Стиль мен бейнелілік ұғымдары туралы



бет20/32
Дата25.03.2022
өлшемі195,32 Kb.
#136809
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32
Байланысты:
Сыйлыгул-Диссертация

Абдырап кенет, абыржып (С.Ж. Бір күні сонау қаладан. 1-33)
Бұл жерде абдырау – асып-сасу, абыржу, әбігерлену [29, 11-б.] деген мағынада қолданылған.
Ыстық нандай батырған сарымайға,
Балқып, еріп отырмын тағы да ойға. (Ж.Н. Бағы қайда көктемнің. 1-32)
Балқы сөзі тура мағынасында қатты күйден сұйық күйге айналу, еру деген мағынаны білдіретін болса, ауыспалы мағынасында елжіреу, сүйсіну деген мәнде қолданылады [29, 106-б.]. Осы өлең жолында ақынның бұл сөзді ауыспалы мағынасында қолданып, өз ойына сүйсініп, елжіреп отырған ақын күйін бейнелеу үшін жұмсалған.
Алқынып, тулап жүрегім. (С.Ж. Хат. 1-30) деген өлеңінде жүректің тынымсыз жай-күйін алқыну – ентігу, демігу деген сөзді ауыспалы мағынасында – буырқану, арындау [29, 42-б.] деген мағынада қолданып, оған тулап сөзінің де ауыспалы мағынасын үстейді: толқын ату, буырқану [29, 820-б.].
Кеше кеште қызып-жанып ауырған;
Дауыс салды, еңіреді, боздады;
Өзі де ерте егде тартты, есейді;
Шөлдеді, таңдай кеуіп көзін жұмды. (А.Б. Шаңырақ. 1-110)
Бұл өлең жолдарындағы етістіктердің мағыналары: қызу, жану – дененің температурасы көтерілуі [29, 552-б.]; дауыс салу – қаралы үйге жылап келу [29, 190-б.]; еңіреу – ағыл-тегіл егіліп жылау [29, 229-б.]; боздау – еңіреп, жарлап жылау [29, 133-б.]; егде тарту –жасы ұлғаю [29, 215-б.].
І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаевтың еңбегінде «Синоним дегеніміз – мағынасы жақын болғандықтан белгілі бір контексте алмастыруға жарайтын сөздер» [76, 66-б.], – деп анықтама берілген. Алайда, бұл өлең жолдарынан байқағанымыздай, синоним сөздер өлеңге көркемдік үстеу мақсатында бірінің орнына бірі емес, керісінше қатар қолданылып, ерекше мән үстеп тұр.
Қазақ тілінде синонимдерді арнайы зерттеген ғалым Ә.Болғанбаев: «Синонимдер сөздердің жалпы мағыналық бірлестігіне қарай топтастырылады. Яғни бір ғана ақиқат шындықты көрсетіп, бір ғана ұғымды білдіретіндіктен олар синоним болып табылады», – дей келе, синонимдердің екі түрлі қызметін атап өтеді: бірі – бірін-бірі алмастыруға бейім келетін синонимдер, екіншісі – бірі екіншісін нақтылау орытатын синонимдер [77, 104-б.].
Осылайша өлең жолдарында кездесетін синонимдік қатар көркем шығарманың образдылығы мен эстетикалық сымбатын аттыра түседі.
Лирикалық өлеңдерде жиі қолданылатын сөздердің бірі – антоним сөздер. Ә.Болғанбаев: «Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер, көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қояды» [78, 45-б.], – деп жазса, Ғ.Мүсірепов былай дейді: «Антонимдердің көркем әдебиеттегі қызметі де айрықша. Өйткені тіліміздегі осы сияқты мәндегі сөздерді ақын-жазушылар өзара қарама-қарсы қойып, шығарма тілінің көркемдігін шыңдай түседі» [79, 123-б.]. Шын мәнінде, антонимдердің өлең мағынасына үстейтін басты ерекшелігі – ол екі қарама-қарсы нәрсені қатар қою арқылы бір-бірінің бейнесін, сипатын ашуға көмектеседі, мағынасы қарама-қарсы сөздер арқылы үшінші бір құбылыстың немесе нәрсенің бейнесін сипаттауға мүмкіндік туады.
Біздің жұмысымызға негіз болған ақындар да өз өлеңдерінде мағынасы қарама-қарсы сөздерді жиі қолданады. Олардың арасында әр түрлі сөз таптары кездеседі. Ең көп кездесетін – зат есім. Мысалы төмендегі өлең жолдарын салыстыра талдап көретін болсақ:
Түк түсінбей тұр білем, мынау аспан, мынау жер; (Ж.Н. Түн. 1-54)
Жер мен көкті жалғаған; (С.Ж. Бүгінгі дала суреті. 1-15)
Арамыз қазір жер менен
Жұлдыздай сонау көктегі. (С.Ж. Көп болды бозаң белдерім. 1-45)
Көкірегіңе көл-көсір тілек толып,
Жер мен көкке сен қалдың тірек болып. (М.С. Адам. 1-30)
Ақындардың өлеңдерінде мағыналас жер мен көк, жер мен аспан деген қарама-қарсы мағыналағы сөздер қолданылған. Көк сөзі мен аспан сөзі қазақ тілінде бірінің орнына екіншісі еркін қолданыла береді. Бұл жерде қарама-қарсы сөздер тура мағынасындағы қарама-қарсылықтан бөлек, белгілі бір кеңістікті де білдіріп тұр: аспан мен жер қарап тұр дегені – барлық дүниенің көз салуы; жер мен көкті жалғау – шексіздіктің белгісі; арамыз жер мен көктей деген – белгілі бір қашықтықты білдіреді; жер мен көкке тірек болу – бұл өмірде өзің ғана қалдың деген мағынаны астарлы береді. Осыдан кейін антонимдердің стильдік ерекшелікке ие екендігін анық айта аламыз. Себебі ақындар бірдей сөздерді әртүрлі контексте әртүрлі мағынада жұмсаған.
Көркем шығармада ғана емес, ауызекі сөйлеу стилінде де кеңінен қолданылатын, әсіресе нақыл сөздерде жиі кездесетін антонимдер – жамандық пен жақсылық, бейнет пен зейнет, қайғы мен мұң сөздері де ақындардың өлеңдерінде көрініс тапқан:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет