№
|
Дағдыны орындау кезіндегі адымдық әрекет
|
Іс әрекетті орындау
|
Толық орындалды
|
Толық емес орындалды
|
Қате орындалды (орындалған жоқ)
|
1.
|
Қолды өңдеп, маска, қолғапты кию.
|
5
|
|
|
2.
|
Инъекция жасау орнын анықтау, қолды жазылған қалыпта, төмен қарай түсіріп, шынтақ иілісінің астына жастықша қою.
|
5
|
|
|
3.
|
Иықтың төменгі үштен бір бөлігіне қойылған салфетка үстіне немесе киіміне резеңке бұраумен қысу. Науқастан жұдырығын бірнеше рет ашып жұмуын сұрау. Венаны пальпациялау. Сол қолымызға үш спирттік салфетканы алу.
|
10
|
|
|
4.
|
Науқас терісін екі спирттік салфеткамен бір бағытта өңдейміз. Алдымен үлкен аймағын, содан кейін тікелей инъекция жасайтын аймақты өңдеу. Қолданылған салфетканы ҚЖК тастаймыз. Үшінші салфетканы сол қолдың 4-5 саусақ аралығында ұстау.
|
10
|
|
|
5.
|
Сол қолымыздың бас бармақ және сұқ саусақтармен инъекция аймағындағы венаны бекітеміз.
|
15
|
|
|
6.
|
Оң қолымызға шприцті алып, сұқ саусақпен канюланы бекітіп, басқа саусақтармен цилиндрін ұстау. Көктамырға ине киығын жоғары 15 градус бұрышпен алдымен теріге, содан кейін венаға «бос кеңістікті» сезіну арқылы еңгізу.
|
15
|
|
|
7.
|
Поршеньді өзімізге тартып, шприцте қан пайда болу керек. Сол қолмен резеңке бұраудың бір шетін босатып, шешу, науқастан жұдырығын ашуды сұрау.
|
10
|
|
|
8.
|
Шприцтің қалпын өзгертпей, сол қолмен шприцті басып, ақырын дәрілік ерітіндіні енгізу. Шприцте 0,5 мл ерітінді қалтыру керек. Инъекция жасалған аймаққа спирттік салфетка қойып, көктамырдан инені абайлап шығару.
|
10
|
|
|
9.
|
Спирттік салфетканы сол жерде қалдырып, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгіп, 5 минутқа ұстауын сұрау. Науқастың жағдайын бағалау.
|
10
|
|
|
10.
|
Қолданылған спирттік салфеткаларды, шприцті қауіпсіз жинау классына тастау. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинау классына тастау, қолды жуу. Емшараның орындалғанын құжаттау.
|
10
|
|
|