2)ТУЫНДЫ ҮСТЕУ ЖҰРНАҚ ПЕН СЕПТІК ЖАЛҒАУЫ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛАДЫ.МЫСАЛЫ:ЗОРҒА, БАЛАША.
ҮСТЕУ Қашан?, Қайда?, Қалай?, Қайтіп? Деген сұрақтарға ЖАУАП БЕРЕДІ!
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҮСТЕУ БІР СӨЗДЕН ДЕ,ЕКІ-ҮШ СӨЗДЕНДЕ ТҰРАДЫ. 1) ДАРА ҮСТЕУ-ТЕК БІР ҒАНА СӨЗДЕН ТҰРАДЫ. 2)Күрделі үстеу- екі не одан көп сөзден құралатын және бір мағынаны білдіреді.Күрделі үстеу бірігу,тіркесу,қосарлану арқылы жасалады.
Мекен үстеу деп қимылдың болу орнын білдіреді.Сұрақтары: Қайда? қайдан? қалай қарай?
Мезгіл үстеу қимылдың мезгілін білдіреді. Қашан? Қашаннан бері? Деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: кеше,бүгін,ертең.
Сын-қимыл үстеуі қимылдың жүзеге асу амалын білдіреді. Қалай? Қайтіп? Қалайша? Деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: әрең, зорға т.б.
Мақсат үстеуі қимылдың болу мақсатын білдіреді. Не мақсатпен? Қалай? Деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы:әдейі,қасақана.т.б.
Себеп үстеуі іс-қимылдың болу себебін,салдарын білдіреді.себеп үстеулері:бостан-босқа,шарасыздан,амалсыздан. Неге? Неліктен?Не Себепті? Деген сұрақтарға жауап береді.
Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді.Мысалы:біраз,аз,көп.
Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: ең,аса,тым
Үстеудің сөйлемдегі негізгі қызметі – пысықтауыш. Мысалы: кеше қар жауды. Үстеулер түрленіп келіп, басқа сөйлем мүшелерінің де қызметін атқарады.
Зерттеген ғалымдар
Ахмет байтұрсынұлы үстеуді жеке сөз табы ретінде бөлек атап, оған былайша анықтама береді: «Үстеу — сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді толықтыру, күшейту үшін айтылатын сөздер». А.Байтұрсынов үстеуді бес мағыналық топка бөледі. Олар: 1) нықтаулық; 2) сынаулық; 3) өлшеулік; 4) мезгілдік; 5)мекендік.
Үстеу туралы арнайы еңбек жазган — профессор А.Ыскақов. А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер» атты еңбегі бар. Бес тараудан тұратын бұл еңбектің I тарауында үстеулердің зерттелуі мен оқытылуы, 11 тарауда үстеулердің сөз табы ретіндегі өзіне тән белгілері, сын есім мен үстеудің ортасында жүрген аралық сөздер мен үстеу қүрамындағы кейбір көнерген косымшалардың қолданылуы қарастырылған.
Профессор С.Аманжолов «Үстеу дегеніміз істің қимылын, белгісін, мезгілін білдіретін сөз»- деген түсінік береді . ғалым оларды кызметіне қарай екі топқа бөледі: «етістікпен тіркесетін етістік үстеулер және есімдермен тіркесетін есім үстеулер».