Ұстаз аты биік,әрі мәңгілік


Жоғарыдағы мәселелерді тыңдай келе шешім етеді



бет2/3
Дата30.10.2019
өлшемі71,94 Kb.
#50813
1   2   3
Байланысты:
хаттамалар


Жоғарыдағы мәселелерді тыңдай келе шешім етеді:

  1. «Ұлдар мен қыздар арасындағы достық» тақырыбында тренинг жақсы деңгейде өтті деп бағалансын

  2. Осы тренингте айтылғандар үнемі қыздардың назарына алынсын

Жиналыс басқарушы: Ш.Ұзақбекова

Хатшы: Ұ.Арыстанова

Хаттама №

Ақсай ауылы 25.09.2018ж

«Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ата көрген оқ жонар» тақырыбында ұлдар жиналысы болып өтті.

Күн тәртібінде:

1. «Ата көрген оқ жонар» тақырыбында ұлдар жиналысының өтілуі жайлы

Тыңдалды:

1. Сынып жетекші Қоғанбаева Әсем «Ата көрген оқ жонар» тақырыбында ұлдар жиналысы туралы Ата-бабаларымыз  ұл-қыздарын өздеріндей еңбек сүйгіш, жауынгер, әнші, күйші, ақылды, парасатты, иманды етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Олардың бойына өнер мен еңбекті ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Мәселен, ер баланы бес жасынан бастап азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, темірден  түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлігіне баулыған. Ал қыздардың тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан ақ шашты қарияның алдынан аттатпай өсіреді. Адамның қандай болып өсуі оның ата-анасына байланысты. Ата-ана тәрбиесі жас ұрпақтың бойына өнер, білім ғана емес, күллі әдепті де, мәдениет пен ізгілікті де сіңіре білген.     Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың орны ерекше. Әке отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өнер-білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Өнегелі, өнерлі, «Сегіз қырлы, бір сырлы», намысқор азамат тәрбиелеу аталар арманы болған. Ал, аталар жолын қуып, өнері мен өнегелі ісін жалғастыру жастарға да үлкен сын болып саналған. «Ата көрген оқ жонар» деген мақал соны меңзейді.-деп өз ойын айтып өтті.                                                                                         

Сөйлеушілер:


  1. 5-сынып оқушысы Алиасқаров Аслан - Үлкенді сыйлау- біздің халқымыздың ежелгі дәстүрі. Ол дәстүр бойынша жастар үлкеннің  алдын кесіп өтпеуге, сыпайы болуға, үлкенмен сөз жарыстырмауға, тіпті үлкендердің алдында қатты күлмеуі тиіс. Осындай ата дәстүрімізді біз жастар жадында сақтап, жалғастыра білуі қажет-деп өз ойын айтып өтті.



  1. 5-сынып оқушысы Жақыпбай Әлішер Менің ойымша әкенің тәрбиесін көріп өскен әрбір ұл бала болашақта жаман болмайды. Ол еліне адал, қайырымды, қайсар, үлкендге құрмет, кішіге ізет көрсететіндей азамат болып шығады деп ойлаймын – деп өз ойын білдірді



Жоғарыдағы мәселелерді тыңдай келе шешім етеді:

  1. «Ата көрген оқ жонар» тақырыбында ұлдар жиналысы жақсы деңгейде өтті деп бағалансын

  2. Жиналыста айтылған тәрбиелік мәні бар сөздер үнемі еске алынсын

Жиналыс басқарушы: Ә.Қоғанбаева

Хатшы: М.Айтжанова

Хаттама №

Ақсай ауылы 22.10.2018ж

«Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Тәртіпке иілген құл болмайды» тақырыбында ұлдар жиналысы болып өтті.

Күн тәртібінде:

1. «Тәртіпке иілген құл болмайды» тақырыбында ұлдар жиналысының өтілуі жайлы

Тыңдалды:

1. Сынып жетекші Қоғанбаева Әсем «Тәртіпке иілген құл болмайды» тақырыбында ұлдар жиналысының мақсаты Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа баулу, көпшілік орындарда өзін-өзі ұстай білуге дағдыландыру.  Тәртіпті Мемлекет Басшысы бір өзі орнатпайды. Оны бүкіл халық, қоғам болып орнатуымыз керек. Оны өзімізден бастау қажет. Экономикалық дағдарыстарды бастан кешуге, оны еңсеруге болады. Ал бүкіл елді тәртіпсіздік жайласа, заңға бағынбау жиілесе оның болар зардабын айтып жеткізу қиын. Заң бұзушылық пен тәртіпсіздік білім мен тәрбие беретін оқу орындарынан бастап, билік орындарын, қызмет көрсету орталықтарын, қадағалау, бақылау ұйымдарын, тіпті армия мен шекара қызметін де жайлап алғанын жұртшылық көріп отыр. -деп өз ойын айтып өтті.                                                                                         

Сөйлеушілер:


  1. 5-сынып оқушысы Керім Жасын - Адамдардың барлығының мінез-құлқы, адамгершілік қасиеті, алған тәрбиесі бірдей емес. Біреулер момын да адал болса, екіншілері жалқау да арсыз, тағы біреуі қатыгез, бірі бауырмал болып келеді. Арсыз адам адал да бауырмал адамның еңбегін жеуі мүмкін. Осындай жағдайдың алдын алу немесе әділдікті қалпына келтіру үшін мемлекеттік органдар жұмыс істейді. Ежелгі заманнан бергі ойшылдар мен қайраткерлер де ең алдымен тәртіп туралы айтты, тәртіп орнатуға ықпал ететін заңдар мен күшті билікті сөз етті. -деп өз ойын айтып өтті.



  1. 5-сынып оқушысы Қызырхан Жарқын Тәртіп адам бойындағы ең жақсы қасйеттердің бірі. Ең алдымен тәртіп отбасынан басталады. Біз тәртіпті, тәрбиелі, ұқыпты да үлгілі бала болып, ата –анамыздың, ұстаздарымыздың үмітін ақтау керекпіз – деп өз ойын білдірді



Жоғарыдағы мәселелерді тыңдай келе шешім етеді:

  1. «Тәртіпке иілген құл болмайды» тақырыбында ұлдар жиналысы жақсы деңгейде өтті деп бағалансын

  2. Жиналыста айтылған тәрбиелік мәні бар сөздер үнемі еске алынсын

Жиналыс басқарушы: Ә.Қоғанбаева

Хатшы: М.Айтжанова

Хаттама №

Ақсай ауылы 26.10.2018ж

«Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Спорт-денсаулық кепілі » тақырыбында сынып жиналысы болып өтті.

Күн тәртібінде:

1. «Спорт-денсаулық кепілі » тақырыбында сынып жиналысының өтілуі жайлы

Тыңдалды:

1. Сынып жетекші Қоғанбаева Әсем ««Спорт-денсаулық кепілі » тақырыбында сынып жиналысы туралы Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата – бабаларымыз «Тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Салауатты өмір салты дегеніміз - адамның тұрмыстағы күнделікті қалыптасқан дағдысы мен әдеті бойынша еңбек ету, бос уақытын дұрыс пайдалана білу, өзінің рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырып, саяси және қоғамдық өмірге белсене қатысуы. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы зор. Оның маңызды міндеттерінің бірі оқушылардың салауатты өмірге деген ықылас жігерін қалыптастыру болып табылады. Оның маңыздылығы жыл сайын артып келеді. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек.
Елбасы казіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап үміт артады. Яғни, дені - сау, білімді, білікті, жан - жақты қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді-деп айтып өтті.

Сөйлеушілер:


  1. 5-сынып оқушысы Алиасқаров Аслан - Спорттық ойындардың бір түрі – баскетбол. Бүкіл әлемге тараған ойындардың бір. Баскетбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан тұрады – жүгіру, жүру, секіру және лақтыру. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болсын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да баскетбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді және ағзаға пайдалы - деп өз ойын айтты.

  2. 5-сынып оқушысы Нүркелді Шолпан «Салауатты өмір сүру дегеніміз – тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану».Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кезден көңіл бөліп, баланың ақыл - ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Бұған дәлел қазақтың спорттық ойындары. Жас кезінен бастап балаларға дұрыс тәрбие беріп, асық атып, атқа мініп, теңге іліп, бәйгеге шауып, күреске түсіп өскен жастар шымыр да шыныққан, епті де икемді болғанын білеміз.

Жоғарыдағы мәселелерді тыңдай келе шешім етеді:

  1. «Спорт-денсаулық кепілі» тақырыбында сынып жиналысы жақсы деңгейде өтті деп бағалансын

  2. Жиналыста айтылған денсаулыққа пайдалы сөздер үнемі еске алынсын

Жиналыс басқарушы: Ә.Қоғанбаева

Хатшы: М.Айтжанова
Хаттама №7

Ақсай ауылы 29.11.2018ж



«Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5-сынып қыздары арасында «Қыздар гигиенасы» тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті.

Күн тәртібінде:

1. «Қыздар гигиенасы» тақырыбында қыздар жиналысының өтілуі жайлы

Тыңдалды:

1. Сынып жетекші Қоғанбаева Әсем «Қыздар гигиенасы» тақырыбында қыздар жиналысының мақсаты Қыз балалардың денесінің дамуы, гигиенасы туралы түсінік. Гигиена грек сөзі – Gugieinos  емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым.

Гигиена – аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа зиян келтіретін азық түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат салысады. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гигиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырады. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігімен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласын аурулардан айықтыруға, дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға, еңбекке деген қабілеттілікті көтеруге, биологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым. Практикада қолданатын нақтылы тәсілдері болады. Осының бәрі адамның денсаулығын арттыруға қолданылады.-деп өз ойын айтып өтті.                                                                                         



Сөйлеушілер:

  1. 5-сынып оқушысы Нүркелді Шолпан. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер гигиенасы болып бірнешеге бөлінеді. Әркімнің өздерінің алдына қойған мақсаттары бар.  Дәрігер – гигиенистер, санитарлар айналаны қоршаған сыртқы ортаның адамдар өмірі мен жұмыс жағдайларының келеңсіз тұстарының алдын алатын ескертпе көріністеріндей күн сайын болатын санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізіп, әрбір кездескен қолайсыз жағдайлардың жолына тосқауыл қойып отырады. Сол себепті де біз таза, ұқыпты жүруіміз керек -деп өз ойын айтып өтті.



5-сынып оқушысы Ғабитқызы Диана Оқушыларға адамның өміріндегі астың маңызды рөлін, дұрыс  тамақтанудың денсаулық үшін пайдасын, жеміс құрамындағы витаминдер және оның ағзаға пайдасын түсіндіру. Дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру.сонымен қатар дұрыс киім кию аса орынды болып табылады.Бұл кезде таным болуы тиіс, осы танымды тәрбиелей білу қажет. Әдемілікті бәрінен көре білу керек – қоршаған ортадан, мәдениеттен, адам денесі гармониясынан. – деп өз ойын білдірді

Жоғарыдағы мәселелерді тыңдай келе шешім етеді:

  1. «Қыздар гигиенасы» тақырыбында қыздар жиналысы жақсы деңгейде өтті деп бағалансын

  2. Жиналыста айтылған сөздер үнемі еске алынсын

Жиналыс басқарушы: Ә.Қоғанбаева

Хатшы: М.Айтжанова
Хаттама №9

Ақсай ауылы 26.11.2018ж



«Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Әдептілік ережесі ұлдарға кеңес» тақырыбында ұлдар жиналысы болып өтті.

Күн тәртібінде:

1. «Әдептілік ережесі ұлдарға кеңес» тақырыбында ұлдар жиналысының өтілуі жайлы

Тыңдалды:

1. Сынып жетекші Қоғанбаева Әсем «Әдептілік ережесі ұлдарға кеңес» тақырыбында ұлдар жиналысының мақсаты Оқушыларға әдептілік туралы түсінік беру.Әдепті, сыпайы,  инабатты болуға, адамдармен мәдениетті қарым- қатынас жасай білуге үйрету, бабалардан қалған ұлағатты, ғибраталарлық сөздерді ұғындыру.Жаман, әдепсіз қылықтардан бездіру, бойын алыстату.Өздігінен талпынып, жауапкершілікті сезінетін әдепті, өнегелі тұлғаны тәрбиелеу. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем береді» дегенәдеп бар. Жасының үлкендігіне қарамай, ауылға қонаққа бірінші рет келген қонаққа үлкен адамда келіп сәлем берген. Әдепті болу тек сәлемдесу ғана емес Ата-ана, ұстаз, бір-біріңді, бауырыңды силау, ретсіз сөйлемеу, күлмеу, дастарқан басында әдепті отыру, дұрыс киін, жүру, тұру да әдептілікті талап етеді-деп өз ойын айтып өтті.                                                                                         

Сөйлеушілер:

1.5-сынып оқушысы Керім Жасын Әдеп-тәртіп деген сөз. Бұл-халықтық ұғым. әдеп сақтаудың қоғамдық мәні бар. әдеп сақтау-әдептілік, яғни, мінез-құлық пен адамгершілк қарым қатынастың қалыптасқан ережесін мүлтіксіз орындау. Әдепті болу үшін кішіпейіл, көпшіл, инабатты болу керек. «Әдептілік- әдемілік» дейді халық даналығы. Әдепті болу үшін әдемілікті, жақсылықты сезіну керек. Жақсылықты сезінбейтін адамды «ұятсыз» дейді халық. Өз кемшілігін түсініп, оны түзетуге тырысатын адамды «ұяты бар» дейді. Сондықтан жас кезден бастап әдеп сақтауға үйрету керек -деп өз ойын айтып өтті.

2.5-сынып оқушысы Жақыпбай Әлішер Адамның бойындағы асыл қасиеттерінің бірі-әдептілік сезімі. Өзіңді әр түрлі жағдайда эстетикалық және этикалық талаптарға сай ұстай білу. Шын жүректен шыққан әдептілік сезімі өзге біреудің жанына кірбің салмай, адамға қуаныш әкеле алатынның бәрін түсінуді және басқа біреудің уайым- қайғысына ортақтаса білуді талап етеді. Әдепті адам әр уақытта қоғамға, басқа адамға қиянат жасаудан бойн аулақ ұстайды. «Әдебі жақсы-әдемі» деген қанатты сөз осының айқын дәлелі.– деп өз ойын білдірді

Жоғарыдағы мәселелерді тыңдай келе шешім етеді:

  1. «Әдептілік ережесі ұлдарға кеңес» тақырыбында ұлдар жиналысы жақсы деңгейде өтті деп бағалансын

  2. Жиналыста айтылған тәрбиелік мәні бар сөздер үнемі еске алынсын

Жиналыс басқарушы: Ә.Қоғанбаева

Хатшы: М.Айтжанова

Хаттама №

Ақсай ауылы 25.12.2018ж

«Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Білімді ұрпақ – ел ертеңі» тақырыбында сынып жиналысы болып өтті.

Күн тәртібінде:

1. «Білімді ұрпақ – ел ертеңі» тақырыбында сынып жиналысының өтілуі жайлы

Тыңдалды:

1. Сынып жетекші Қоғанбаева Әсем «Білімді ұрпақ – ел ертеңі» тақырыбында сынып жиналысы туралы Егеменді еліміздің тірегі – білімді, тәрбиелі ұрпақ. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасын дамытатын,бүкіл әлемге Қазақстанды паш ететін  бүгінгі жас ұрпақ. Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды бойында ұлттық құндылықтар бар, сақталған жеке  тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, сан қилы өмірде аяғынан тік тұрып кететініндей түрткі жасауымыз қажет. Сол себептібарша ұстаздардың, ата-ананың, қоғамның міндеті әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру-деп өз ойын айтып өтті.                                                                                         

Сөйлеушілер:

1.5-сынып оқушысы Ғабитқызы Диана - Қазақ халқының  ағартушысы  М.Жұмабаев «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»,- деген. Бұл үлкен міндетті орындауда ұстаздардың ролі жоғары болу керек. Ол ең алдымен мұғалімнің даярлығына,оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты -деп өз ойын айтып өтті.

2.5-сынып оқушысы Керім Жасын Бала тәрбиесі ең алдымен,аға ұрпақтың жас  жеткіншекке  деген сүйіспеншілігі мен  қамқорлығынан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды. Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс-қимылынан  танылып, сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп  отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор – деп өз ойын білдірді



Жоғарыдағы мәселелерді тыңдай келе шешім етеді:


  1. «Білімді ұрпақ – ел ертеңі» тақырыбында сынып жиналысы жақсы деңгейде өтті деп бағалансын

  2. Жиналыста айтылған тәрбиелік мәні бар сөздер үнемі еске алынсын

Жиналыс басқарушы: Л.Әбдіханова

Хатшы: Ә.Қоғанбаева
Хаттама №

Ақсай ауылы 25.12.2018ж



«Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті.

Күн тәртібінде:

1. «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» тақырыбында қыздар жиналысының өтілуі жайлы

Тыңдалды:

1. Сынып жетекші Қоғанбаева Әсем «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» тақырыбында қыздар жиналысы туралы «Қызды тәрбиелегеннің – бір ұрпақты тәрбиелегенің», - деген екен ата- бабамыз. Бұл сөздің астарында үлкен мәселе жатыр. Өйткені қыз болашақ ұрпақтың анасы. Ұрпақ жалғастығын бәрінен жоғары қою, өле-өлгенше баласына қамқорлық көрсету әлемнің бірқатар елдерінде сақтала бермейтін дәстүр. Атам заманнан келе жатқан салт-дәстүрдің қуанышы мол, қызықтысы – ұлын ұяға қондыру, қызын қияға ұшыру, бір сөзбен айтқанда қыз ұзатып, келін түсіру болған. «Алып анадан туады» дегенді түптей түсінген қазақ елінде Ананы ардақтау, Ананы сыйлау, оның ішінде жаңа түскен жас келінді құметтеу бұзылмас салт-дәстүрге айналған. Ұрпағымыздың бойына ұлттық тәрбиені, имандылық қасиеттерді сіңірсек, халқының әдеп-салтын жақсы білетін, ата-анасын сыйлайтын, ел үшін еңбек ететін ұрпақ тәрбиелеген боламыз -деп өз ойын айтып өтті.                                                                                         



Сөйлеушілер:

  1. 5-сынып оқушысы Ғабитқызы Диана – Әр қыз өз қылығымен көрікті. «Қыз – болашақ жар, аяулы ана, ар­дақты, ақыл айтар әже. Ол қылығымен, көрікті және жібектей мінезімен мінсіз. Қазақ қызы жүрегіндегі иманы мен бойындағы ибасы, адамгершілік қасиеттерімен, үлкенге зор құрметі мен салт-дәстүрді сақтауымен өзге ха­лықтан ерекшеленеді. Сондықтан қыз баланың өнегелі тәрбиесі – бүгініміз бен болаша­ғымыздың барша­мызды толған­дырар ең маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі. Баға жетпес тәрбиені батыстың былапыт, бөтен әрекетімен шатыс­тырмай, еліктемей, түзу жолдан айны­масқа игі еді - деп өз ойын айтып өтті.



  1. 5-сынып оқушысы Ирғабыл Ақгүл «Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі» деп ықылым заманнан дана халқымыз қызды қырмызыдай қызғалдаққа теңеп, төріне отырғызып, баға жетпес асыл қазынасы санаған. «Анасы тұрып қызы сөйлегеннен без», «қызға қырық үйден тыйым», «қыз – шаңырақтың шырақшысы» деген маржан ойлар мен түбінде терең тағылым жатқан сөздердің астарынан халқымыздың қыз тәрбиесіне ерекше мән бергенін көреміз. Өткеннің еншісіндегі жақсы дүниені келешектің кемесіне салып, ұлттың ұлылығын танытатын игіліктің барлығы ұмыт қалмауы үшін бұл мәселеге баса мән беру керегін түсінеміз – деп өз ойын білдірді



Жоғарыдағы мәселелерді тыңдай келе шешім етеді:

  1. «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» тақырыбында қыздар жиналысы жақсы деңгейде өтті деп бағалансын

  2. Жиналыста айтылған тәрбиелік мәні бар сөздер үнемі еске алынсын

Жиналыс басқарушы: Л.Әбдіханова

Хатшы: Ә.Қоғанбаева
Хаттама №9

Ақсай ауылы 26.12.2018ж



«Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ер азамат – елдің тірегі» тақырыбында ұлдар жиналысы болып өтті.

