Үстеу тұЛҒасына қарай екіге бөлінеді. 1 Негізгі үстеу-бөлшектеуге келмейтін төЛ Үстеу. Мысалы:ӘРЕҢ,ЕҢ



Дата07.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#85801
Байланысты:
Атабек.А үстеу

ҮСТЕУ

ҮСТЕУ-іс-қимылдың түрлі белгісін білдіретін сөз табы.ҮСТЕУ СӨЙЛЕМ ІШІНДЕ НЕГІЗІНЕН ЕТІСТІКПЕН БАЙЛАНЫСАДЫ.

ҮСТЕУ ТҰЛҒАСЫНА ҚАРАЙ ЕКІГЕ БӨЛІНЕДІ.

1)НЕГІЗГІ ҮСТЕУ-БӨЛШЕКТЕУГЕ КЕЛМЕЙТІН ТӨЛ ҮСТЕУ.МЫСАЛЫ:ӘРЕҢ,ЕҢ

2)ТУЫНДЫ ҮСТЕУ ЖҰРНАҚ ПЕН СЕПТІК ЖАЛҒАУЫ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛАДЫ.МЫСАЛЫ:ЗОРҒА, БАЛАША.

ҮСТЕУ Қашан?, Қайда?, Қалай?, Қайтіп? Деген сұрақтарға ЖАУАП БЕРЕДІ!

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҮСТЕУ БІР СӨЗДЕН ДЕ,ЕКІ-ҮШ СӨЗДЕНДЕ ТҰРАДЫ. 1) ДАРА ҮСТЕУ-ТЕК БІР ҒАНА СӨЗДЕН ТҰРАДЫ. 2)Күрделі үстеу- екі не одан көп сөзден құралатын және бір мағынаны білдіреді.Күрделі үстеу бірігу,тіркесу,қосарлану арқылы жасалады.

Үстеу мағынасына қарай 7-ге бөлінеді.Олар: 1)мекен үстеу 2)мезгіл үстеу 3)сын-қимыл үстеу 4)Мақсат үстеу 5)себеп үстеу 6)мөлшер үстеуі 7)Күшейткіш үстеуі

Мекен үстеу деп қимылдың болу орнын білдіреді.Сұрақтары: Қайда? қайдан? қалай қарай?

Мезгіл үстеу қимылдың мезгілін білдіреді. Қашан? Қашаннан бері? Деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: кеше,бүгін,ертең.

Сын-қимыл үстеуі қимылдың жүзеге асу амалын білдіреді. Қалай? Қайтіп? Қалайша? Деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: әрең, зорға т.б.

Мақсат үстеуі қимылдың болу мақсатын білдіреді. Не мақсатпен? Қалай? Деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы:әдейі,қасақана.т.б.

Себеп үстеуі іс-қимылдың болу себебін,салдарын білдіреді.себеп үстеулері:бостан-босқа,шарасыздан,амалсыздан. Неге? Неліктен?Не Себепті? Деген сұрақтарға жауап береді.

Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді.Мысалы:біраз,аз,көп.

Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: ең,аса,тым

Үстеудің сөйлемдегі негізгі қызметі – пысықтауыш. Мысалы: кеше қар жауды. Үстеулер түрленіп келіп, басқа сөйлем мүшелерінің де қызметін атқарады.

Зерттеген ғалымдар

Ахмет байтұрсынұлы үстеуді жеке сөз табы ретінде бөлек атап, оған былайша анықтама береді: «Үстеу — сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді толықтыру, күшейту үшін айтылатын сөздер». А.Байтұрсынов үстеуді бес мағыналық топка бөледі. Олар: 1) нықтаулық; 2) сынаулық; 3) өлшеулік; 4) мезгілдік; 5)мекендік.

Үстеу туралы арнайы еңбек жазган — профессор А.Ыскақов. А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер» атты еңбегі бар. Бес тараудан тұратын бұл еңбектің I тарауында үстеулердің зерттелуі мен оқытылуы, 11 тарауда үстеулердің сөз табы ретіндегі өзіне тән белгілері, сын есім мен үстеудің ортасында жүрген аралық сөздер мен үстеу қүрамындағы кейбір көнерген косымшалардың қолданылуы қарастырылған.

Профессор С.Аманжолов «Үстеу дегеніміз істің қимылын, белгісін, мезгілін білдіретін сөз»- деген түсінік береді . ғалым оларды кызметіне қарай екі топқа бөледі: «етістікпен тіркесетін етістік үстеулер және есімдермен тіркесетін есім үстеулер».

Назарларыңызға рахмет!


Орындаған:Атабек.Ә.Б
Тобы:Кя-18-1

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет