Стехиометрия заттардыңарасындағымассалықжәнекөлемдікқатынастардықарастыратынхимияныңбөлімі. «Стехиометриялықмөлшер»



бет81/93
Дата26.01.2022
өлшемі302,24 Kb.
#129907
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   93
Байланысты:
химия жауаптар емтихан

Аммоний тұздарының сыртқы түрі және физикалық қасиеттері сәйкес сілтілік металдардың тұзына ұқсас. Сонымен бірге аммоний тұздарының бірқатар өзгеше қасиеттері де бар. Аммоний катионының NH4+ сілтілік металдардың катионынан ерекшелігі құрылымы күрделі және белгілі жағдайда ыдырайды. Мысалы, аммоний хлоридін қыздырғанда ол бірден буланады, бірақ бұл NH4Cl молекуласының ұшқыштығының салдарынан емес, тұздың қайтымды айырылуының нәтижесінде жүреді. NH4+ катионы металл ионы сияқты бір валенттік көрсетеді. Аммоний тұздары кристаллдық заттар, суда жақсы ериді және судағы ерітінділерінде иондарға толық диссоциацияланады: NH4Cl= NH4+ + Cl- Аммоний ионына сапалық реакция. Аммоний тұздары химиялық реакцияларға қабілетті. Мәселен, негіздермен қосып қыздырғанда, олар алмасу реакциясына түсіп, аммиак бөлінеді, оны иісі бойынша анықтайды. Бұл аммоний ионының сапалық реакциясы: NH4Cl(қ) = NaOH=Tº NaCl + NH3↑+H2O Аммоний тұздарының ыдырауы. Егер тұз ұшқыш қышқылдан түзілсе, онда ол қыздырғанда толық ыдырайды, бірақ салқындатқанда бөлінген газ қайта әрекеттесіп, бастапқы зат түзіледі: NH4Cl(қ)= NH3(г)+HCl(г) Егер тұз ұшпайтын қышқылдан түзілсе, онда аздап ыдырау жүреді: (NH4)2SO4= NH3↑+NH4HSO4 Анионы тотықтырғыш қасиет көрсететін аммоний тұздарын қыздырғанда тотығу- тотықсыдануға ұшырайды да, нәтижесінде қайтымсыз ыдырау процесі жүреді: NH4NO3=N2O↑+H2O Қолданылуы. Аммоний тұздары кеңінен қолданылады. Аммоний хлориді түтін түзгіш ретінде, ал оның ерітіндісі – мүсәтір металдарды қалайылауда және дәнекерлеуде, гальваний элементін жасауда, бояу өндірісінде қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет