Стехиометрияның негізін қалаушы Орындаған: Ахан Ұлжалғас Дайрабекқызы Қабылдаған: Утемисова Арайлым Жубаткановна «Стехиометриялық мөлшер»



Дата08.02.2022
өлшемі120,03 Kb.
#121414
Байланысты:
ахан Ұлжалғас презентация хим тарихы
73 сабақ 2 курс, Біріншілік иммун, Презентация инклюююю, Презентация инклюююю, 6 -1, 6 -1, 6 -1, ахан Ұлжалғас презентация хим тарихы, ахан Ұлжалғас презентация хим тарихы, Е-164 лабораторная диагностика русский

Стехиометрия
Стехиометрияның негізін қалаушы


Орындаған:Ахан Ұлжалғас Дайрабекқызы
Қабылдаған:Утемисова Арайлым Жубаткановна





  • «Стехиометриялық мөлшер» деген ұғым химиялық реакцияның теңдеуіндегі немесе формуладағы заттың мөлшеріне сәйкес келеді. «Стехиометриялық есептеулерге» заттардың түрлері мен олардың арасында жүретін теңдеулері бойынша әр түрлі есептеулер және оған заттардың түрлері мен химиялық реакциялардың теңдеулерін құрастыру да жатады. Стехиометрияның негізін стехиометриялық заңдар құрайды. Бұларға заттар массасының сақталу заңы, құрам тұрақтылық заңы, эквиваленттер заңы,еселік қатынас заңы, кәлемдік қатынас заңы, Авогадро заңы жатады. Бұл заңдар заттардың атомдар мен молекулалардан тұратынын және атом – молекулалық ілімнің дұрыс екенін дәлелдесе, ал атом молекулалық ілім стехиометриялық заңдардың мәндерін толық түсіндіріп береді.

Стехиометрия зерттеулер.
XIX ғасырдың басында-ақ затты зерттеуде сандық тәсілдердің керемет жетістіктері химиялық революцияны мүмкін етіп жалпы жаратылыстанумен атап айтқанда, химиядағы жаңа түпкілікті өзгерістерді әкелді. Лавуазье ашқан зат массасының сақталу заңынан кейін жаңа сандық заңдылықтардың тұтас топтары – стехиометриялық заңдар жалғасты.
Алғашқы стехиометриялық заң – эквиваленттер заңы 1791-1798 жылдары неміс химигі Иеремия Вениамин Рихтер бейтараптану мен алмасу реакциясындағы зат мөлшерін есептеу тәжірибесі нәтижесінде анықтама берген. Оны «Стехиометрияның бастапқы негіздері немесе химиялық элементтерді өлшеу өнері» жұмысында жалпыланған болатын. Эквиваленттер заңының бастапқы («эквивалент» терминін 1767 жылы Г. Кавендиш енгізді) анықтамасы: «Егер де белгілі бір қышқылдың бірдей мөлшерлі екі негіздің әр түрлі мөлшерімен бейтараптанса, онда бұл мөлшерлер эквивалентті және басқа кез-келген қышқылдың бірдей мөлшерімен бейтараптанады».

К
лод Луи Бертолле



Рихтер ашқан заң көптеген химиктердің химиялық қосылыстар кез-келген қатынаста емес, қатаң белгіленген сандық қатынастарда әрекеттеседі деген сенімдерін растады. Алайда, осыдан кейін, барлық химиялық құбылыстарға осындай анықтама қатысты ма деген пікірталас туды. Пікірталастың өзекті мәселесі екі немесе одан да көп элементтен тұратын қосылыстағы элементтердің арақатынасы тұрақты ма?, әлде заттың құрамы оны алу тәсіліне тәуелді ме? – деген сұрақтар болды. 1803 жылы Клод Луи Бертолле тартылу күштері мен заттың тығыздығы мен мөлшеріне тәуелді – химиялық жақындық теориясын ұсынып, заттың элементтік құрамы оның алыну жағдайларына байланысты өзгере алады деген пікірін сақтады (таңдамалы жақындық терминін 1770 жылы заттардың реакциялық қабілетін түсіндіру үшін Торнберг Улаф Бергман енгізген).
Ж
озеф Луи Пруст

Француз химигі Жозеф Луи Пруст қарама-қайшы көзқараста болуды ұйғарды. 1799-1806 жылдары терең зерттелген сараптамалар көмегімен қосылыс құрамындағы элементтер андарының қатынасы әрқашан тұрақты екендігін анықтады. Бертолленың тұжырымдары сараптамалардың дәл еместігімен, қолданған заттардың жеткілікті түрде таза болмауынан деп көрсетті Пруст. 1801 жыл мен 1808 жылдар аралығында жалғасқан екі ғалымның пікірталасы, Прусттың керемет жеңісімен аяқталды. Құрам тұрақтылық заңы (тұрақты қатынастардың) көптеген химиктер арасында қабылданып қана қоймай, химиялық заңдардың негізгілерінің бірі болды. Сонымен қатар, қосылыс құрамының тұрақтылығының себебі ашық қалды. Туындаған күмәнді тек материяның дискреттігі туралы болжам шешуі мүмкін, алайда, атомистикалық көзқарастар әлі де тікелей тәжірибелік түрде дәлелденген жоқ еді.


#Химиялық стехиометрия заңдары:

  1. Еселік қатынас заңы

1803 г., Дж. Дальтон):
Егер екі элемент бір-бірімен бірнеше химиялық қосылыс түзсе, басқа элементтің белгілі бір массасына сәйкес келетін осы элементтің массаларының бір-біріне қатынасы бүтін нақты санның қатынасындай болады.

  1. Эквиваленттер заңы.

(1793 г., В.Рихтер):
Заттар бір-бірімен эквиваленттеріне пропорционал мөлшерде әрекеттеседі.

  1. Авогадро заңы.

(1811 г., А.Авогадро):
Кез келген газдың тең көлемінде бірдей жағдайда молекула саны бірдей болады

  1. Құрам тұрақтылық заңы.

(1808 г., Ж. Пруст):
Кез келген күрделі заттың алынуы әдісіне қарамастан сапалық және сандық құрамы тұрақты болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет