Зерттеудің теориялық мәні: Зерттеу жұмысында В.В. Виноградов, М.Н.Кожина, Г.В.Ф. Гегель, А.Григорян, И.Б. Голуб, Д.Б. Ольховиков сынды шетел ғалымдары мен А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, М. Серғалиев, Б.Шалабай, Р.Сыздықова сынды стилистика және көркем әдебиет стилистикасында құнды еңбектер қалдырған ғалымдардың жазушы тілі, жазушы стилі, автор бейнесі туралы айтқан ойлары беріліп, автор бейнесінің тілдік құрылымын анықтау арқылы ғана көркем әдебиет стилистикасында орын алған мәселелердің бірқатарын шешуге болатындығы айтылады. Белгілі бір ғасырлар тоғысында жазылған шығармаларға ортақ жалпы стиль мен ақын-жазушылардың өзіне тән жеке стилі де қазіргі таңда лингвостилистика саласында кеңінен зерттеліп жүр. Осы бағытта соңғы жылдары диссертациялық жұмыстары жарық көрген, поэзия, лирика тілін стилистикалық тұрғыдан зерттеуге үлес қосып жүрген Қ.Маликов, А.Махметова, Б.Қалиев, Е.Қасенов, А. Бекбосынова, С.Кәрібаева секілді ғалымдардың да зерттеу жұмыстары қарастырылып, ХХ ғасыр лирикасындағы стиль мен бейнелілік мәселесін зерттеуде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |