Ұстаз Осы бір 5 әріптің өзінде қанша мән,мағына үлкен бір терең ой жатыр десеңші. Ұстаз- ұлы мамандық. Жер бетінде мыңдаған мамандықтар бар



Дата19.10.2023
өлшемі14,33 Kb.
#186708
Байланысты:
Ұстаз


Ұстаз-ұлы тұлға
Ұстаз. . . Осы бір 5 әріптің өзінде қанша мән,мағына үлкен бір терең ой жатыр десеңші. Ұстаз- ұлы мамандық. Жер бетінде мыңдаған мамандықтар бар. Солардың ішінде барлық мамандықты адам қылып шығаратын, қиындығы мен қызығы қатар жүретін,үлкен жауапкершілікті талап ететін ерекше маман ол -Ұстаз! "Мұғалім мамандығы-барлық мамандықтың анасы"деп бекер айтпаса керек.
Қазіргі таңда мұғалімнің алар орны ерекше.Ол баланың алдағы өмірінің қалай болатына өзіндік үлес қосады.Яғни,баланың қалыптасуына әсер етеді.Бала губка сияқты кішкентай кезінде не үйретсең,соны өмір бойына қағып алады.
Қазақ халқы қашанда бала тәрбиесіне үлкен мән берген.Үлкенге құрмет көрсетіп,кішіге қамқор болу,қайырымдылық,адамгершілік деген сияқты ізгі адами құндылықтарды баланың тұла бойына сіңіру ,әрине ,ең біріншіден ата-ананың міндеті ,екіншіден тікелей мұғалімнің жауапкершілігінде деп білемін.
Мұғалім – болашақтың білім нәрін себушісі. Бүгінгі қоғамда мұғалім беделін көтеру басты мақсаттардың бірі болып отыр. Қазіргі кейбір ата - ана көзқарасымен қарасақ, мұғалім ақша жинаушы, сабағын дұрыс оқытпайтын, баласы тентек болып бір нәрсе бүлдірсе де соған мұғалімді кіналайтын болып алдық. Осындай жат қылықтарды мектеп өмірінен аластау үшін мұғалімнің ерен еңбегі мен төзімділігі, сауаттылығы, еңбексүйгіштігі, мықты ұстанымы керек. Сонда ғана біз мұғалім беделін көтере аламыз деп ойлаймын.
Қорыта келсек,елбасымыз айтқандай қазіргі заман талабына сәйкес еліміздің ертеңі мен болашағы жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры осы ұстаздардың қолында екенін айтып өткен.Мұғалім мәртебесін асқақтатып, қоғам алдында биікке шығара алсақ сонда ғана алдымызға қойған міндеттер іске асады!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет