«степногорск қаласының білім бөлімі» мм «А. Косарев атындағЫ №9 орта мектебі» мм а. Косарев атындағы



бет9/12
Дата04.07.2018
өлшемі314,78 Kb.
#46434
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12



Ғылыми-әдістемелік жұмыс
Мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін жоғарлатудың ең басты құралы, мектептің әдістемелік жұмысы, білім беру жолдары мен түрлерінің жаңа әдістерін тиімді де рационалды қолдану арқылы жаңа заман кезеңіне, заманауи жаңа форматтағы біліктіліктерін арттыру болып табылады.

2014-2015 оқу жылынан бастап мектеп жаңа тақырыппен жұмыс істейді. Мектептің жұмыс тақырыбы: Инновациялық технологияларды қолдану арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру.



Мақсаты: 2010-2020 оқу жылдарына арналған білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушыларды қазіргі заман үлгісінде тәрбиелеу және бастауыш, негізгі және орта мектеп Стандарттарына сәйкес функционалдық сауаттылықты қалыптастыра отырып толық, сапалы білім беруді қамтамасыз ету.

Негізгі бағыттағы басты міндеттерді шешуге бағытталған әлеуметтік бейімделген мектеп тұлғасын - білім берудің жаңаландыру кезеңінде қалыптастыру келесі мәселелер арқылы жүзеге асырылуда:



  • Білім беру жолдарын жаңа заманауи оқу-тәрбие жүйесін жаңғырту арқылы жетілдіру.

  • Білім берудің жаңа технологияларын енгізу.

  • Білім жүйесін информатизациялау.

  • Бала тәрбиелейтін ортаны қалыптастыру.

  • Мектепті басқару жүйесін жетілдіру.

2014-2015 оқу жылында оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, негізгі стратегиялық міндеттерге сәйкес мектептің әдістемелік жұмысында келесі міндеттер алға қойылған:

1. Мектептің білім беру тәжірибесінің жүйесіне өзгертулер енгізу;

2. Таңдау курстары мен оқу бағдарламаларына, қолданбалы курстарға жобалық жоспарлауды енгізу;

3. Сабақ барысындағы және іс-шараларды өткізудегі пезентациялауда интерактивтік тақтаны жетік меңгеруді одан әрі дамыту;

4. АКТ мен жаңа технологияларды меңгеруде озық педагогикалық тәжірибе тарату.

5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды жетілдіру, жаңа стандарттқа сай қайта дайындау.

6. Мұғалімдердің педагогикалық шеберлік деңгейлерін жетілдіру.

7. Бейіналды және бейіндеп оқытудың түрлерін жетілдіру.

8. Жаңа ғылыми-тәжірибелік зерттеулерді жүргізу, өзекті педагогикалық тәжірибелер, сыныптан тыс іс-шаралар, семинарлар мен практикумдар, ашық сабақтар арқылы педагогтардың қызметін сәйкестендіру.

11. Білім беруде жаңа технологияларды енгізу негізінде оқу үрдісінің сапасын арттыру.

12. Әдістемелік құралдар мен бағдарламарды қалалық сараптау комиссиясынан өткізу.

13. Педагогтардың оболстық, Республикалық сайыстарға қатысуын жалғастыру.

2014-2015 оқу жылында мектептегі мұғалімдер құрамы 59 педагогты қамтыды.

БІЛІМ ДЕҢГЕЙЛЕРІ БОЙЫНША:

Мамандардың санаты

Жоғары педагогикалық

Бітірмеген жоғары оқу орыны

Орта арнаулы

Негізгі орта білім

Бастауыш сынып мұғалімдері

11

0

5

0

Орта және жоғары буындарда сабақ беретіндер

40

0

3

0

ӨТІЛІ БОЙЫНША:

Оқу жылы

3-тен төмен

3 – 8 жыл

9-16 жыл

17-20 жыл

20-дан жоғары

2014-2015

6

9

11

8

25

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫҢ САПАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ:

2013-2014 оқу жылындағы біліктілік санаттарын салыстыру.



Біліктілік санаты

2012-2013

2013-2014

2014-2015

Жоғары біліктілік санаты

6

5

5

1біліктілік санаты

27

22

23

2 біліктілік санаты

25

20

18

Санаты жоқ

10

13

13

Мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарлатуға қажетті жағдайлардың бірі, өзін-өзі жетілдіру, өздерін ұсыну, өзін-өзі бағалау арқылы жетістіктерін байқау, қолдау мен қабылдау еңбек қызметтерінің жетелеуші мотивтерін өзгертетін шарттардың бірі – аттестатталу бойынша еңбек көрсеткіштерінің сапасы болып табылады.

БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ КУРСТАРЫ:

Жыл бойына 14 мұғалім облыстық педагогикалық біліктіліктерін арттыру курстарынан өтті.


Барлығы, өткендер


Қайта даярлау курстары

деңгелері

олб

Респуб

басқа




әкімшілік

мұғалімдер




2012-2013


2

15

10

2

3

2013-2014


2

5

5

-

-

2014-2015

1

13

14

-

-

Оқу жылындағы ең басты жетістік «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2015» қалалық байқауында биология пәнінің мұғалімі ҚОЖАМЖАРОВА АЙСАРА БАХЫТҚЫЗЫ жүлделі І орынның иегері атанды.

Жалпы білім беруді дамыту мектепте жаңаландыру жүйесін қамтамасыз етеді. Білім беру жүйесіне инновациялық процестерді енгізу арқылы оқушылардың білімінде әр түрлі деңгейде сапалық арттыру орын алған.

Қалалық, облыстық деңгейде он-лайн сабақтарын өткізу іс-шараларына қатысушылардың өтініш білдірулері артуда, АКТ мен жаңа технологияларды қолдану курстарынан өткен педагогтардың саны артты.

Алға қойлылған міндеттерді шешу үшін келесі жұмыстар атқарылды:

Білім негізін қалайтын түбегейлі фундаменттен тұратын негізгі пәндер, білім беру стандартына сәйкес деңгейін қамтамасыз етуде оқу жоспары құрастырылды; мұғалімдер өздерінің кәсіби шеберлілігін жоғарлатуда, семинарлар педкеңестер, ашық сабақтар, пәндік онкүндіктерде пәндік сыныптан тыс іс-шаралар арқылы тәжірибе алдмасу ұйымдастырылды.

1. Мектептің білім беру тәжірибесінің жүйесіне өзгертулер енгізу бойынша ұлттық іс-шаралар мен спорттық ұлттық қосымша білім беру жоспарға енді және іске асырылуда;

2. Таңдау курстары мен оқу бағдарламаларына жобалық қызметтерді енгізу бойынша 7 мұғалім бағдарламалар дайындап, жұмыс жасауда;

3. Пезентацияны жетілдіре қолдана алу және одан әрі қарай дамыту бойынша мектебімізде әр мұғалім меңгерген;

4. АКТ мен жаңа технологияларды меңгеруде озық педагогикалық тәжірибе тарату облыс деңгейінде жұмыстарын дайындалды.

5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды жетілдіру бойынша әр МӘБ жетекшілері жоспарланған мектепішілік бақылау бойынша қадағалап, мәжілістерінде ортаға сала отырып жаңа мемлекеттік стандарттың бағдарламалық жұмыс жоспарына сай жасады.

6. Бейіналды және бейіндеп оқытудың түрлерін жетілдіру бойынша 2014-2015 оқу жылында 8 сыныпта 10 мұғалім қамтылды.

Сонымен қатар ұжымның алдына қойылған бірқатар міндеттер қалалық және мектепішілік іс-шаралар арқылы шешілді:


  • Пәндік апталықтар

  • Қалалық семинарлар

  • Біліктілігін арттыру курстары мен семинарлар

  • директордың жанындағы мәжіліс

  • педагогикалық кеңес

Алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі жағдайлар жасалды:

Білім беру стандартына сай, негізгі пәндер бойынша білім деңгейлерінің негізін қамтитын оқу жоспары дайындалды және ОПТ алмастыру.

Соңғы 4 жылдағы салыстырмалы көрсеткіштер бойынша ОПТ алмастыру



оқу жылы

барлығы

мектеп деңгейінде

қала деңгейінде

облыс деңгейінде

2011-2012

5

0

3

2

2012-2013

25

5

14

9

2013-2014

25

3

15

7

2014-2015

20

6

9

5

Мұғалімдердің тәжірибелерін жалпылау мен таратуға байланысты, басқа да сұрақтар қамтылған әдістемелік бірлестік кеңестері айына 1 рет өткізілген, хаттамамен бекітілген.

Барлық МӘБ мәжілістерінде ттиісті мәселелер бойынша сұрақтар қарастырылып отырады. Әдістемелік тақырыпқа байланысты мектеп әдістемелік бірлестігінің тақырыптары мектептің алдына қойылған негізгі міндеттерге сәйкестендірілген.

ӘБ алдында тұрған проблемалық сұрақтарда келесі ақпараттар қарастырылған: 1 мәжілісте

1. Мұғалімдердің қызметіне байланысты мемлекеттік стандарттармен жұмыс.

2. Дәптер тексеруге байланысты негізгі талаптар.

3. Пәндер бойынша тақырыптық-күнтізбелік оқу жоспарларын бекіту.

4. МӘБ әдістемелік тақырыбын, мақсатын, жұмыс жоспарын бекіту, ӘБ ішіндегі міндеттерді бөлу.



2 мәжілісте

1. Педагогикалық инновацуиялық технологияларды оқу үрдісінде қолдануды енгізуді талдау.

2. Дарынды және үлгермейтін оқушылармен жұмыс.

3. Оқушыларды зерттеу жұмыстарына қамту.



3 мәжілісте

1. 1 жартыжылдық бойынша пән мұғалімдерінің жұмысын талдау.

2. Оқушылардың танымдық және шығармашылық өзіндік белсенділіктерін қалыптасуында тұлғалық қажеттіліктерін қанағаттандыру.

3. Пәндік апталықтарды жоспарлау.

4. Олимпиада қорытындылары.

4 мәжілісте

1. оқушылардың білімдеріндегі жібеберілген алшақтықтарды диагностикалау.

2. Дәстүрлі емес сабақтар.

3. Эмтихандық материалдарды талқылау және бекіту.

4. Жұмыс қорытындысы бойынша шығармашылық есеп.

2014-2015 оқу жылында көптеген семинарлар да ұйымдастырылды. Мысалы: 19 желтоқсан бастауыш сынып мұғалімдері «Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік»» тақырыбында семинар өткізді. Семинар тәрбие сағаты түрінде өтті. Семинарға қатысқан мұғалімдер: Оспанова Даметкен Камзиевна, Жумабаева Кенжегүл Мухамеджановна, Сабитова Анар Жанатовна, Амаркулова Онланкуль Жолдасбековна, Кузембаева Гульшира Жалгасовна, Абдуажитова Гуляим Магауяновна, Ашимова



Айгерім Кенесовна.

Бірінші сынып жетекшісі Абдуажитова Гуляим Магауяновна өз сыныбымен «Көк тудың желбірегені» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатынын басты мақсаты: Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында баян ету. Отан жайлы тақпақтарды түсінуге, мақалдардың мазмұнын ұғынуға баулу. Рәміздер туралы түсініктерін кеңейту.

Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 
Бір мақсат, бір мүдде аясында болуға тәрбиелеу. Болашақта ұлы да нұрлы жолда тоғысатынымызға кәміл сену, үміт арту. Тәрбие сағат барысында оқушылар белсенді қатысып, бар білгендерін ортаға салды. Іс шара барысында Отан туралы мақал мәтелдер, өлеңдер мәнерлеп оқытылды.Тәуелсіздік құрбандарын еске алу минуты да өткізілді. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы оқушылар айтып берді. Өздерінің сынып өмірінен спортты жақсы көретіндерін айтып, өз өнерлерін ортаға салды. Іс шара соңында мұғалім «Көк туымыз мәңгілік желбірей берсін, өйткені біздің ЕЛ– Мәңгілік ел . Бізді нұрлы жол, нұрлы болашақ күтеді» деген сөзі айтылып, «Көк тудың желбірегені» әнімен іс шараны аяқталды.

Мектепалды даярлық тобында Ашимова Айгерім Кенесовна «Табиғатты аялайық» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының басты мақсаты: оқушыларды туған жерін сүюге, табиғатты аялай және қорғай білуге баулу. Қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін арттыру. Оқушыларға табиғатты ластамауға, қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақ саяхат түрінде өтілді. Сабақ барысында түрлі әдіс тәсілдер қолданылды. Алдымен оқушыларды мұғалім саяхатқа шақырып, қызығушылықтарын оятты. Саяхатқа шыққан кезде алдарынан түрлі жануарлар шығып, олардың тапсырмалары орындалды. Тапсырмалар өте қызықты болды. Қазіргі кездегі басты мәселелердің бірі оқушылардың жол жүру ережелерін дұрыс білмегендіктері болып табылады. Бұл тәрбие сағатында бағдаршаммен де жұмыс жүргізілді. Оқушылар интербелсенді тақтадан мультфильмдер тамашалады. Музыкалық әуендер ойналып, оқушылар табиғаттың дыбыстарын естіп, оларды бір бірінен ажырата алды.

Үшінші сыныптар арасында Сабитова Анар Жанатовна



«ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды сайыс өткізді. Сайыстың басты тақырыбы «Ұлы Отан соғысының 70 жылдық жеңісіне» арналған болды. Сайыс барысында 3 «А», 3 «Б» және 3 «Ә» сынып оқушылары сайысқа түсті. Сайыс «Көкпар», «Бәйге», «Тапқырлық» «Дода» турларынан тұрды.ойынға алдымен әділқазылары тағайындалды. Олар КМЛ№5 мектеп – лицейінің бастауыш сынып оқытушысы Нұржамал Арыстанбекқызы және қалалаық әдістемелік бірлестігінін жетекшісі Бағдат Турарқызы болды.

Әр турда қызықты тапсырмаларды оқушылар орындап, өздеріне ұпайлар жинады. «Дода» турында оқушыларға мектептегі пән мұғалімдерінен сұрақтар бейнетаспадан қойылып, оқушылардың ойынға деген қызығушылығын арта түсті. Бұл интеллектуалды сайыс болғандықтан жеңімпаз да болды. Жеңімпаз болып ең жоғары ұпай жинаған 3 «А» сынып оқушысы Шукирбаев Дулат сертификатпен марапаталды. Интеллектуалды ойынға қатысқан оқушылар мадақтау қағазымен марапатталды.

2 «А» және 2 «Б» сыныптар арасында Амаркулова Онланкуль Жолдасбековна мен Кузембаева Гульшира Жалғасовна «» тақырыбында іс шара өткізді. Іс шараның мақсаты оқушыларға Тәуелсіздік алу жолындағы қиыншылықтарды, Тәуелсіздік жолындағы Ел басымыздың үлесі туралы білім, патриоттық тәрбие беру болды. Іс шара барысында оқушылар белсенділік таныттты. Түрлі тапсырмаларды топ топтарда отырып, талдаулар жүргізілді. Әр топ қатысқаны үшін мадақтау қағазымен марапатталды. Бұл іс шараның атап кететіні, ол кішкентай 2 сынып оқушылар бұл іс шарада өздері жүргізуші болды.

4 «А» сынып жетекшісі Жумабаева Кенжегуль Мухамеджановна өз сыныбымен «Абай – дара, Абай – дана қазақта» тақырыбымен тәрбие сағатын ұйымдастырды. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты Ұлы Абайдың 170 жылдық мерей тойына арналған болды.

Жаңа форматтағы ата – аналар жиналысын Оспанова Даметкен Камзиевна ата – аналар және мұғалімдер арасында өткізді. Жиналыс педагогикалық шеберхана түрінде өткізілді.

Семинар соңында әріптестер тілегі: пікір алысу, кеңестер, ұсыныстар айтылып, талдау жүргізілді. Семинардың қорытындысы «Дөңгелек үстел басында» өткізілді. Семинар жөнінде әріптестеріміздің пікірлері өте жақсы және жоғары бағамен бағаланды.



«Қазақ хандығының 550 жылдығы» және «Жеңістің жетпіс жылдығы» да сыртта қалған емес. «Мирас» мәдениет үйінің ұйымдастырылуымен өтілген іс шараға сыныптан Канафин Нариман мен Бекентаев Нұрбек белсенділік танытып І және ІІ орындарға ие болды. Жетекшісі: Сабитова Анар Жанатовна

Бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсатында оқушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір білім мен қаруландыруды қажет етсе, екіншіден әрбір мемлекеттің өзіндік ұлттық сана – сезімін саналы түрде тәрбиелеуді көздейді. Бастауыш мектептің негізгі міндеті: жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.

Степногорск қаласының №9 орта мекте орта мектебінің бастауыш сыныптар арасында 2015 жылының 18 – 28 ақпан аралығында «Ұстаз деген жалықпас, үйретуден балаға» тақырыбында онкүндік өткізілді. Онкүндіктің мақсаты: Жаңа инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Онкүндікте өткізілген іс – шаралар, ашық сабақтар, сайыс түрлері өте қызықты және тартымды өтті. Мұғалімдер, оқушылар және ата – аналар апталыққа белсенділік танытып қатысты. Апталыққа құрастырылған жоспар бойынша ашық сабақтар, іс – шаралар, сайыс түрлеріне тоқталатын болсам,



Өткізілген ашық сабақтар:

Тулегенова Нурсила Козыбағаровна 0 «А» сыныбында айналамен танысу пәнінен «Нан қайдан келеді?» тақырыбында ашық сабақ жүргізді. Сабақ барысында Нурсила Қозыбағаровна оқушыларды толығымен қызықтыра алды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, жақсы дәрежеде сабақ көрсетті.

Абишева Асель Куандыковна 1 «Ә» сыныбында ана тілі пәнінен «Сәлем берем үлкенге. Сөйлеу мәдениеті» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Асель Куандыковна АҚТ технология элементтерін пайдалана отырып, оқушыларды өз сабағына қызықтыра білді. Әр оқушылар сабаққа белсенді қатысты.

Амаркулова Онланкул Жолдабековна 2 «Б» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Мереке» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Сабақ өте жоғары дәрежеде өтті деп айтуға болады. Оқушылар жыл мезгілдері бойынша топ топқа бөлініп, әр жыл мезгілінде қандай мерекелер болатынын айтып өтті. Сабақ барысында денгейлік курсттың толық жеті модулін Онланкул Жолдабековна сабақта қолдана алды. Оқушылар әр мерекеге бес жолды өлең шығарды. Сабақ соңында сабаққа рефлексия жасап, өз білгендерін, үйренгендерін айта алды. «Оқу үшін бағалау » модулінде оқушылар бірін бірі бағалады. Бағалау әділ болды. Сабақ оқушыларға өте қызықты өтті. Онланкул Жолдабековна оқушыларды толығымен қызықтыра алды.

Шайсултанова Камаш Мухамадиевна 3 «Б» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Аюдың әулеті» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Сабаққа оқушылар өте жақсы дайындықпен келді. Өздерінің аюлар туралы жинап келген мәліметтерімен басқа топ оқушылармен таныстырып, қызықтыра білді. Сабақ саяхат түрінде өтті. Оқушылар саяхатқа жануарлар әлеміне барып, аюдың түр түрлерін ажырата алды. Камаш Мухамадиевна сабақта түрлі әдістерді қолданып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра алды. Сабақ жоғары дәрежеде өтті.

Байборанова Аягөз Дүйсенбаевна 3 «А» сыныбында Жолда жүру ережелері байланысты тәрбие сағатын жүргізді. Сабақ АҚТ қамтылған, кезең кезеңмен ұйымдастырылған болды. Сынып екі топқа бөлініп жол ережесін сақтамасаң не болатыны туралы көріністер көрсетті. Сабақта оқушылар сахналық киімдерде болды. Олар жол ережесін білмеген қоян және жол инспекторы. Сабақ өте қызықты өтті.
Сыныптан тыс іс – шаралар:

Мектепалды даярлық топтары да онкүдікте белсенділік танытып, «Ертегілер еліне саяхат» атты іс- шараға қатысты. Әр топ қазіргі кездегі ертегілер бойынша көріністер көрсетті.



0 «А» « Шалқан» ертегісі

0 «Ә» «Тапқыр қоян» ертегісі

  1. «Б» «Маша мен аю» ертегісі

«Білімділер мен Білгірлер» интеллектуалды сайысты бастауыш сынып мұғалімі Сабитова Анар Жанатовна 3 «Ә» сыныбында өткізді. Сайыс 9 турдан тұрды. Сынып екі топқа бөлінді. Бірінші топ қыздар «Білімділер», екінші топ ұлдар «Білгірлер». Әр турда оқушылардың қызығушылықтарын арттыратын тапсырмалар болды. Тапсырмалар мектеп бағдарламасына сай және пәндермен байланысты болды. Мысалы: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, тарих, музыка, бейнелеу. «Кім тапқыр?» туры математика сабағымен байланысты болды. Бұл турда оқушыларға тылсым сандар ұсынылып, екі топ «Қазақстан жасасың» деген қабырға газеті жасалды. Сайыстың жеңімпаздары «Білгірлер», яғни ұлдар тобы болды. Екінші сыныптар арасында Тұманбай Молдағалиевтің 80 жылдығына орай «Әдеби кеш» өткізілді. Өткізген бастауыш сынып мұғалімі Мусенова Алма Рамазановна.

Сайыстар:

Оқушылардың коллиграфиясын жөндеу мақсатында бірінші сынып арасында «Ең көркем жазу» атты сайысын өткіздік. Сайысқа жауапты әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Сабитова Анар Жанатовна және бастауыш сынып бойынша оқу ісінің меңгерушісі Сулейменова Қарлығаш Дулатовна болды. 1 «А» сыныбында 21 оқушының ішінде І орынға ие болған Оразбай Санжар, ІІ орын Айтпай Дария, ІІІ орын

1 «Ә» сыныбында І орынға ие болған Алихан, ІІ орын Алина, ІІІ орын Сағындық Малика.

1 «Б» сыныбында І орын Лекер Дильназ, ІІ орын Болат Лия, ІІІ орын Сатыбалды Назгүл.



  1. «В» сыныбында І орын Ершетаев Жан, ІІ орын Ералин Ерсаин, ІІІ орын Елубаева Сабина. Осы сыныптар арасында «Көңілді жарыс» атты эстафеталық жарыс өткізілді. Жауапты мұғалімдер бастауыш сынып мұғалімдері Сулейменова Қарлығаш Дулатовна және Сулейменова Айгуль Хабибулиевна болды. Сайысқа белсенділік танытқан сыныптар: 1 «А», 1 «Ә», 1 «Б», 1 «В». Сайыста оқушылардың спорттық дайындықтары сыналды. Жарыс жеті турдан тұрды. Әр турда оқушылар өз білгендерін ортаға салды.

І орынға 1 «Б» сыныбы ие болды. ІІ болып мәреге жеткен 1 «А» сыныбы. ІІІ орын жүлдегерлері 1 «Ә» мен 1 «В» сыныптары.

Жеңісіміздің 70 жылдық мерей тойын да осы апталыққа қосуды жөн көріп, 4 сыныптар арасында «Жеңісімізге 70 жыл» шығарма сайысын ұйымдастырдық. Сайысқа жауапты әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Сабитова Анар Жанатовна болды. Шығармалар қорытындысын мектептің әдіскері және қазақ тілі пән мұғалімі Шаяхметова Жанар Боташевна шығарды.

І орын: Молдабекова Айжан 4 «Б» сыныбы

ІІ орын: Капизина Зарина 4 «Ә» сыныбы

ІІІ орын: Сабыр Рауан 4 «А» сыныбы

4 сыныптар арасында «Өнерлер» сайысы өткізілді. Ұйымдастырған бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Даметкен Камзиевна. Сайысқа әр сыныптан үш оқушыдан қатысты.

Қазақ халқының салт – дәстүрлерін құрметтеп, осы апталыққа «Ұлттық ойын – асық ату» сайысында қостық. Бұл сайысты өткізген бастауыш сынып дене шынықтыру пән мұғалімі Балкибаев Төлеген Бүркітұлы. Сайыста ұлттық ойынның «Шеңбер», «Алты ата», «Үш табан» түрлері болды.

«Степногорск Ақшамы» газетіне Тулегенова Нурсила Козыбагаровнаның «Балалық шақ», «Әз Наурыз» атты басылымдары шықты.

Сулейменова Айгуль Хабибуллаевнаның 2014-2015ж. Қалалық білім бөлімінің Құрмет грамотасы «Білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісіндегі табыстары, кәсіби шеберліктері, педагогикалық үрдістегі жетістіктері үшін».

2014-2015 оқу жылы 2014 жылдың 20 ақпандағы № 11 сараптау кеңесінін талқысына «Бастауыш сыныптарында оқу шапшаңдығын тексеруге арналған мәтіндер жинағы» тақырыбына авторлық бағдарлама ұсынды.

2014-2015 о.ж. ІX Халықаралық олимпиада “Урфуду”-ға 10 оқушы қатысты. Ең жоғарғы ұпай – 86.

Оспанова Даметкен Камзевна 2013-2014 оқу жылында “М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясын пайдалану арқылы көркем сөздермен жұмыс жүргізу жолдары” тақырыбы бойынша іс-тәжірибесі жинақтап қорытылды.

Республикалық ғылыми-әдістемелік «Бастауыш сыныпта оқыту» және қалалық БАҚ, сайт беттерінде мақалалары мен сабақтарының әзірлемелері жарияланды.

Жумабаева Кенжегуль Мухамеджановна оқушысы Тұрсынмуратова аидамен «Зерде» ғылыми конференциясында жүлделі ІІ орынға ие болды.

2014 – 2015 оқу жылында курсттан өткен төрт мұғалім бар. Олар:

Сабитова Анар Жанатовна «Научно – исследовательская сопровождения подготовки научных проектов учащихся»

Абдуажитова Гуляим Магауяновна «Базалық ІІІ денгей»

Оспанова Даметкен Камзевна «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша ПҚБА институты»

Сулейменова Айгуль Хабибуллаевна «Базалық ІІІ денгей»

УРФОДУ олимпиадасына белсенді қатысқан сыныптар



Сынып

Жетекшісі

Қатысқан оқушылар

І орын

ІІ орын

ІІІ орын

IV орын

1 А

Абдуажитова Г.М.

4

4










1 Ә

Абишева А.К

10

10










1 Б

Сулейменова К.Д

8

8










1 В

Сулейменова А.Х

4

1

1

1






Мусенова А.Р

1

1










3 Ә

Сабитова А.Ж.

5

1

1

1




3 Б

Шайсултанова К.М.

5




2

1




4 А

Жумабаева К.М.

3

3










4 Ә

Оспанова Д.К

2

1

1







4 Б

Алиаскарова Ж.А.

2

1

1







ЭМУ олимпиадасына белсенді қатысқан сыныптар

Сынып

Жетекшісі

Қатысқан оқушылар

І орын

ІІ орын

ІІІ орын

IV орын

1 А

Абдуажитова Г.М.

4

1




3

1

1 Ә

Абишева А.К

10

10










1 Б

Сулейменова К.Д

8

4

2

2






Мусенова А.Р

7

7










4 А

Жумабаева К.М.

2

-

-

-




4 Ә

Оспанова Д.К

1













4 Б

Алиаскарова Ж.А.

13

1

2

3

2

Орындарға ие болған оқушылар және жетекшілер диплом мен алғыс хаттарға ие болды.

Қалалық олимпиадаға қатысқан 4 сынып оқушылары



  1. 4 «Ә» сынып Капизина Зарина. Қазақ тілі. Жетекшісі: Оспанова Даметкен Камзевна

  2. 4 «Б» сынып Молдабекова Айжан, қазақ тілі ІІІ орын. Жетекшісі: Алиаскарова Жанар Абдикаппаровна

  3. 4 «Б» сынып Досанова Шерхан, қазақ тілі. Жетекшісі: Алиаскарова Жанар Абдикаппаровна

  4. 4 «А» сынып Тұрсынмуратова Аида, математика. Жетекшісі: Жумабаева Кенжегуль Мухамеджановна.

«Слет Балапанов1 сайысында 1 «Б» сыныбы белсенділік танытып, «Золотой призер» атты номинацияға ие болды. Жетекшісі: Сулейменова Қарлығаш Дулатовна.

«ZIAT» Ғылыми – әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Менің үздік презентациялық сабағым» атты Республикалық сайысында «Педагогикалық шеберлікті жетілдіру» номинациясы бойынша ІІ орынға ие болған Оспанова Даметкен Камзевна марапатталды.

Сабитова А.Ж. «Обьектив арқылы білім беру» атты аймақтық сырттай конкурсының жеңімпазы І дәрежелі Дипломға ие болды. ҚР- ның білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының директоры Е.Т.Исимбаев

Диплом ІІ дәрежелі. Ақмола облысының «Мы против алкоголя» атты фото конкурсы. Президент ОО СДОО «Жулдыз» Е.А.Дмитриенко

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық қашықтық олипиадасына қатысқаны үшін: Сулейменова Қарлығаш Дулатовна, Ашимова Айгерим Кенесовна, Алиаскарова Жанар Абдикаппаровна және Сулейменова Айгуль Хабибуллаевна КИО ұйымдастыру комитетінің төрағасының атынан сертификатпен марапатталды

Биология, химия, география   ӘБ 2014-2015 оқу жылында «Интерактивті тақтаны қолданумен жаңа білім беру технологияларының элементтерін оқып зерттеу мен енгізу» тақырыбы бойынша жұмыс жүргізді.  Оқу жылына қойылған міндеттер: 2014-2015 оқу жылында әдістемелік қызметпен келесідей мақсат қойылды: озық тәжірибе алмасу,өз біліктіліктерін көтеру, өздігінен білім алу және курстық дайындықтан өту негізінде  мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жоғарлату үшін жағдай жасау. Осыны жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қойылды.

1.Біліктілікті және өздігінен білім алуын жоғарлату жүйесі арқылы педагогикалық кадрлардың үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету жолымен білім беру ортаның жайлығы мен денсаулықтың сақталуы мақсатында оқушылардың және педагогикалық жүйенің жекелігін, жас және психологиялық ерекшеліктерін оқып зерттеу.

2. Мектептің барлық оқушылары базалық және бағдарламалық деңгейде білім беру стандарттарын жақсы меңгеруіне жағдай жасау үшін бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етілуін жетілдіру мен кабинет жүйесін дамыту.

3.Оқ-тәрбие үрдісінде толеранттық идеяларды ары қарай дамыту.

4. Оқушыларды зерттеу еңбегінің алғашқы дағдыларын қалыптастыратын ОТҮ қазіргі формаларды, әдістерді және оқытудың технологияларын белсенді енгізу.Сабақтарға, семинарларға қатысу арқылы интерактивті тақтаны қолданумен оқытудың жаңа технологияларын оқып зерттеуді жалғастыру.

6. Өзінің еңбек нәтижесі мен өзінің қызметін жан-жақты талдау негізінде педагогикалық шеберлікті жетілдіруді жалғастыру.

7.Үздіксіз білім беруді басқару:

-- Педагогикалық практиканың өзекті сұрақтарының мазмұнымен және қазіргі педагогикалық ғылымның ғылыми жетістіктерін енгізіп,проблемалық және ғылыми-практикалық семинарлар жүйесі.

--Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін үнемі жетілдіру.

Пән мұғалімдері қазіргі ақпараттық технологиялар бойынша курстан өтеді.

8.ҰБТ дайындық, тақырыптар бойынша әртүрлі деңгейдегі дидактикалық және бақылау-өлшеуіш материалдарын құру.

Қойылған мақсаттар  барлығы орындалды,  100% құрады.  Интерактивті тақтаны қолданумен сабақтарда жаңа білім беру технологияларының элементтері енгізіліп,    6-7-8-9-10-11 сыныптарға арналып презентациялар дайындалды.

            Сәуір айында ӘБ пән онкүндігін өткізді, оның жоспары ӘБ отырысында бекітілді, оған 5-11 сыныптардың оқушылары қатысты. Апталық жақсы танымдық- ойын-сауық потенциалында өткізілді, оған  көп оқушылар қатысты.пән апталығы шеңберінде мұғалімдер ашық сабақтар өткізді.Сабақтың тақырыптары барлық мектеп мұғалімдеріне хабарланды. Өзінің кәсіби шеберлігін жоғарлатқысы келген әрбір мұғалім  сабаққа қатыса алды, ал сабақтар жоғарғы әдістемелік деңгейде өткізілді. Ашық сабақтардың жоспарды құру кезінде ойын технологиясының элементтері, проблемалық оқытудың технологиясының элементтерін, деңгейлік дифференциация технологиясытоптық қызмет технологиясы,тренингтік технологиялар, пікір-талас және т.б. өткізу технологиялары қолданылды.Ашық сабақтарды өткізу нәтижесі мұғалім портфолиосына енгізілген сабақ жоспарлары болды. Әрбір мұғалім осы материалдарды қолдана алады, ал мұғалім өзінің әдістемелік жинақ қорын құрады.ӘБ мұғалімдері сабақтарда жұмыстың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолданады.Оқушылардың лабораториялық, практикалық және үй тапсырмасы бар дәптерлері жүйелі түрде тексеріліп отырады.Әрбір оқушыға жеке әдіс қолданылады, үлестірмелі материалдар дайындалады, көрнекі-құралдар қолданылады. Мұғалімдердің жұмыс практикасында сабақтарға өзара қатысу, қорытынды аттестацияға дайындық орын алады. Қорытынды аттестацияға дайындыққа үлкен көңіл бөлінді:нормативтік құжаттар оқылды, тренинг материалдары (ҰБТ технологиясы, 11 сынып ) негізінде  мемлекеттік қорытынды аттестацияға оқушыларды дайындау бойынша жұмыс жүргізілді.  Тұтастай алғанда жоспарланған барлық сыныптан тыс іс шаралар, пән апталығы, пән олипиадалары жоғарғы ұйымдастырушылық деңгейде өткізілді.

Тарих пәнінен өткен онкүндік Қазақ хандығына 550 жыл, Ұлы Отан соғысына 70 жыл, Қазақстан халық Ассамблеясына 20 жыл, және тарих пәнінен алған білімдеріне арналды.

Апталықты өткізудегі мұғалімдердің алдына қойған мақсаты оқушылардың Қазақ хандығын, Ұлы Отан соғысын, Қазақстан халық Ассамблеясының тарихын және тарих пәнінен алған білімдерін одан әрі шыңдап, ізденуіне бағыт беру негізінде жүргізілді.

"Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" дегендей шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелік көбінесе ұстазға байланысты нағыз мықты ұстаз ғана салауатты да саналы, рухани бай жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыра алады.

Бұл сөзіміздің айғағы ретінде тарих пәні мұғалімдері төмендегідей жұмыстар жүргізді.



  1. 21. 01. Апталықтың ашылуы күні сап түзеу кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы туралы баяндамалар оқылды. Ондағы мақсат оқушыларға Жолдау арқылы ХХІ ғасырды Қазақстанның алтын ғасырына айналдыру мақсатында еліміздің жарқын жолы – Мәңгілік ел болу үшін қазақстандық патриотизмді, инновациялық жобаларды, геология, археология, көлік, энергетика, экономика салаларын, ғылым-білім, шағын және орта бизнесті дамыту тетіктерін жан-жақты баяндаған Жолдауда Елбасы қоғамды іркілместен дамыған мемлекеттердің қатарына ену жолында қызмет етуге шақырғанын жеткізу.

«Қазақ хандығына 550 жыл», «Ұлы Отан соғысына 70 жыл», «Қазақстан халық Ассамблеясына 20 жыл» атты қабырға газеті ілінді. Газетте Қазақ хандығы, Ұлы Отан соғысы, Ассамблея тарихы туралы деректер беріліп, фотосуреттер арқылы бейнеленген.

  1. 22.01. Кожахметова Н.Т. , Рахметуллина Г.К. 7 сыныптары арасында «Кім көп біледі» атты интеллектуалдық ойын өткізді. Ойын арқылы оқушылардың тіл сауаттылығын, қаншалықты тұлғаларды білетіндіктері, сұрақтарға жауап алу арқылы ел тарихын қаншалықты білетіндерін байқалды.

3. 23.01. 5-8 сыныптар арасында «Қазақстан халық Ассамблеясына 20 жыл» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылардың Қазақстан халық Ассамблеяға арналған суреттері қойылды. Суреттер арқылы оқушылардың қаншалықты тарихын сүйетіндігі байқалды.

4. 27.01. Рахметуллина Г.К. 5-6 сыныптр арасында «Тапқыр болсан, озып көр» сайысын өткізді. Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Сұрақтар жас шамасына лайықты алынған. Оқушылар белсенді қатысты.

5. 28. 01. Арапов С.О. Қазақстан тарихынан 9 «Ә» сыныбында «Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуы» атты ашық сабақ өткізді. Алған білімдерін жинақтап, одан әрі танымдығын арттырды.

6. 29. 01. Кожахметова Н.Т. 10 сыныптар арасында «Озық ойлы оқушы» сайысын өткізді. Ондағы мақсат оқушылардың Қазақстан Республикасы туралы алған білімдерін жинақтап, одан әрі танымдығын арттырды. Оқушылар белсенді қатысты.

Онкүндіктің жабылуына арналған сап түзеу өткізіліп сайыстар, ойындар барысында белсенді болған оқушылар мен сыныптар мақтау қағазымен марапатталды.

Әрбір жоспарлы өткізілген сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдасқан түрде өтті. Атқарылып жатқан жұмыстардың ішінде кемшіліктерге талдау жасалып алдағы уақытта мұндай кемшіліктерге жол бермеу ескеріліп айтылды.



  • «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай» Рахметуллина Г.К, Арапов С.О сап түзеу іс шарасын жүргізді.

  • Атаулы даталарға байланысты тарих мұғалімдері қалалық және облыстық семинар өткізді. Кожахметова Н.Т «Қазақ хандығына 550 жыл», ашық сабақ өткізді. Сабақта жеті модуль және жаңа технологияларды қолданды. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті. Рахметуллина Г.К «Қазақстандықтардың Ұлы жеңіске қосылған үлесі» факультатив сабағы жаңа технологиямен өтті. Арапов С.О «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» фестиваль тыс іс- шара өткізді.

  • Кожахметова Н.Т Облыстық семинар өткізгені үшін алғыс хатымен марапатталды.

  • «Обучение через объектив» конкурсында 3- орын алды.

Денешынықтыру пәні бойынша 06-қыркүйек күні, отбасылар күніне арналған «Толағай »отбасылар сайысы 5-сыныптар арасында өткізілді.Сайыста 5А сынып отбасы 1-орын,5 Б сынып отбасы,3-орынды 5 Ә сынып отбасы қанағат тұтты. 2014 жылдың 13-қыркүйегінде біздің мектепте «Денсаулық күніне»арналған іс- шаралар өткізілді.

Қазан айының 2 жұлдызында мұғалімдер күніне арнап ұйымдастырылған волейболдан, мұғалімдер арасында жарыс өткізілді .Бұл жарыста біздің мұғалімдер 1-орынды жеңіп алды.

Қазанның 22-23аралығында оқушылар арсында үстел үсті теннисінен қалалық жарысы өткізілді.Біздің оқушылар 10А сынып оқушысы Ахметов А.8Ә сынып оқушысы Уразбекова А сайысқа түсіп 4-орынды қанағат тұтты.

22-23 қазанда қалалақ жарыста тоғызқұмалақтан және шахматтан жарыс өткізілді.Біздің оқушылар шахматтан 10А сынып оқушысы Халхабай Ш. 9 Б сынып оқушысы Халқабай А.3-орынды жеңіп алды

22-23 қазанда қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан қалалық жарысқа 11 -сын.оқушысы Ермагамбетова С.9Ә- сынып оқушысы, Дүйсенбаев Р.сайысқа түсіп, 9 топтың ішінен 2-орынды жеңіп алды. Қазан айының 2 жұлдызында мұғалімдер күніне арнап ұйымдастырылған волейболдан, мұғалімдер арасында жарыс өткізілді .Бұл жарыста біздің мұғалімдер 1-орынды жеңіп алды.

7 қараша айындағы демалыс күніне арналған «Алақай демалыс» футбол ойынында Нұрназаров С 8Всын..Абдисалимов А. 7 Б сын.Адамбаев О.6 Ә сын.Алайдаров М 7А сын.Қудайбергенов М 7 сын.Тұрдыбеков Әсет.Бортаев Н. 5 Б.Дауылбаев Н.5Б.сынып оқушылары топ қурып 1-орынды жеңіп алды.

1-желтоқсанда біздің Тұңғыш Президент күніне арналған мұғалімдер арасында кезекті волейболдан жарыс өткізілді.Бұл ойында да біздің мұғалімдер Салимов М.Арипов Б.Балкыбаев Т.Егемова Ж. Каирова А.Мадиярова З.өздерінің мықтылығын танытып , 1-орынды жеңіп алды.

Қантардың 5 және 6 күнгі мұғалімдер арасындағы қалалық жарыста « Үстел үсті теннистен» дене тәрбиесі мұғалімдері Салимов М. Егемова Ж.1-орынды жеңіп алды.

Ал 9-19 қаңтар аралығында дене тәррбиесі мұғалімдерінің онкүндігі өтілді Бұл онкүндікте 10 қаңтар күні өткізілген 5-сыныптар арасындағы« Ұлттық ойындар сайысында» 1-орынды 5А.сыныбы ,2-орынды 5Б сыныбы, ал 3-орынды 5 Ә сыныбы жеңіп алды.

12-қаңтарда өткізілген 9-сыныптар арасында өткізілген баскетбол жарысынан 1-орынды өздерінің шапшаңдығымен жеңіп алған 9 Ә сыныбы,2-орынды 9А сыныбы,3-орынды 9 Б сыныбы иеленді.

13-қаңтарда 4-сыныптар арасында ,қозғалмалы эсафеталық жарыста, жыламдық пен уйымдастырылуы жағынан мықтылық көрсетіп 1- орынға суырылып шыққан 4А сынып оқушылары 2-орынды 4 Б,3-орынды қанағат тұтқан 4 Ә сынып оқушылары болды.

14-қаңтар күні , қыздар арасындағы волейбол жарысына 8-9-10 сыныптар сынға түсті.Бұл ойында 1-орында 8- сынып оқушылары , 2-орынды 9-сынып оқушылары ,ал 3-орынды 10 сынып оқушылары иеленді.

15-қаңтар күні 10А – сыныбында Волейбол добын жоғарыдан және төменнен беру және алу-деген тақырыпта Ж.Егемова ашық сабақ өткізді.Бұл сабақта түрлі волейбол жаттығулары көрсетіліп, соңынан екі жақты ойын көрсетілді.

16-қаңтар күні мұғалімдер мен оқушылардың құрама командасы сынға түсті ,бұл ойында оқушылар жеңіліс тапты.Жәнеде осы күні қазақтың ұлттық ойыны «Асық ату» сайысында екі оқушы тең түсіп Тұрахов А, 4А-сынып оқушысы және 4 Ә-сынып оқушысы Нағашыбаев М 1-орынға ие болды ,2-орын 4А-сынып оқушысы Искаков А ие болды.

17-қаңтарда тоғызқұмалақ ойынынан сайыс өткізілді.Бұл сайыста 1-орынды 5 Ә-сынып оқушысы Талғат Аружан,2-орынды 4 Ә-сынып оқушысы Тұраханов Асыл,3-орынды 4Ә-сынып оқушысы Рүстемов Мадияр жеңіп алды.

Наурыз айындағы оқушылар арасында волейболдан қыздар арасындағы қалалық жарыста біздің қыздар Тельманова Ж.10А . Сырбаева Ж 9А-сын.Ақылбекова П.6 Ә сын. Уразбекова А.8Ә-сын.Пазылова Ж.8А.сын. Карибекова Э.8Б-сын.оқушылары 2-орынды жеңіп алды.

7 наурызда «8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне» арналған баскетбол сайысында біздің оқушылар Ақылбекова П.6 Ә сын. Уразбекова А.8Ә-сын.Пазылова Ж.8А.сын.Кадирбердиева А 9Б сын.Каржаубаева Б. 8В сын. Нұрманова М. 7 Б сын оқушылары 3-орынды жеңіп алды.

1-Мамыр «Қазақ халқының бірлігі күніне»арналған мұғалімдер арасындағы волейбол жарысында біздік мектеп мұғалімдері Салимов М.К.Арипов Б.Қ.Балкыбаев Т. Б.Егемова Ж.Б. Каирова А.Б Мадиярова З.Ш.Орманова Р.Б 1-орынды иеленді.

Орын алған оқушылар мен мұғалімдер медальдар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.

08 -18 желтоқсан арасында математика,физика және информатика пәндері бойынша онкүндік өтті. Онкүндік жоспары Ә/Б отырысында қаралып, бекітілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет