№
|
Дағдыны орындау кезіндегі адымдық әрекет
|
Іс әрекетті орындау
|
Толық орындалды
|
Толық емес орындалды
|
Қате орындалды (Орындалған жоқ)
|
1.
|
Қолды өңдеп, маска, қолғапты кию.
|
5
|
|
|
2.
|
Инъекция жасау орнын анықтау, қолды жазылған қалыпта, төмен қарай түсіріп, шынтақ иілісінің астына жастықша қою.
|
5
|
|
|
3.
|
Иықтың төменгі үштен бір бөлігіне қойылған салфетка үстіне немесе киіміне резеңке бұраумен қысу. Науқастан жұдырығын бірнеше рет ашып жұмуын сұрау. Венаны пальпациялау. Сол қолымызға үш спирттік салфетканы алу.
|
10
|
|
|
4.
|
Науқас терісін екі спирттік салфеткамен бір бағытта өңдейміз. Алдымен үлкен аймағын, содан кейін тікелей инъекция жасайтын аймақты өңдеу. Қолданылған салфетканы ҚЖК тастаймыз. Үшінші салфетканы сол қолдың 4-5 саусақ аралығында ұстау. Сол қолымыздың бас бармақ және сұқ саусақтармен инъекция аймағындағы көктамырды бекіту.
|
10
|
|
|
5
|
Тамшы жүйесінің инесін оң қолымызға алып, қалпағын шешіп, канюласын сұқ саусақпен бекіту.
|
15
|
|
|
6
|
Көктамырға ине киығын жоғары 15 градус бұрышпен алдымен теріге, содан кейін көктамырға «бос кеңістікті» сезіну арқылы еңгізу.
|
15
|
|
|
7
|
Жүйеде қан пайда болғанда, иненің көктамырда екенін байқау. Сол қолмен резеңке бұраудың бір шетін босатып, шешу, науқастан жұдырығын ашуды сұрау.
|
10
|
|
|
8
|
Инені жабысқыш пластырьды бекітіп, спирттік салфеткамен жабу. Дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілік ерітіндінің келу жылдамдығын винттік қысқышпен реттеу. Инфузия біткенде қысқышты жабу, жабысқыш пластырьды алу, инъекция аймағына спирттік слафетканы қойып, ақырын қимылмен көктамырдан шығару.
|
10
|
|
|
9
|
Спирттік салфетканы сол жерде қалдырып, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгіп, 5 минутқа ұстауын сұрау. Науқастың жағдайын бағалау.
|
10
|
|
|
10
|
Қолданылған спирттік салфеткаларды, шприцті қауіпсіз жинау классына тастау. Перчатканы шешіп, қауіпсіз жинау классына тастау, қолды жуу. Емшараның орындалғанын құжаттау.
|
10
|
|
|