Статистикалық жиынтық - нақты бір салмақтыққа, бірлікке, бүтіндікке, өзара тәуелділікке ие бірліктердің көптігі.
Жиынтық бірлігі – нақты бір белгіге ие көптің жеке алынған элементі.
Белгі – жиынтық бірлігінің жалпы құрамы, сипаттамасы, ол бақылануы немесе өлшенуі мүмкін.
Сандық белгі – сандық мәнмен көрсетіле алатын белгі.
Сапалық белгі (атрибутивті) – мағыналық мәні бар, сандық көрсетілімге жатпайтын белгі.
Варияция – жиынтықтың жеке бірліктерінің белгісі мәнінің аутқуы, әртүрлілігі, өзгерілуі.
Статистикалық көрсеткіш – зерттелетін объекті құрамының сандық бағасы.
Статистикалық заңдылық – жекеше алып қарағанда кездейсоқ болып көрінетін құбылыстардың көп сан түрінде байқалғанда, оның қажетті құбылыс ретінде анықталуы б.т.
Статистикалық бақылау – бұл жоспарланған, ғылыми ұйымдастырылған, қоғамдық өмірдің құбылыстары мен процестері туралы мәліметтерді жинау, оның мәні әр жиынтық бірліктерінің өз белгілеріне тән топтарға бөлінуі.
Достарыңызбен бөлісу: |