7. Сосын қабықтарды қараңыз. Ол үшін бала жолдасының нәрестелік жағын жоғары қаратып аударыңыз және қабықтарды жазыңыз, оны кіндік бау арқылы ұстаңыз, нәресте орнынын қайта орнына келтіруге ынталаңыз.
8.Үзілген тамырлардың болуына асаназар аударыңыз, себебі бұлар қосымша бөлік барын және жатыр қуысында қалғанын дәлелдейді.
9.Егерде үзілген қабықтарды тапсаңыз, демек, олардың үзінділері жатырда кідіргенін көрсетеді.
10.Қан ағу болмаған кезде жасанды түрде қабықтарды алып тастамаңыз, олардың өздері шығады. Қабықтардың жыртылу орны бойынша плаценталық алаңшаның орналасуын ішкі ернеуге байланысты анықтауға болады. Қабықтардың жыртылуы плацентаға жақын болса, онда плацентаның төмен бекітілгені анықталады, бұл босанғаннан кейінгі ерте кезеңде көп қанағудың қауіптілігін көрсетеді.
11. Кіндік баудың бекітілген орнына көңіл бөліңіз (орталық, бүйірлік, шеттік).
12. Кіндік баудың ұзындығына көңіл бөліңіз (ұзын, орташа, қысқа).
13. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.
14.Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
15. Бала жолдасын зертханаға немесе қайта өңдеуге жіберіңіз.