Көмектес септіктің көнеленуінен:кезекпен(сөйлеу),ретімен(айтты).
Күрделі үстеу сөздердің бірігуінен, тіркесуінен, қосарлануынан жасалады: Сөздердіңбірігуінен жасалған күрделі үстеулер: қыстыгүні (қыстың+күні), ендігәрі (енді+гіден әрі), бүрсігүні (бұдан+арғы+күн), бүйтіп (бұлай етіп), бүгін (бұл+күн), былтыр (бұдан+арғы+жыл) т .б. Сөздердің қосарлануы мен қайталануы арқылы жасалған күрделі үстеулер:ертелі-кеш, алды-артынан, бетпе-бет, анда-санда, некен-саяқ, ілгері-кейін, жоғары-төмен, әрі-бері, оқта-текте, т. б. Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған күрделі үстеулер:таңертеңнен қара кешке дейін, күні бойы, таң атқанша, ала жаздай, қыс бойы, т. б. Тілімізде тұрақты тіркестер арқылы жасалатын күрделі үстеулер де кездеседі: қас пен көздің арасында, аяқ астынан, томаға тұйық, құлан таза, т. б. Үстеу мағынасына қарай жеті түрге бөлінеді:
1. Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауапберіп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады.Мысалы:таңертеңнен (қашаннан?)кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?)еңбектенді,күні-түні (қашан?)оқыды, т. б. 2. Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы:Тауға қарай (қалай қарай?)өрмелеу, алға (қайда?)жылжыды, ілгері-кейін (қайда?)қозғалды, жоғарыдан(қайдан?) түсті, т. б. 3. Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді.Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше? Мысалы:Ақырын (қалай?)жүгірді, қазша (қалайша?)қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?)отырма, балаша (кімше?)мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?)шүйілді, қолма-қол(қалай?) хабарласты, т. б. 4. Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді.Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқынбілдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?)шаршапты, біршама (қаншама?)кешігіп қалды, недәуір(қалай?)өскен екен. Ал сонша (қанша?)биік, біршама (қанша?) алыс, недәуір(қалай?)ұзақдегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін, көлемін білдіреді.
5. Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы:әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмады. Сонымен бірге күшейткіш үстеуге сын есімнің күшейтпелі шырайынжасайтынең(биік), өте (салмақты), аса (терең), тым (терең), кілең (жүйрік)сөздері де жатады.
6. Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауапберіп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы:әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жортабілмегенсіді, әдейілеп шақырды. 7. Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді.Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқаренжіді,лажсызданкелісті, т. б.
Сөздердің бірігуінен жасалған күрделі үстеулер бірге жазылады. Мысалы: бұл жыл – биыл,бұл күн – бүгін, жаздың күні – жаздыгүні, ендігіден әрі – ендігәрі, қыстың күні – қыстыгүні ,күздің күні – күздігүні; Сөздердің қосарлануынан, қайталануынан жасалған күрделі үстеулер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы:анда-санда, бетпе-бет, арлы-берлі, жиі-жиі, ертелі-кеш, күні-түні, жоғары-төмен, т. б. Тіркесу арқылы жасалған күрделі үстеулер бөлек жазылады.Мысалы:қыс бойы, таң сәріде, келе сала, төмен қарай, жоғары жаққа. Үстеудің сөйлемдегі негізгі қызметі – пысықтауыш. Шыңғыстың сырты тез (қалай?)жылынбағандықтан, ерте (қашан?) көктемейтін.Ережені жаттамайынша (қайтпейінше?),тапсырманы орындай алмайсың. Үстеулер түрленіп келіп, басқа сөйлем мүшелерінің де қызметін атқарады.
Үстеу атау септігінде тұрып бастауыш қызметінде жұмсалады. Еріншектіңертеңі (несі?)бітпес.Күшейткіш үстеулер сапалық сын есіммен тіркесіп келіп, күрделі анықтауыш қызметін атқарады. Бәйгеге өңшең жүйрік, кілең сәйгүлік(қандай?) аттар қосылды.