Ұстаз деген жарық күні ғаламның



Дата13.01.2020
өлшемі22,08 Kb.
#55774
Байланысты:
сценарий окончательный

Наурызбай ауданы №174 мектеп-гимназиясы

Ұстаз деген - жарық күні ғаламның Ұстаздар мейрамына арналған мерекелік шара сценарийі



  1. Патриоттық парад ұстаздарға арналған

  2. Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады

Данышпан да, дана да оқып сенен,

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең! «Мерей оқиды»

2. Жүргізушілер шығады.

Бексұлтан:- Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер, Құрметті де аяулы ұстаздар!

Нұрай:

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

Бексұлтан: Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,

Бар әлемге еңбегімен еленген

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Нұрай:

Бексұлтан, бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Бексұлтан:

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

Нұрай:

Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!

БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!

Бексұлтан: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің директоры Маликова Арнагүл Мусразқызын шақырамыз.

Нұрай: Сен қалай ойлайсың, Бексұлтан? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын-ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

Бексұлтан: 9«в» сынып оқушысы Құрмет Медеудің орындауында классикалық туындыны қабыл алыңыздар.

Бексұлтан: Нұрай, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Нұрай:

Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Бексұлтан: Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге

арналған мектеп оқушыларынан құралған «Аяла» би тобының өнеріне кезек берелік.

БИ: 1-2 сынып оқушылары

Бексұлтан: Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

Мұғалімді ардақтайды барша жан

Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

Бала десе ойламайды өз қамын

Көрсем дейді күнге де кол созғанын

Шәкірттерін өзінен де озғанын.

Нұрай: Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

дей келе, «Кешірім жоқ» әнімен ортада 9 «А» сынып оқушысы Мәсімбай Мерей.

Бексұлтан: Нұрай, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

Нұрай: Ал ендеше баста

Бексұлтан: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

Нұрай: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

Бексұлтан: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

Нұрай: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

Бексұлтан: «Ұстазы жақсының-ұстанымы жақсы»

Нұрай: Бексұлтан, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ал, ендеше қарсы алыңыздар ортада 2 «И» сынып оқушылары «Ардақты ұстазым» әнімен.

Бексұлтан:

Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға

Тарап демде кетеді шаршауың да

Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер

Тұрғанында солардың қоршауында

Нұрай:

Қиындықта кезіксең көп асу да

Қанша терің төгіліп жол ашуға

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!

9 «В» сынып оқушылары Дамирова Томирис және Муратова Сафияның орындауында «Балбырауын» күйі.

Бексұлтан: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

Нұрай: Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.

Қазақ биі: ортада 9 «В» сынып оқушылары Тұрысбекова Томирис және Парсаева Дана.

Бексұлтан: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен аздап әзілге орын берсек.

Әлібай Ердаулет, Мәсімхан Дарын, Нұрлан Дінмұхаммед.

Нұрай:

Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөзін биік ұстаған

Ардақты ұстаз асыл анаң секілді

Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

алдарыңызда 9”Ә” сынып оқушысы Дунаева Қарақаттың орындауында “Ұстазым” әнін қабыл алыңыздар! (вальске шақырады ұлдар қауымы)

Бексұлтан: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. /Көңілді күй, сахнаға оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді/ Ортаға барлық 9 сынып оқушылары шығады

Нұрай: Ұлағатты ұстаздар осымен ұстаздар күніне арналған Ұстаз деген -жарық күні ғаламның атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше

Бірге:Қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет