Стандарт Қолды жұқпалық қауіпсіздік әлеуметтік деңгейде тазарту. Мақсаты



бет143/147
Дата30.01.2022
өлшемі355,46 Kb.
#116422
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   147
Байланысты:
�������� ���� � ���� ������� �������� �� ����� �������.

Өкпе аускультациясы

Мақсаты: өкпені тындау

Жүргізу іс әрекеті:

  1. Өкпеге аускультацияны арнайы жоспар бойынша жүргізіледі.

  2. Фонендоскоп қойып, өкпенің симметриялық жерлерін тыңдайды. Стетоскопты бұғана үстіңгі және астыңғы аймақтардан бастап, төмен және 3-4 см сыртқа қарай жылжыту керек.

  3. Соңынан өкпені сол кезекте артқы жағынан да тыңдау керек. Жауырын аралығын үлкейту үшін науқас қолдарын кеуде тұсына айқастыруы керек. Қолтық асты аймағын тыңдағанда науқас қолын желкесіне қояды. Аускультация кезінде:

  • Тыныс алу мінездемесін (везикулярлы,әлсізденген везикулярлы,қатайған,бронхты,амфоралық)

  • Тыныс алудын мүлдем болмауын

  • Қосымша тыныс алу шуылдарын

  • Олардың жайылу орындарын (шектелен ошақта,бүкіл өкпе алаңында) көрсету керек.

Альвеолаларда пайда болатын шуды везикулалық тыныс деп атайды. Ол ауа альвеолаларға толғанда, оның қабырғасының эластикалық элементтері тербелуінен дамиды. Ол бүкіл тыныс алу фазасында біртіндеп үлкейіп, жақсы естіледі. «Ф» әріпінің дыбысын еске салады. Бронхты тыныс шыққан ауа көмей мен кеңірдектен өткенде дамиды. Тыныс алу кезінде өте тар дауыс қуысынан шыққан ауа кеңірдектің кең қуысына барғанда айналмалы қозғалыс жасайды. Осыдан пайда болған дыбыстық толқындар бүкіл бронх ағашына тарайды, «Х» әрпінің дыбысын еске салады. Ол тыныс шығару кезінде жақсы естіледі.

Қосымша тыныс алу шуылдарына: құрғақ сырылдар (ысқырық тәріздес, гуіл тәріздес), дымқыл сырылдар (ұсақ, орта, ірі көпіршікті) крепитация және плевра үйкеліс шуылы жатады.

Бронхофония өкпе ұлпасы қатайғанда,кейде өкпеде қуыс пайда болғанда да күшейеді. Мысалы : инфаркт, туберкулез, ателектаз, крупты пневмония кезінде. Бронхофония өкпе эмфиземасы, пневмоторакс, эксудатты плеврит кезінде әлсірейді.

Стандарт 28 Жүрек аускультациясы

Жүрек қызметі кезінде пайда болатын дыбыстық құбылыстарды жүрек үндері деп атайды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет