83
фрагменттері кездесті. Осыған ҧқсас кешен Әмударияның оңтҥстігіндегі
Ақшадария қҧймасынан, келтеминар мәдениетінің Дингильдже-6 және
Кават-7 тҧрақтарынан табылды. Олар б.з.б. IІI мыңжылдықтың бірінші
жартысына — орта шеніне жатады. Егер Қосмола-4 және Қосмола-5
тҧрақтарын сол уақытқа жатқызсақ, онда бҧлар Сырдария ӛзенінің кӛне
алқабындағы қазіргі кезде белгілі ескерткіштердің ішіндегі ең ежелгі
ескерткіштер болып шығады.
Арал тӛңірегінен табылған кейбір ескерткіштер екі хронологиялық
дәуірді қамтиды. Мысалы, неолит пен энеолитке жатады. Сексеуіл-1, Ақеспе
неолиттік тҧрақтарынан табылған заттардың ішінде екі жағы ӛңделген жебе
мен сҥңгі ҧштары жоқ, бірақ оның есесіне трапеция тҧрпатындағы
қыстырмалар, кӛптеген ҧсақ, дҧрыс қырланған, пышақ тәрізді тас тілікшелер
бар; ыдыстардың сынықтарында тісті қалыптың таңбасы қалған немесе тҥгел
кӛлденең ирек сызықтар сызылған. Ал Сексеуіл-2 тҧрағындағы жебелердің
ҧштары екі жағынан қысып тҥзету арқылы мҧқият ӛнделген; олар ойықтау
сағалы, қалақша бітімді келеді; сондай-ақ, найзалардың, сҥнгілердің ҧштары,
кӛлемі мен бітімі әр тҥрлі қырғыштар бар.
Керамикалық ыдыстар — негізінде ҧсақ, тҥбі жайпақ және дӛңгелек;
мойны дҧрыс шығарылып, ҥстіңгі жағы жалпайтылған. Қҧмыраларға ӛрнек
салу тәсілдері мейлінше әр алуан: сызықты (тік сызықты және ирек сызықты)
тісті қалыптың танбасын тҥсіру, әр тҥрлі геометриялық фигуралар болып
шығатын ойықшалар салу болып келеді.
Соңғы жылдары Арал ӛңіріндегі бірқатар неолиттік ескерткіштерде
зерттеулер
жҥрді.
Олардың
арасынан
біріккен
Қазақстан-Ресей
археологиялық экспедициясы ғылыми айналымға енгізген Ағеспе, Арал, т.б.
ескерткіштерді атап кетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: