Стандарт Қолды жұқпалық қауіпсіздік әлеуметтік деңгейде тазарту. Мақсаты



бет68/147
Дата30.01.2022
өлшемі355,46 Kb.
#116422
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   147
Байланысты:
�������� ���� � ���� ������� �������� �� ����� �������.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға келісімін алыңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Халатты, масканы және қолғапты киіңіз.

  3. Бактериологиялық лабораторияға жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

  4. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді пробирканы стеклографпен белгілеңіз.

  5. Пробирканы штативке орнатыңыз.

  6. Науқасты сол жақ қырына аяғын тізесінен жартылай бүгіп жатқызыңыз.

  7. Оң қолмен тік ішектік ілгекті пробиркадан шығарып алыңыз.

  8. Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен ептеп аналь тесігіне айналмалы қозғалыспен ілгекті енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омырткаға қатарластыра ілгекті 8-10 см терендікке жылжытып енгізіңіз.

  9. Тік ішектің қабырғасынан (өзегінен) материалды жеңіл айналмалы қозғалыспен алып, сосын абайлап ілгекті нәжіспен тік ішектен шығарыңыз.

  10. Пробирканың шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай ілгекті нәжіспен шыны түтікке салып, ішінде қалдырыңыз.

  11. Пробирканы штативке, штативті бикске қойып, поролонмен тығыздаңыз.

  12. Биксті «кілтке» жабыңыз.

  13. Қолғапты, масканы, шешіп қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  14. Бикстен алынған материалды жолдамасымен бактериологиялык лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз.

Ескерту: материалды лабораторияға жеткізгенше t-4-6°C тоңазытқышта сақталуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет