Стиль – сөйлеушінің, жазушының белгілі бір тақырыпқа қатысты сөз саптауы


Көркем әдебиеттің ерекше баяндалу мәнері-стилі қалыптасады



бет4/6
Дата31.10.2022
өлшемі1,92 Mb.
#155811
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Стиль
каз 5В090100 -ОП, 6- сынып қазақ әдебиеті, 1 Сабак жоспары
Көркем әдебиеттің ерекше баяндалу мәнері-стилі қалыптасады.
Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктер:
  • Образды сөздер , бейнелеуіш, суреттеме, көркемдегіш құралдар (теңеу, метафора, метонимия, эпитет, антитеза) мол қатысады. Мысалы: Асқақ үнді әнші сахарының, сол өнер алыбы асқақ атайдай қып, зор кеуденің алып күйін азынатып төгеді. (М.Әуезов).
  • Эмоционалды-экспрессивті сөздер қатысады. Мысалы: Басқан ізінен садаға кетейін, мырза аға! Қайда ғана жүр екенісің, жалғыз жәдігеріңді жааутаңдатып бізге тастап кетіп... –Салиха «аһ» ұрып күрсініп қалды. (Ш.Мұртаза).
  • Мәтінге ритм, интонация әсерлілік құру үшін көп қатысады.
  • Шығарма тартымды болу үшін, синоним сөздер, грамматикалық амалдар көп жұмсалады. Шылаулар, қыстырма, одағай, қаратпа сөздер көркем тілдің морфологиялық ерекшеліктері.
  • Терминдер, кәсіби сөздер, диалект сөздер, көнерген сөздер қолданыла береді. Бұлар кейіпкердің ерекшелігін, ортасын, білімін, мінезін, қоғамын т.б. көрсету үшін қолданылады.

Алтын тобылғы
Публицистикалық стиль
Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда қолданылады. Мұндай үндеуге, үгітке қоғам үшін және дәл сол кезеңде зор мәні бар мәселелер тақырып болады. Мысалы, саяси-экономикалық, экологиялық, мәдени, моральдық мәселелер.
Үндеудің, үгіттің мақсаты-жұртшылықты қоғамдық мәні бар іске қатыстыру, жұртшылықтың(қоғамның) санасына ықпал ету.
Публицистикалық стильдің басты сипаты:
  • Публицистикалық сөз өте жинақы, тұжырымды болып құралады;
  • Сөз экспрессивті, екіпінді болады;
  • Сөз тыңдаушыларын коммуникатитік байланысқа тартатындай болып құралады;
  • Публицистикалық стильдің тақырыбы өмірдің әр саласына байланысты болғандықтан, ол тақырыбына сай ғылыми стильге, көркем әдебиет стиліне жуықтап келеді.

  • Публицистикалық стиль ауызша және жазбаша түрде қолданылады.
  • Публицистикалық сөз ауызекі айтылғанда, ауызекі сөйлеу стиліне тән сипаттарға да ие болады. Ол көбінесе газет, журнал, радио, теледидар арқылы беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет