Стандарт Қолды жұқпалық қауіпсіздік әлеуметтік деңгейде тазарту. Мақсаты



бет33/147
Дата30.01.2022
өлшемі355,46 Kb.
#116422
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   147
Байланысты:
�������� ���� � ���� ������� �������� �� ����� �������.
245-Artikeltext-947-1-10-20180704, Методичка микробиология, 5. Босануды 3-ші кезе ін белсенді ж ргізуді негізгі а идалары
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқастың аты-жөнін анықтап, алдағы болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Зерттейтін күні таңертең науқасқа тазарту клизмасын «таза су» шыққанша жасаңыз.

  3. Тұп-тура манипуляцияны жүргізер алдында науқастан қуығын босатуын сұраңыз.

  4. Науқасты орындықтың арқа тірегіне арқасын сүйеп отыруын сұраңыз. Науқастың аяғын кленкамен жабыңыз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тері антисептигімен тазартып, өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

  6. Кіндік пен қасаға арасының терісін тазарту үшін, 5% спирттелген йод ерітіндісін, сосын тері антисептигін дәрігерге беріңіз.

  7. Жұмсақ ұлпаларға қабаттап инфильтрациялық жансыздандыруды жүргізу үшін, 0,5% новокаин ерітіндісі бар шприцті дәрігерге беріңіз. Іш қуысын тесу алдыңғы іш пердесі бетінің ортадағы сызығы бойынша кіндік пен қасаға арасында тең аралық қашықтықта, осы нүктеден 2-3 см шетке қарай іш қуысына тесік жасалады.

  8. Дәрігер скальпельмен теріні кеседі, оң қолмен бұрғылау, қозғалыспен троакарды қойып іш пердесінен бетіне итеріп енгізеді, сосын стилентті шығарады. Канюла бойынша қысыммен асциттік сұйықтық аға бастапды.

  9. Іш қуысынан сұйықтық ағу үшін, науқастың алдына ыдысты (шылапшынды немесе шелекті) қойыңыз.

  1. Залалсыздандырылған банкіге 20-50 мл сұйықтықты лабораториялық зерттеуге алыңыз (бактерологиялық және цитологиялық).

  2. Науқастың ішінің астынан залалсыздандырылған ақ жайманы немесе кең сүлгіні енкгізіңіз, оның шетін мейірбике ұстауы керек. Пункция жасаған жерден жоғары немесе төмен ақжайма немесе сүлгімен қамтып ішті таңып тастаңыз.

  3. Сұйықтық кете бастаған сайын іш пердесінің алдыңғы бетін мезгіл-мезгіл енді сүлгімен немесе ақ жаймамен қысыңыз.

  4. Емшара біткеннен кейін канюляны шығарып, жараны теринк тігісімен тігіп, 5% йод ерітіндісімен өндеп, асептикалық таңғышты салыңыз.

  5. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  6. Пайдаланған құрал-саймандарды ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Қолғапты, мақта шариктерін, шприцтерді қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  7. Науқастың қан қысымын өлшеңіз, тамыр соғу санын есептеңіз.

  8. Палатаға науқасты каталкамен тасымалдаңыз.

  9. Манипуляциядан кейін 2 сағат бойы науқас төсек тәртібін сақтау керек (гемодинамикалық бұзылыстарды болдырмау үшін) екенін ескертіңіз.

10. Алынған биологиялық материалды лабораториялық зерттеуге жіберіңіз.

Ескерту: манипуляцияны жүргізгенде қатал асептика ережелерін сақтаңыз;

сұйықтықты жылдам алғанда талықсу және талу жағдайы дамуы мүмкін, ол іш қуысы және кеуде торы ішіндегі қысымның түсу салдарынан және айналымдағы қанның қайта бөлінуінен пайда болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет