Стиль мен бейнелілік ұғымдары туралы



бет25/32
Дата25.03.2022
өлшемі195,32 Kb.
#136809
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
Байланысты:
Сыйлыгул-Диссертация

Кіршіксіз жатқан түгел ақ қар жауып. (А.Б. Ақ ұлпа. 2-44)
Бұл шумақтардағы бейнелеуіш құралдарды жекелеп алып талдайтын болсақ, ең бірінші көп қолданылған бейнелеуіш құрал – кейіптеу. Алғашқы үш шумақта жел, қар, дала, желтоқсан суреттері жанды нәрсе ретінде суреттеледі: суық жел тұр құлағыма сыбырлап; қар жауып тұр, асықпайды ол бірақ; моп-момын дала дүлейден кенет дүрлікті; желтоқсан жетті қақпақыл ойнап, құтырып. Сонымен қатар бұл кейіптеулерді жасауда үлкен рөл атқарып тұрған бейнелеуіш – теңеулер. Олар: ақ денесі кететіндей балдырап; ұйытқып соғып аласұрған көңілдей; қалыңдық боп жаңа түскен келіндей; алаулап екі бетің оттай жанып. Бұл теңеулердің барлығы да -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалған.
Ал «моп-момын дала дүлейден кенет дүрлікті, көкті де жұтқан түтігіп тұрған бір мықты» деген сөйлемде ақын боран бейнесін дүлей сөзі арқылы жасырын түрде суреттейді. Сонымен бірге оның қарапайым халыққа жайсыз болатындығын «желтоқсан жетті қақпақыл ойнап, құтырып, құртқысы келіп күркедегі жүдеу тірлікті» деп астарлап жырлайды. Бұл жердегі қақпақыл деген сөздің мағынасы: бес не жеті асықты [тасты] қол сыртымен қағып ойнайтын балалар ойыны. (Т.С) Яғни желтоқсанның ерекше мінезін ақын ойынға теңейді.
Қыс бейнесін беруде қолданылған сөздер мен сөз тіркестері: аяз, беттің шымырлауы, үлпек қар, мұз басқан дала, суық жел, дүрліккен дала, желтоқсан, кіршіксіз дүние.
ХХ ғасырдағы қазақ лирикасында айрықша байқалған ерекшелік – адамдарға қатысты бейнелеулердің бәрін де табиғат құбылыстарына байланыстырып жырлау. Күн, Ай, жұлдыздар, жел, су, толқын, қара жер, жапырақ, тау, тұман, жыл мезгілдері, т.б – сансыз суреттер, құбылыстар адам жанына, келбетіне баламаланып жырланады. Біз қарастырған ақындардың өлеңдерінде жиі кездескен табиғат құбылыстары атаулары – тау, бұлт, жаңбыр, жел, таң, түн, толқын және қайың.
Алдымен лирикадағы тау бейнесі туралы талдап көрсек, тау – асқақтықтың, тәкаппарлықтың, сұстылықтың символы. Адамдар тауға қарап бой түзейді, таудың асқақтығына тамсанады, оның шыңына жетуге талпынады, адам бойындағы жоғары бағаланатын қасиеттерді таудың қасиеттерімен теңестіреді. Мысалы:
Сұстылық тек жарасады тауларға. (Ж.Н. Кімсің? 1-182)
Не күші бар таулардың асқаралы. (С.Ж. Адам. 1-217)
Тәкаппар таумын. (М.С.)
Биік шың, шырша – таулардың көркі, байлығы. (А.Б. Медеу. 2-184)
Сендерден кішкентаймын, аппақ шыңдар. (А.Б. Ақ шыңдар. 2 – 317)
Бұл ақындардың тауға қаратылып айтылған өлеңі болса да, астарында адамның бойындағы асқан күшті, биіктікті жыр етеді. Ақын метафора арқылы өзін тәкаппар таумын деп жырлау арқылы өз бойындағы күш-жігерді, арманды, мақсатты таудың сырт келбетімен, биіктігімен қатар қою отырып суреттейді. Тау бейнесін ашатын сөздер – сұсты, тәкаппар, асқаралы, биік.
Лирикада тау лексикалық бірлігімен қатар қолданылатын сөз – бұлт. Ақындардың лирикасында бұлт былайша бейнеленеді:
Жүздірші ақ бұлтыңды аспан – алып,
Бұлт жоқта ой да келмес басқа лағып.
Бір сәтке бұлтсыз қою Алатауды,
Аспан-ау, біле білсең – масқаралық. (Ж.Н. Есе ғой, жасыл самал. 1-41)
Бір кезде соғады жел беткейге үрлеп,
Бұлттарды қумақ болып өрттей гүлдеп.
Жартастың құшағына кіреді бұлт
Бәрібір мен тауымнан кетпеймін деп. (С.Ж. Бұлттар. 2-106)
Бір шатқалға енген бойы осы еді,
Бұл тауда бұлт астан-кестен көшеді.
Ә дегенше төбесінен жігіттің
Шағын бұлттың төкті өткінші нөсері. (А.Б. Аңшының жыры. 2-200)
Бұл шумақтарда бұлт таумен қатар суреттеледі. Ол үшін ақындардың бірі қаратпа сөзді: «Бір сәтке бұлтсыз қою Алатауды, аспан-ау, біле білсең – масқаралық»; екіншісі кейіптеуді: «жартастың құшағына кіреді бұлт, бәрібір мен тауымнан кетпеймін деп»; үшіншісі тура мағынасындағы сөзді: «бір шатқалға енген бойы осы еді, бұл тауда бұлт астан-кестен көшеді», деп қолданады.
Ал келесі ақыннын өлең шумағында бұлт күн бетін жапқан қараңғылық ретінде суретттеледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет