Экология ғылымының негізгі салаларының бірі ретінде экологиялық педагогика кӛпшілікке білім
мен тәрбие беру барысында дами түсуде. Бұл бүгінгі ӛмір талабы. Ӛйткені, биосферадағы тіршіліктің
адамзаттың ақыл-ойы кемелденген этно-экология кезеңі болмақ. Жер шарының бүгінгі тағдыры мен
болашағы адам баласының ақыл-ойының деңгейіне байланысты болып табылады. Экологиялық білім
мен тәрбие беру жүйесінің міндеттерін шешуде орта білім беретін мектептің алатын орны ерекше.
55
Қазіргі кезде ғылыми техникалық прогресстің қарқынды дамуы табиғатқа кері әсерін тигізіп
отыр. Осыған орай жас ұрпақтардың бойына табиғат тағдырына деген жауапкершілік сезімін
қалыптастыру, экологиялық білім мен тәрбие беру, оны ғылыми түрде талдап шешу-педогогика
ғылымының алдындағы негізгі міндеттердің бірі.
Бүгінгі таңда педогогика ғылымының салалары экологиялық білім мен тәрбиенің ғылыми
негіздерін , ұстанымдары мен міндеттерін толық анықтауға ұмтылуда. Білім ордаларындағы
экологиялық білім беру әдістемелік және теориялық тұрғыдан зерттеліп зерделенуде.
Экологиялық білім мен тәрбие беруді барлық пәндердің соның ішінде жаратылыстану
пәндерінің (химия, биология және т.б.) нақтылы мазмұнына сүйене отырып жүргізу мүмкіндіктерін
зерттеу- мәселенің негізі болып табылады. Ал, пәндерді әсіресе химия, биология, география және т. б.
пәндерін экологияандыруда студенттерге табиғат жайлы білім негіздерін беріп қана қоймай , әр
пәннің студенттерді қоршаған ортасын сүюге баулудағы тәрбиелік орнын , қуатын аша отырып
оқыту ,сол арқылы студенттердің дүниетанымын , эстетикалық сезімін, мейрімділік , адамгершілік ,
жауапкершілік қасиеттерін дамытуға, ягни қоршаған ортасына қиянат жасамауға , оның заңдылықтарын
ескере отырып, жаңартуға, қорғауға атсалысуына басты назар аударылады. Табиғатқа антропогендік
факторлардың әсерінің күшеюі бұрыннан бар экологиялық мәселелерді одан әрі шиеленістіріп
жіберді. Ал оған теориялық және іс- жүзінде мән берілуі - табиғат пен практиканы дамытудың
қажеттілігі . Жалпы теориялық және жеке әдістемелік бағыттағы зерттеулерді кеңейту және тереңдету
қажет. Бірақ қазіргі оқу орындарындағы практика шын мәнінде уақыт талабына сай емес. Сол себепті
экологиялық сауатты, тәрбиелі жастарды дайындауды толықтай қамтамасыз ете алмай отыр. Қазіргі
зерттеуші ғалымдардың пікірінше , мұндай жағдайлардың туындауындағы басты себептердің бірі-
гуманитарлық циклді пәндер мазмұнында әлеуметтік экология идеясын ұғындырудың жеткіліксіздігі .
Сондай- ақ экологиялық мазмұндағы гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының бір- бірімен
байланыстылығының болмауы деп түсіндіріледі.
Экологиялық білім беру мен тәрбиелеу мәселесінің қандай да болмасын бір ғана оқу
орындарындағы жүргізілетін пәндер арқылы шешілуі мүмкін еместігі түсінікті. Шын мәнінде қоршаған
ортаны қорғау идеяларының мазмұнын ашатын бірде-бір пән жоқ деседе болады. Оқу
орындарындағы экологиялық білім беру мен тәрбиелеу мәселесінің жеке пәндерде біріктірілген
мазмұны болуының мүмкіндігі оны әрбір пәннің ӛз тұрғысынан қарастыруын , жан-жақты зерттелуінің
қажеттігін туындатады.
Қазіргі заман талабына сай оқу орындарында экологиялық білім мен тәрбие беру жұмыстарын
жүзеге асыруға байланысты мынадай міндеттерді шешу талап етіледі:
1. Студенттердің психологиялық , физиологиялық ерекшеліктерімен санасу.
2. Экологиялық тәрбиені пәнаралық байланыстар негізінде іске асыру.
3. Оқу курстарының жүйесі мен ӛзіндік құрылымы , оны оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін
басшылыққа алу.
4. Оқулықтағы экологиялық сипаты бар материалды іріктей білу .
Студенттердің қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыруда табиғи ортадағы
әсемдікті , үйлесімділікті тану білу шарт. Педагог И. Д . Зверев (1983ж.) тәрбиеленушіге педагогикалық
әсердің бірінші кезеңі ретінде ең алдымен студенттің табиғат сұлулығын түйсінуі, осы сұлулықты
сақтау үшін адамгершілік , азаматтық борышты ұғынуын қамтамасыз ету керектігіне кӛңіл аударады.
Сондықтан да экологиялық күйзелістердің болуы не болмауы антропогендік факторға , жастардың
экологиялық мәдениетіне , сауаттылығына , экологиялық білімінің жоғары деңгейде болуына
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: