-сурет. Бөлінген жазық фигура.
Осы есепті информатикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға беріп, программасын құрғызсақ. Біріншіден, программалау тілінің графикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, суретін салады.
uses GraphABC;
begin
var l1, l2: real;
SetPenColor(clred);
Rectangle(100, 100, 400, 300);
SetPenColor(clblue);
Line(400, 100, 100, 300);
Line(100, 100, 400, 300);
TextOut(90, 90, 'B');
TextOut(90, 302, 'C');
TextOut(405, 90, 'A');
TextOut(405, 302, 'D');
end.
Екіншіден, сызығы сызығына тең екендігін тексеру үшін, координаттар жазығындағы екі нүктенің ара қашықтығын табу формуласын еске түсіреді (2-сурет):
2 -сурет. Координаттар жазығындағы екі нүктенің ара қашықтығын табу формуласы.
Қарама-қарсы төбелерін қосқанда пайда болған CBA және ACD үшбұрыштарының ауданын Герон формуласы бойынша тауып алады. Ол үшін алдымен үшбұрыштың әр қабырғасының ұзындықтарын тауып алу керек.
ACD үшбұрышының қабырғаларының ұзындықтары:
AC := sqrt(sqr(400 - 100) + sqr(100 - 300));
AD := sqrt(sqr(400 - 400) + sqr(100 - 300));
CD := sqrt(sqr(100 - 400) + sqr(300 - 300));
CBA үшбұрышының қабырғаларының ұзындықтары:
AB := sqrt(sqr(100 - 400) + sqr(100 - 100));
BC := sqrt(sqr(100 - 100) + sqr(100 - 300));
AC қабырғасының ұзындығы есептелген.
ACD үшбұрышының ауданы:
P1:=(AC+AD+CD)/2;
S1:=SQRT(P*(P-AC)*(P-AD)*(P-CD));
CBA үшбұрышының ауданы:
P2:=(AB+BC+AC)/2;
S2:=SQRT(P*(P-AB)*(P-BC)*(P-AC));
Ауданын тауып алған соң, екі үшбұрыштың ауданын салыстырады. Егер де екі үшбұрыштың ауданы тең болса, жазық фигурасын оның бұрыштарының бірі арқылы өтетін сызықпен екіге қақ бөлуге болады.
writeln('S1=', S1:5:2);
writeln('S2=', S2:5:2);
if S1=S2 then Writeln('ABCD фигурасы қақ бөлінді');
end.
Егер, ақпараттық-коммуникациялық құзырлылықтың оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті екенін ескерсек, онда мұндай жұмыстардың оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылықтарын қалыптастыру мәселесіне өз үлесін қосары анық.
Нәтижесінде сыныптан тыс жұмыстарда мұндай есепті шығару барысында оқушылар басқа пәндерден алған білімдерін толықтырып, оны пайдалана отырып, программа құру арқылы есептің шешуін табатындығын көріп отырмыз. Бұл оқушылардың АКТ құзырлылығын қалыптастыруға көмектеседі деген сөз. Сондай-ақ, ғылым тарихымен, математика тарихынан хабардар болады. Осылайша берілген тың ақпаратты АКТ құралдарын пайдалана отырып, өңдеу арқылы жаңа ақпарат алып, АКТ құралдарын өздерінің күнделікті қызметтеріне пайдаланана алу құзырлылықтары қалыптаса түседі.
Пайдаланған әдебиеттер
1. А.С Сейтақов Қазақ ойшылдары мен ағартушылардың философиялық-педагогикалық мұраларының рөлі мен маңызы. «Жаһандану жағдайында ұлттық білі беру жүйесінің даму мәселелері» Алтынсарин оқулары халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. Алматы. 2008 ж. 31-34 б.
2. Кубесов А.К. Математическое наследие аль-Фараби. Алма-Ата, «Наука», 1974. – 246 с.
3. Аль-Фараби, Математические трактаты. – Алма-Ата, 1972.
4. Вербицкий А.А. Компетентностный подход и теория контекстного обучения. Труды методологического семинара «Россия в Болонском процессе: проблемы, задачи, перспективы». — М., 2004.
5. Бидайбеков Е.Ы., Камалова Г.Б., Бостанов Б.Г., Умбетбаев К.У., Салгожа И.Т., Торебекова Р.К. Формирование ИКТ –компетенции во внекласной работе по математическому наследию аль-Фараби. Материалы I международной научной конференции в рамках IV Международного научно-образовательного форума «Человек,семья и общества: история и перспективы развития».-г.Красноярск 2016г. С.172-177
Достарыңызбен бөлісу: |