45.Тек қана ата-аналармен бірге жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.
Василий Сухомлинский
46.Жақсы ұстазға қандай қасиеттер тілеуге тиіспіз? Өзінің оқытатын пәнін терең білуді, адал да сезімтал жан дүниесі болуын...
Дени Дидро
47.Өзіне кезінде көмектескендерді ұмытатын алтау:
— оқушы — ұстазын;
— үйленген бала — шешесін;
— айрылған еркек — әйелін;
— мансапқа жеткен — көмекшісін;
— ауру — дәрігерін;
— адасқан — құтқарушысын.
Үнді даналығы
48.Сабақ оқушылардың интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болу керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп оқушылар үшін рухани өмірді тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына, кітап - мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады.
Василий Сухомлинский
49. Мұғалім деген ат-қасиетті ат.Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам мұғалім.
Сәбит Мұқанов
50.Өзінің шәкірттеріне еңбектен қуаныш табу қабілетін дарыта алатын мұғалім зор даңққа бөленуге тиіс.
Элберт Хаббард