Зерттеудің практикалық мәні: Зерттеу жұмысында ХХ ғасырдың лирик ақындары өлеңдеріне ортақ тақырыптар, сол тақырыпты ашатын сөздердің лексика-семантикалық топтары талданған. Ақындардың өлеңдерінде кездесетін дәстүрлі көркемдеуіш құралдар – метафора, эпитет, кейіптеу, теңеу мен окказионал сөз қолданыстары және сөздердің мағыналық топтары мен тұрақты тіркестердің бейнелі сөз жасаудағы қызметі мысалдар арқылы талданып, түсіндірілген.
Зерттеудің құрылымы және көлемі:Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі негізгі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттен тұрады.