Фосфор қышқылы дәрі-дәрмек жасайтын өнеркәсіпте пайдаланылады. Кальций дигидрофосфаты Са(Н2Р04)2 нан пісіруде пайдаланатын және алкогольсіз сусындар алуға арналған ұнтақтар ретінде қолданылады. Ал сілтілік металдардың фосфаттарынан жуғыш заттар алынады. Фосфор қышқылы және оның тұздары көбінесе минералдың тыңайтқыш алуға жүмсалады (22- сурет).
Фосфор (Ү) оксиді ақ түсті, су тартқыш қасиеті бар қатты I зат. Ол — қышқылдық оксид. Ортофосфор қышқылы — көпнегізді қышқыл, ол қышқыл | және орта тұздар түзеді. Қазақстанда табиғи фосфаттардың ірі бай кен орны бар. Табиғи фосфаттардан фосфор қышқылы мен минералдық тыңайтқыштар алынады.