Стан республикасы


Төзімділік және оны дамытудың әдістері



бет5/7
Дата07.02.2022
өлшемі73 Kb.
#85195
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
00007650-5ba0a92c

1.3 Төзімділік және оны дамытудың әдістері
Төзімділік деп адамның қарқындылықты төмендетпей жұмысты ұзақ уақыт істеу қаблетін айтады.Төзімділікті дамыту — бұл жұмысты ұзақ орындауға себеп болатын биохимиялық үрдістердің дамуы және үлкен қарқындылықпен қозу кезінде жүйке жүйенің тұрақтылығы. Төзімділік айқын түрде байқалады, себебі әрекеттің нақты шарттарымен белгіленеді. Алайда, қарқындылығы ұқсас әрекет түрлерінде жалпы физиологиялық және биохимиялық механизмдермен сипатталатын төзімділікті тасымалдау құбылысы байқалады. Мысалы, шаңғы тебуші әрекеттің басқа да циклдық түрлерінде (жеңілатлетикалық жүгіріс, ескек және т.б.) үлкен төзімділікке ие болады, себебі онда ағзаның аэробты мүмкіндіктерінің даму деңгейі шешуші факторға айналады. Төменгі сыныптардың оқушыларында орташа және ауыспалы қарқындықтағы жұмысқа деген төзімділікті дамыту мақсатқа сәйкес келеді. Төзімділікті дамыту құралдар қатарына моторлық тығыздығы жоғары қозғалмалы ойындар жатады, алайда бұл ойындар жүктемені дәл бөлуге мүмкіндік туғызбайды. Дене тәрбиесі сабақтарында дәл мөлшерде әрекет ету мүмкіндік беретін жаттығулар қолданылады: 12-13-жастылар үшін — жүріспен алмасып отыратын 200-400 м жүгіріс; ұлдар үшін ұзақтығы 2 мин дейін, ал қыздар үшін ұзақтығы 1,5 мин баяу жүгіріс; ұлдар үшін 3-3,5 км, ал қыздар үшін 2-3 км шаңғы тебу; 14-15-жастыларға — ұлдар үшін 400-500 м, ал қыздар үшін 200-300 м жүгіріс; 2-3 км дейін жылдамдықпен шаңғы тебу; 16-17- жастыларға — кросстық жүгіріс; 3-4 км шаңғы тебу; ауыспалы және қайталану жүгірісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет