Пациентке антропометрия өткізу
Антропометрия- адам денесін және жеке мүшелерін өлшеу арқылы жетілуін анықтау.
Өлшеу әдісіне жатады: дене салмағы,бойы,көкірек клеткасының шеңбері т.б
Бойды- арнайы өлшеуішпен байқайды.Аспаптың тік тіреуі сантиметрлік бөлулері бар алаңшаға бекітілген.Тіреудің бойымен көлденең орналасқан тақтайша қозғалады.Бойын өлшегенде сырқат тіреуішке өкшесін, бөксесін, жауырынын,желкесін тигізіп арқа жағымен тұрады.Құлақ қалқанының жоғарғы ұщы мен көз сызығының ұшы бір горизонталь сызықтың бойында болғандай етіп басын ұстау қажет;тақтайшаны басына түсіріп оның төменгі бөлуінің көрсеткішін санайды.Кейбір жағжайда пациент бойын отырғызып қойып өлшейді,мұнда алынған санға отырғыштан еденге дейінгі қашықтықты қосады.
Өлшену- дұрыс орнатылған және жақсы реттелген дәрігерлік ондық салмағы таразыда тексереді.Аш қарынға,іш киіммен,дәрет сындырғаннан кейін өлшеу ұсынылады.Ауыр науқастарды алдын ала орындық салмағын анықтаған соң,отырғыза өлшейді.
Достарыңызбен бөлісу: |