Құстардың жүрегi төрт (камера) бөлiмнен: олар 2 жүрекшеден және 2 қарыншадан тұрады.
Құстардың қан айналу жүйесi екi айналым шеңберiнен тұрады: кiшi және үлкен қан айналым шеңберi.
Жылықанды
Жүйке жүйесі
Алдыңғы миы үлкен және ол жарты шарға бөлiнген. Сондықтан аралық ми мен орта мидың бiразын үстiнен жауып тұрады.
Құстардың көп қозғалғыштығына және ұшу кезiнде алуан түрлi күрделi қозғалыстар жасауына байланысты мишық та әжептеуiр көлемдi.
Сезім жүйесі
Иiс мүшелерi басқа омыртқалы жануарлармен салыстырғанда нашар дамыған.
Көзі кірпік еттерінің әсерімен көз хрусталигінің формасын өзгерту арқылы және көз алмасымен оны қоршап тұрған белокты қабығының формасын өзгертетін сақиналы бұлшық еттердің ерекетінен көретін болады.
Құстарда төменгі және жоғарғы қабақтардың болуымен бірге бүкіл көзін жауып тұратын үшінші қабағы да болады.
Құстардың есту мүшелерi iшкi және ортаңғы құлақтан тұрады. Есту сүйегi бiреу болады.
Есту сүйегi жақсы жетiлгеннiң нәтижесiнде дыбыс ырғағын құлақ қуысына жiбергенде дыбыс шығарады.
Зәр шығару жүйесі
Зат алмасу процесiнiң күштiлiгiнен құстарда бөлiнiп шығатын заттың мөлшерi шамамен тыс көп болады
Құстардың ұрықтарында мезонефрос — дене бүйрегі болса, ересектерінде метанефрос — жамбас бүйректері деп аталатын бүйрегі болады.
Қуығы болмайды
Жыныс жүйесі
Іштей ұрықтанады.
Ұрықтану жұмыртқа жолының ішінде жүреді.
Аталықтарында жұп аталық безі, жұп тұқым жолы болады.
Ал аналық жыныс мүшелері, яғни аналық безі де, жұмыртқа жолы да, сыңар жолы да тек сол жағында ғана болады.