Кебу және қайнау деп бөледі. Кебу



Дата26.05.2020
өлшемі16,6 Kb.
#71252
Байланысты:
Булану және конденсация


Булану және конденсация. Қаныққан бу және оның қасиеттері.Қайнау.Кризистік

температура. Заттың кризистік күйі.

Булану – бұл сұйық күйден заттың газ күйіне өту үдерісі.

Булануды кебу және қайнау деп бөледі.



Кебу - бұл кез келген температурада өтетін ашық сұйық бетіндегі булану құбылысы. Қатты заттардың кебуі сублимация деп аталады. Мысалы: асфальт бетіндегі су анағұрлым тез буланады. Егер ауаның температурасы жоғары болса және жел соғып тұрса, бұл құбылысты былай түсіндіріледі.

Сұйық молекулалары ретсіз қозғалады. Сұйықтың температурасы неғұрлым жоғары болса, молекулалардың кинетикалық энергиясы соғұрлым артады. Бұл мезетте кейбір молекулалардың кинетикалық энергиясының үлкен болатыны сонша, олар басқа молекулалардың тарталыс күшін жеңіп сұйықтан ұшып шығу мүмкіндігіне ие болады. Булану процесі дегеніміз осы.

Ұшып шыққан молекула газдың ретсіз жылулық қозғалысына қатынасып, ретсіз қозғала отырып, бұл молекула ашық ыдыстағы сұйық бетінен бір жола кетіп қалуы немесе сұйыққа қайтып оралуы да мүмкін. Мұндай үдеріс конденсация деп аталады.

Булану кезінде неғұрлым жылдам қозғалатын молекулалар сұйықтан ұшып шығады. Сондықтан сұйық молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы азаяды. Ал бұл сұйық температурасының төмендігін көрсетеді. Мысалы: тез буланатын сұйықтардың бірін (бензинді немесе ацетонды) қолыңа жағып, бірден олардың қолға жағылған жерінің өте салқындағанын сезінесің.

Егер сұйық беті май қабатымен жабылған болса, онда май тез қозғалатын молекулалардың шығып кетуіне кедергі жасайды. Сұйық буланбайды деуге болады және оның температурасы баяу төмендейді. Ыдысқа сұйық құйып бетін жапқаннан кейін алғашқы кезде сұйық буланады да будың тығыздығы арта бастайды. Бірақ онымен бірге сұйыққа қайта оралатын молекулалардың саны да өсіп отыратын болады.

Температура тұрақты болған жағдайда осының нәтижесінде жабық ыдыстағы сұйық пен бу арасында біртіндеп динамикалық тепе-теңдік қалыптасады. Сұйық бетінен шығып кететін молекула саны орта есеппен сол уақыт ішінде сұйыққа қайтып оралатын бу молекулаларының санына тең болады.

Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу қаныққан бу делінеді. Булану кезінде сұйық бетінен ұшып шыққан молекулалар саны сұйық бетіне қайта оралған молекула санынан артық болса, онда мұндай буды қанықпаған бу деп атаймыз.

Сұйық температурасының артуымен бірге булану күшейе түеді. Ақырында сұйық қайнай бастайды.



Қайнау – бұл ашық сұйық бетінде ғана емес сұйық ішінде де будың пайда болуы.

Қайнау кезінде сұйықтың барлық көлемі бойынша тез ұлғаятын бу көпіршіктері пайда болады да олар сұйық бетіне қалқып шығады. Көпіршіктер ішіндегі сұйық булары қаныққан бу болып есептелінеді.

Температураның өсуімен бірге қаныққан бу қысымы да артады, көпіршіктер ұлғаяды. Кері итеру күші әсерінен олар жоғары көтеріледі. Егер сұйықтың жоғары қабаттарының температурасы едәуір төмен болса, онда бұл қабаттардағы көпіршіктер ішінде будың конденсациясы байқалады. Қысым күрт төмендейді де көпіршіктер жарылады. Осындай көптеген көпіршіктердің жарылуы өзіне тән шу туғызады. Сұйық едәуір қызғанда, көпіршіктердің жарылуы тоқталады да, олар сұйық бетіне қалқып шығады. Сұйық қайнайды. Плита үстіндегі шәйнекке зер салсақ шәйнектің қайнау алдында ызылдауын тоқтатқанын байқаймыз.

Кез-келген сұйық белгілі бір температурада қайнайды. Оны қайнау температурасы деп атайды. мысалы: су – 1000С, сынап -3570С, спирт – 780С.

Кризистік деп аталатын белгілі бір температурада сұйықтың тығыздығы будың тығыздығына теңеледі. Сұйық пен оның қаныққан буы арасындағы физикалық қасиеттердің айырмашылықтары жоғалатын температура кризистік температура деп аталады.

Ауаның абсолют және салыстырмалы ылғалдықтары. Ауаның ылғалдылығын анықтауға арналған құралдар.

Ауада үнемі су буы болады, сондықтан ауа ылғалды. Ауаның ылғалдылығын сипаттау үшін абсолют және салыстырмалы ылғалдық түсініктері бар.



Абсолют ылғалдық – бұл берілген температурада ауадағы су буының тығыздығы. Абсолют ылғалдылықтың хбж-гі өлшем бірлігі кг/м3.

Ауаның ылғалдық дәрежесін, яғни оның құрғақ немесе ылғалды екенін анықтау үшін салыстырмалы ылғалдық делінген шама енгізеді.

Берілген температурадан ауа құрамындағы су буы р парциал қысымының, сол температурадағы қаныққан будың р0 қысымына процентпен өрнектеліп алынған қатынасы ауаның  салыстырмалы ылғалдылығы деп аталады:

;

- су буының парциал қысымы

н – қаныққан бу қысымы.

Ауаның ылғалдылығын психрометр арқылы өлшейді.



Психрометр екі термометрден тұрады. Олардың бііреуінің резервуары құрғақ күйінде болады да ауаның температурасын көрсетеді. Екіншісінің резервуары бір ұшы суға батырылған шүберкпен оралады. Су буланады, осының нәтижесінде термометр салқындайды.

Салыстырмалы ылғалдық 100-ке тең болғанда су тіпті буланбайды және екі термометрдің де көрсетуі бірдей болады.

Адам терісінің бетіндегі ылғалдық буланып кебу шамасы ауаның ылғалдылығына байланысты.

Кітапханаларда ауа ылғалдылығын тиісті деңгейде ұстап тұру қажет.

Тоқыма, кондитер және басқа өндірістердегі процестердің дұрыс жүруі үшін белгілі бір ылғалдық қажет.

Метеорологияда ауа райын күні бұрын болжап айту үшін де ылғалдылықты білудің үлкен мәні зор. Адам үшін неғұрлым қолайлы болатын салыстырмалы ылғалдық (40-60) ғарышкемеде.

Егер қаныққан буы бар ауаны қыздырсақ онда бу қаныққан бола алмайды, бірақ ондағы су буы тығыздығы өзгермейді. Бұл жағдайда ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмендейді.

Адам үшін қалыпты салыстырмалы ылғалдылық (50-60) болып саналады.



Су буы қаныққан буға айналатын температураны шық нүктесі деп атайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет