«Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік»
Дата 06.03.2020 өлшемі 101,5 Kb. #59695
Байланысты:
www.zharar.com-ustaz-2 www.ZHARAR.com
№ 182 мектепте өткізілген
мұғалімдер күні мерекесіне арналған
« Ұстаз аты – биік , әрі мәңгілік » атты мерекелік жиын
Мақсаты : Оқушыларды ұстазды құрметтеуге , сыйлауға үйрету , ұстаз мамандығының
қыры мен сырларын түсіндіру . Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету .
Көрнекіліктер : Қанатты сөздер , гүлдер , жалауша , шарлар .
Би : « Ақбұлақ »
І жүргізуші : Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған ,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған .
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар ,
Өздеріңнен бастау алар бар арман .
ІІ жүргізуші : Ұстаздар жақсылықтың жол ашары ,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы .
Өмірді алға қарай өрлететін ,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы –
І жүргізуші : Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз ! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық
нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым . Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып , құрметтейтін екі ұғым болса , оның бірі – Ұстаз .
ІІ жүргізуші : Дұрыс айтасың Ұлжан .
« Ұстаз » деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті , қадірлі болған .« Ұстаздан тәрбие алған » немесе « Ұстаз алдын көрген » деген сөздер « ана тәрбиесін алған » деген сөздермен ұштасып жатады .
І жүргізуші : Иә , Жеңісбек .
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты . « Ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз .
ІІ жүргізуші : Ұстаз – ұлағатты есім . Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып , тәлім – тәрбие беру , жақсы қасиеттерді бойына дарытып , адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор .
І жүргізуші : Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз . Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді .
ІІ жүргізуші : Олай болса , қадірлі ұстаздар !
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз .
І жүргізуші : Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп , білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін .
І , ІІ жүргізуші : Еңбектеріңізге табыс , отбасыларыңызға бақыт , мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз .
І жүргізуші : Олай болса бүгінгі мерекеге арналған « Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік » атты мерекелік жиынымызды ашу үшін мектеп басшысы Ғалымбек ағайға береміз . Рахмет , ағай !
« Той бастар » әнін қабыл алыңыздар . Орындайтын 8 – класс оқушысы Сейділда Жұлдыз .
ІІ жүргізуші : Келесі тыңдайтын әндеріңіз « Ұстазым » орындайтын 10 – класс оқушысы Сілтеу Мадина .
І жүргізуші : Ұстаз ! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына , қасиетті ұғым жатыр . Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ . Жүрексіз өмір болмаса , мұғалімсіз білімнің , тәрбиенің іске аспайтыны белгілі . Небір данышпан адамдар , қарапайым еңбеккерлер , тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар .
ІІ жүргізуші : Иә , ол – ұстаз ! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес . Адамды тәрбиелеп , оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш , сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек .
Ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да , егін салған диқан да , мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған , сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады .
І жүргізуші : Олай болса ұстаздарымыздың құрметіне ауыл әкімі Бибісара апайдың жылы лебізін тыңдасақ .
Рахмет , апай !
ІІ жүргізуші : « Қазақ қызы » орындайтын 8 – класс оқушысы Қуанышбай Әбдуали .
І жүргізуші : Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып ,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып ,
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы ,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік ! – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді ардагер ұстаз Кемал ағайға береміз . Рахмет , ағай !
ІІ жүргізуші : « Ұстазыма » орындайтын 7 – класс оқушысы Жеткербай Гүлзат .
І жүргізуші : « Мектеп – білім тірегі , ұстаз - оның жүрегі » - деп ғұлама ағаларымыз айтқандай , Жеңісбек менің ойымша , кез – келген адам ұстаз бола алмайды .
ІІ жүргізуші : Олай ойлауыңның себебі неде ?
І жүргізуші : Себебі ұстаздық - өнер , тағылымы терең өнер . Ал өнерлі болу кез – келген адамға қона бермейді .
ІІ жүргізуші : Олай болса , шын ұстаз болу үшін табиғи дарын , ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт .
Ұлжан , « Шәкіртсіз ұстаз тұл » деген сөз тегін айтылмаса керек .
І жүргізуші : Ұстаз деген – жарық күні ғаламның ,
Ұстаз деген – анасы ол адамның .
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін ,
Сен де одан адам болып жаралдың – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді мектепішілік ата – аналар ұйымының төрағасы Мейрамбек ағайға береміз . Рахмет , ағай !
ІІ жүргізуші : « Асыл досым » әні орындайтын 8 – класс оқушысы Сейділда Жұлдыз .
І жүргізуші : Мұғалім , ғазиз мұғалім ,
Төгілген арай , шуағым
Арманым қонса , қолыма ,
Арқаң деп сенің ұғамын .
ІІ жүргізуші : Мұғалім , ғазиз мұғалім ,
Сарқылмас мәңгі бұлағым .
Ұланың бүгі тойыңда ,
Арнайды саған бұл әнін .
І жүргізуші : Жеңісбек , ұстаздық ету – уақыт ұту емес , өзгенің бақытын аялау , өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз .
ІІ жүргізуші : Дұрыс айтасың , Ұлжан .
Алтын уақыттарын сарп қылып , ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай , балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор .
І жүргізуші : Олай болса ұстаздарымызға арналған құттықтау сөзді мектепішілік өзін - өзі басқару ұйымының президенті Әбілова Ақмаралға береміз . Рахмет !
ІІ жүргізуші : « Ұстазым » әні орындайтын 7 – класс оқушысы Жұматай Тұрсынай .
І жүргізуші : Ұстаз жолы қиынырақ басқадан ,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында ,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам – дей келе ендігін мерекелік құттықтау өзді мектеп басшысы Ғалымбек ағайғ береміз . Рахмет , ағай !
« Достар » әні орындайтын 10 – класс оқушысы Сілтеу Мадина .
ІІ жүргізуші : Мектеп үйім , ұстаздарым ата – анам ,
Сенен өсіп , сенен ғана нәр алам .
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек ,
Тамырлары сан тарапқа тараған .
І жүргізуші : Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын ,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын .
Білімімен суарған шәкірттерін ,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын !
ІІ жүргізуші : Құрметті ұстаздар , қонақтар !
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған « Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік » атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз .
І жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!
Санат : Қазақша Сценраийлер жинағы
Дереккөзі : http://www.zharar.com/kz/1348-h.html
© www.ZHARAR.com Достарыңызбен бөлісу: