Тыныс алу жиігін санау.
Мақсаты: Тыныс алу санын есепте, Т-параққа тіркеу.
Көрсеткіші: Дем алу функциясын бағалау. Дәрігердің тағайындауын орындау.
Құрал жабдықтар: секундомер, Т-парақ.
Жүргізу іс-әрекеті:
1. Қолынды жу.
2. Пациентті ыңғайлы жағдайға отырғыз.
3. Сол қолыңызды кеуде торының үстіне қой (әйел адамдарда) немесе құрсақ қуысының үстіне қой (ер адамдарда).
4. Пациенттің қолын алып тамыр соғысын санағандай отырып кәрі жілік артериясына қой.
5. Кеуденің көтерілуіне, түсуіне назар аудар.
6. Тыныс алудың тереңдігіне және ритміне 30 секунд ішінде бақыла және есіңде ұста.
7. Демалу қозғалысын 1 минут ішінде сана (тек қана демінің алуы).
8. Нәтижесін температураға параққа тірке.
Достарыңызбен бөлісу: |