Пациентті экскреторлық пиелографияға дайындау
Мақсаты: бүйрек және сыртқа шығару диагностикасы.
Дайындау керек: 20мл бір рет қолданылмалы шприц, 30% натрий тиосульфат ерітіндісі, тазарту клизмасын жасауға арналған жабдықтар, дәрігердің нұсқауы бойынша тағайындалған рентген контрастық зат ( урогафин немесе верографин)
Жүргізу -әрекеті:
1.Пациентке және оның жанұя мүшелеріне осы тексеріске дайындауын үйретіңіз;
2.Тексеру алдында пациенттің ем дәмінен ішекте жел пайда болатын тағамдарды алып тастаңыз ( қара нан, ашытқы,шикі сүт т.б);
3.Метеоризмде дәрігердің нұсқауы бойынша белсендірілген көмірді беріңіз;
4.Тексерәс алдында 18-20 сағат бұрын тамақтың ұабылдауын пациентке шектетіңіз;
5.Түскі астың алдында дәрігердің нұсқауы бойынша ішті жүргізетін дәрімен қамтамас етіңіз,күннің екінші бөлігінде сұйықтыұты шектеңіз;
6.Тексеріс алдында тамақ,дәрі ішуге,шылым шегуге,инъекция,т.б процедуралар жасауға болмайды;
7.Тексерер алдында кешке жатар кезінде 22 сағатта және таңертең тексеріс алдында 1,5-2 сағат бұрын тазарту клизмасын жасаңыз;
8.Тексерер алдында қуықты зәрден босату керектігін айтыңыз;
9.Пациентті рентген бөлімшесіне апарыңыз;
10.Рентген бөлімшесінде ең бірінші жалпы сурет жасайды;
11.Пациетке ашқарында көк тамырына рентгенконтрастық затты керекті мөлшерде ( 20-40-60мл )енгізіңіз;
12.Рентген суреттер жасалынады;
Достарыңызбен бөлісу: |