Күн тәртібінде:

1. «Ер азамат – елдің тірегі» тақырыбында ұлдар жиналысының өтілуі жайлы

Тыңдалды:

1. Сынып жетекші Қоғанбаева Әсем «Ер азамат – елдің тірегі» тақырыбында ұлдар жиналысы туралы Ер жігіт – елдің ертеңі.Сонау атам заманнан бері елімізді «ақ найзаның ұшымен,ақ білектің күшімен» қорғап келген – ер жігіттеріміз.Азаматтарымыз тек ел қорғап қана қоймай,жан-жақта да болған.Мәселен, «жігітке жеті өнер де аз» дегендей,бірде қолына домбыра алып  даланы тербетсе,бірде суырып-салма ақындыққа салып ән шырқап халықының көңіл-күйін көтеріп,ал бірде ел басына күн туып жатқанда, қиын мәселелерді,дау-дамайды ел ағасы ретінде шешіп отырған. «Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені»-дегендей,жігіттеріміздің  берген уәделерінде тұра білуі де үлкен қасиет.Біздің болашағымыз, еліміздің тағдыры да ер азаматтарымыздың қолында.Қазақ елін түрлі қасиеттерімен, ерекше таланттарымен әлемге танытып жатқан да ер азаматтарымыз. «Сегіз қырлы-бір сырлы» заматтарымыз әрқашан аман болсын демекпін.Себебі,осы күнге жеткеніміз - елін, жерін қорғаған ер азаматтарымыз бен өз өнерлерімен асқақтатқан – жігіттеріміздің арқасы екендігін әрбір ұрпақ біліп жүруі тиіс -деп өз ойын айтып өтті.                                                  Сөйлеушілер:

  1. 5-сынып оқушысы Алиасқаров Аслан «Біз – тарих пен тағдырдың бұралаңы көп жолдар мен ғасырларға созылған ұзақ уақыттағы қиыншылықтардың барлығын басымыздан өткеріп, көріп келген елміз. Біздің қазақ халқы өте төзімді, шыдамды, қайсар, батыр, ер халық деп ойлаймын, себебі тарих беттерін парақтап көрсек, қатігез толқындар біржолата мәңгі жойып жіберетіндей қиын кезең тұсында сан қиналса да, қазақ халқы қабырғасы қайыспай, аман қалыпты. Біздің халықты бүгінгі атқан ақ таңның сәулесін көруге жеткізген қазақтың ер жүрек, батыл ұлдары деп сенемін, себебі бұл тәттілікке келер жол ұзақ әрі қатты болды. Расымен, қазақ кемеңгер халық қой!» деп Жұбан Молдағалиев атамыз айтқандай келешекте елі, жері үшін бәрін аямайтын ұрпақ боламыз деп сенемін -деп өз ойын айтып өтті.

  2. 5-сынып оқушысы Алиғожа Досжан Отаныңды, еліңді ұлы болғаны үшін емес, өзіңдікі болғаны үшін сүйесің. Ал ең зор, ізгі ерліктерді Отанға, ел-жұртына деген сүйіспеншілік туғызған емес пе?!  «Елің үшін отқа түс – күймейсің» – дегендей, туған елінің бостандығы, жерінің азаттығы үшін күрескен әр замандағы ардақты ерлерін туған елі ешқашан ұмытқан емес, ұмытпайды да – деп өз ойын білдірді

Жоғарыдағы мәселелерді тыңдай келе шешім етеді:

  1. «Ер азамат – елдің тірегі» тақырыбында ұлдар жиналысы жақсы деңгейде өтті деп бағалансын

  2. Жиналыста айтылған тәрбиелік мәні бар сөздер үнемі еске алынсын

Жиналыс басқарушы: Л.Әбдіханова

Хатшы: Ә.Қоғанбаева

Хаттама №

Ақсай ауылы 13 .12.2018ж

«Ақсай орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8-11 сынып қыздар арасында «Жақсы қыз- жағадағы құндыз» тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет