Стиль мен бейнелілік ұғымдары туралы


Махаббат лирикасындағы бейнеліліктің берілу жолдары



бет28/32
Дата25.03.2022
өлшемі195,32 Kb.
#136809
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
Сыйлыгул-Диссертация

Махаббат лирикасындағы бейнеліліктің берілу жолдары


ХХ ғасыр лирикасындағы махаббат тақырыбында жазылған өлеңдерді іштей шартты екі топқа бөліп қарастыра аламыз: бірі – адамның ішкі сезімін, толғанысын, сағынышын, ғашықтығын бейнелейтін өлеңдер, екіншісі – ақындардың махаббат бейнесін жасауға тырысқан өлеңдері. Яғни бірінші топта қарастырылатын өлеңдерде ақындардың ғашықтың сезімін байқасақ, екінші топтағы өлеңдерде ақындардың махаббат туралы түсініктерін, ойларын аңғарамыз.
Бірінші топта қарастыратын өлеңдердегі бейнеліліктің берілу жолдарын талдасақ:
Мен қараймын елжіреп,
Сенің көзің керемет.
Екеумізде бір жүрек
Екі кеуде не керек!
Керегі не енді үркіп,
Қоңыр бұлтпын, ақ айым:
Сен бір көзсің, мен – кірпік,
Қалғи қойшы – жабайын. (Ж.Н. Жарастық-ау анық біз. 4-21)
Сезімнің білдім ғажабын,
Сүюдің көрдім азабын.
Өмірге қайта келсем де,
Махаббат жайлы жазамын. (А.Б. Өмірге келсем қайта мен. 2-122)
Бірінші шумақта өлең бейнелілігін жүзеге асырып тұрған бейнелеуіш құрал – метафора: мен қоңыр бұлтпын, сен – ақ айым, сен – бір көзсің, мен – кірпік.
Екінші шумақта махаббат бейнесі мағыналары қарама-қарсы, антоним сөздер арқылы жүзе асқан: ғажап – азап, яғни таңқаларлық керемет құбылыс, нәрсе және ауыр бейнет, қиыншылық. Ақын қандай жағдай болса да махаббаттан баз кешпейтіндігін мына жолдармен жеткізеді: «өмірге қайта келсем де, махаббат жайлы жазамын». Бұл жолдар махаббаттың мәңгілік тақырып екендігінің тағы бір дәлелі болады.
Келесі екі шумақта ақында махаббат бейнесін жасауда кейіптеуді қолданып, адам бойындағы қасиеттерді беруде табиғат құбылыстарына жан бітіре суреттеген:
Дарияның ақ жүзігін ала қашып,
Көп толқын барады әне жағаласып.
Тулаған толқын емес, илан, жаным,
Жүрегім ол да менің саған ашық.
Әндетіп аспан деген теңізбенен,
Барады құстар ұшып көл іздеген.
Құс емес көлбеңдеген көк айдында,
Көңілім ол да менің сені іздеген!.. (С.Ж. Сен жақта. 1-199)
Сол бір түнде кес-кестеп ағыс нұрлы,
Бізді қосу амалын қағыстырды.
Сақылдаған аязды құшақтарды
Сүю деген бір желім жабыстырды. (М.С. Сол бір түн. 1-68)
Бұл шумақтарда махаббат бейнесін жасауға атсалысып тұрған сөздер мен сөз тіркестері: дария, тулаған толқын, теңіз, жүрек, көңіл, әндеткен аспан, көл іздеген құс, нұрлы ағыс, көк айдын, аяз. Бұл сөздердің көбі табиғат құбылыстарының атаулары болса да, басты көрініс табиғат емес, ғашық адамның ішкі сезімі: тулаған толқын – ақын жүрегі, көк айдынға асыққан құс – ғашығына асыққан көңіл, нұрлы ағыс – сағыныш сезімі.
Сонымен қатар бұл шумақта кездесетін метафоралар: толқын – жүрек, аспан – теңіз, желім – сүю. Ал «сол бір түнде кес-кестеп ағыс нұрлы, бізді қосу амалын қағыстырды» жолындағы қағыстырды сөзін ақын ауыспалы мағынасында, есебін табу, ретін келтіру деген мағынада қолданған. (Т.С.)
Бүкіл әлем махаббаттан тұрады,
Таңғы шапақ, от боп жанған еріндер.
Бүкіл әлем мейірімнен тұрады;.
Жаса десе, жаса десе жер шарын
Сүгіретін салар едім жүректің. (Ж.Н. Бүкіл әлем махаббаттан тұрады. 4-38)
Жүрегім кеудемде тулайды,
Кейде өз-өзімнен қуандым.
Айнала дүние жырлайды,
Махаббат әніне құмармын. (А.Б. Он сегіз. 2-31)
Өмір жоқ махаббатсыз, бақыт та жоқ. (А.Б. Тағы да махаббат туралы. 2-58)
Махаббат, сен болмасаң жүрегімде
Мүмкін мен Даламды да сүйе алмас ем. (А.Б. Махаббат. 2-67)
Осы шумақтардағы махаббат тақырыбына жататын эпитеттер: таңғы шапақ, қызыл қан, от боп жанған еріндер, қатып қалған қайғы, жаңа туған бала күн. Бұл тіркестердің ішінде таңғы шапақ, қызыл қан тура мағынасында, от боп жанған еріндер, яғни қызыл ерін деген мағынада, қатып қалған қайғы – бұраннан орын алған, көп уақыт болған қайғы деген мағынада көркем әдебиетте бұрыннан қолданылып келе жатқан тіркестер болса, жаңа туған бала күн тіркесі – окказионал сөз қолданысы.
Сонымен қатар махаббат бейнесін ашуда қолданылған лексемалар: әлем, дүние; арман, қиял; жүрек, мейірім, жер шары, ән, қуаныш, өмір, бақыт.
ХХ ғасыр лирикасында соғыс тақырыбы махаббат лирикасында да сөз болғанын келесі тармақтан байқаймыз:
Сарбаздардың махаббаты
Қызыл қанға белшелен боялады. (М.С. Махаббат. 1-38)
Бұл тіркес арқылы сол дәуірде ерлік жасаған сарбаздардың, жауынгерлердің махаббатын жырлайды. Бұл жерде тек қыз мен жігіт арасындағы махаббат ғана емес, елге, туған жерге деген махаббат, Отан алдындағы адалдық, перзенттің таза сезімі суреттеледі.
Ал ақындардың өшпес мұрасы, өлеңі мәңгі жасай беретіні былайша бейнеленеді:
Ақындардың махаббаты
Өлерінде көшеді өлеңіне. (М.С. Махаббат. 1-38)
Осыдан байқайтынымыз, ақындардың махаббаты ешқашан өшпейді, олар лирика тілінде сақталады, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, жалғасып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет