 
табынушылықтың пайда болуы кездейсоқ емес.
Кейінгі палеолит дәуіріндегі адамның дҥниетанымы кҥрделене тҥсті. 
Аңшылар магиясына табыну культі кең тарады; мҧның негізінде жануарларға
билік етуге оның бейнесі арқылы жетуге болады деп сенім жатты. Магияның 
әмбебап тҥрі сол кезде пайда болған алғашқы ӛнердің жарқын туындылары
деп топшыланады. Оның басты тақырыбы — әр тҥрлі жануарлардың суретін 
салып, бітім-тҧрпатын, мҥсінін жасап бейнелеу еді. Сҥйектен ойып немесе
жҥмсақ тастан қашап жасалған әйел мҥсіндері жердің қҧнарлылығын, аналық 
қасиетті бейнеледі.
Адамның жаны туралы, жердегі тіршіліктің жалғасы сияқты о дҥниедегі 
ӛмірі туралы ҧғымдар кҥрделі әдет-ғҧрыптық рәсімдердің пайда болуына
әкелді. Ӛлген адамның денесіне қызыл жоса себілді, оның кеудесіне тесілген 
қабыршықтардан, жыртқыш аңдардың тістерінен жасалған алқа тағылды,
аяғына мамонттың азуынан жасалған білезік кигізілді, киіміне моншақ 
тігілді. Ӛліктің қасына шақпақ тастан, мҥйізден жасалған заттар қойылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет