Стиль мен бейнелілік ұғымдары туралы



бет16/32
Дата25.03.2022
өлшемі195,32 Kb.
#136809
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32
Байланысты:
Сыйлыгул-Диссертация

Бетүлгі,
Осы күннің Қыз Жібегі секілді. (Ж.Н. Ақша. 4-142)
Ролін артист-сөздер ойнай алмай,
Ақылдың жылап берді күлген жерін. (Ж.Н. Тағы да, тағы да бір жыр бастайын. 4-22)
Бұл шумақтардағы метафораларды талдасақ: мотор – өмір – бұл арқылы ақын өмірдің үнемі қозғалыста, жұмыс үстінде болатынын суреттейді; нота – сызық – ақын нота сөзін қазақ танымына сай сызық деп бейнелейді; ал сол ғасырдағы газеттердің ерекше мәнге ие болғандығын, газеттер арқылы көптеген істі тындыруға болатынын қағаз – бомба, қағаз-танкі деп бейнелі түрде жеткізеді, сонымен қатар бұл сол кездегі соғыс тақырыбының өзекті болғандығынан да хабар береді; өмір деген – формула, машинада да – формула, еңбегі де – формула деген метафора арқылы ақын жігіт үшін ең басты нәрсенің не екенін анықтап көрсетіп, оны қайталау эпифора арқылы береді; Көз – дифицит, артист-сөздер тіркесіндегі дифицит сөзі қазіргі қазақ тілінде тапшылық, ал артист сөзі әртіс деп аударылады.
«Поэзиялық образ жасайтын ақынның көркем шығармасындағы басқа сөздерге қарағанда метафора сапасы түр бояуы арқылы сөзді бұрма мағынасында қолдану тәсілі болғандықтан сөз шеберінің өзіне тән қолтаңбасын анықтайтын тілдік амал деп қарау керек» [41, 105- б.], – деген С.Асқарова пікіріне сүйене отырып, метафораларды ақын стилін қалыптастырушы басты құрады деп есептеуге толық негіз бар.
Лирикалық шығармаларда, әсіресе табиғат көрінісін беруде көп қолданылатын тағы бір көркемдеуіш құрал – кейіптеу. «Кейіптеу дегеніміз – жаратылыстың жансыз нәрселерін жанды нәрседей етіп, жандылардың істейтін амалдарын істеткізіп суреттеу» [66, 119-б.] екендігін еске алсақ, өлеңдерде табиғат құбылыстары жанданып, адамға тән қозғалыстарды жасап, бейнелі күйге енеді. Кейіптеуге ақындардың өлеңдерінен мысал келтіретін болсақ:
Ақ тарыдай шашылып үркіп пе еді,
Жұлдыздарды барады құртып тегі:
Қызыл әтеш-күн шығып ақ тарыны
Шымқып теріп жөнелді, шымқып теріп. (Ж.Н. Бұталардан шөптерге ыршып қонып, 1-36)
Бұл жерде Күннің шығуы мен жұлдыздардың біртіндеп өше бастауын ақын қызыл әтештің далаға шығын ақ тарыларды шымқып теріп жүрген кейпінде суреттейді: күн – қызыл әтеш, жұлдыздар – ақ тарылар.
Мына өлеңде:
Билейді белін мың бұрап,
Найзағай бұлттың ішінде.
Көтеріп басын гүл-құрақ
Қарайды сол бір мүсінге. (С.Ж. Көктем сәулелері. 1-214)
Ақын бұлт ішіндегі найзағайды жанды адамның билеуіне теңеп, жер бетінен гүлдердің шығуын сол найзағайға қарап тұрған секілді етіп бейнелейді.
Ақ мұхит аспан аймалай түсіп айдынды,
Сәулелер шашса, шашқандай болып бір мұңын.
Өр теңіз өлі түнде де артып айбыны,
Жеткізіп жатыр жағаға ұлы тірлігін. (М.С. Түнгі теңіз. 1-48) – деген өлеңді оқыған кезде оқырман аспан, ай, теңіз жай ғана көз алдымызға елестемейді, айдынның бетін аймалай сипап, мұңын шағып, сәулесін түсіріп тұрған аспан мен бар күші тасып жағаға жетуге ұмтылған тебіренген толқынды теңіз суреті ойымызға оралады.
Ал келесі өлеңді оқығанда жай ғана көл емес, көк көйлегін киген қыз жағалауға ұмытылып бара жатқандай көрінеді:
Көйлегін киіп көгілдір
Жаяды құшақ жағалау.
Арнаңда асау өмір – гүл,
Ағыспен жылжып барады-ау. (А.Б. Жайықтағы тағы жас көктем. 1-163)
Жалпы, ақындар кейіптеу арқылы бейнені жасаған кезде жансызға жан бітіріп, оқырман көңіліне әдемі сурет ұялатады.
Сенің үнің, сенің үнің тым өктем,
Сенің қолың тереземе гүл еккен.
Сенің ойың жарып шыққан жүректен,
Ей, жас өмір. (Ж.Н. Ей, жас өмір. 2-26)
Бұл шумақта өмір жанды нәрсе ретінде суреттеледі: гүл егу, үні шығу – бұл сөздер негізінен тура мағынасында жанды нәрселерге қатысты айтылатын етістіктер. Ақын өмірдің қаталдығын «сенің үнің, сенің үнің тым өктем» деп оның күштілігін, пәрменділігін нақтылай түседі.
«Көркем шығарма тілі жөнінде сөз ету – жазушының қанша метафора немесе қанша эпитет қолданғанын жіпке тізгендей санап жату емес. Біз үшін ең маңыздысы – образды терең ашу үшін автордың сол суреттеу құралдарын, өзінің ана тілінің байлығын қаншалықты мол және қалай пайдаланғандығы» [67, 221-б.], – деп А.Нұрқатов айтқандай, дәстүрлі көркемдік бейнелелік құрылымы, оның тілдегі көрінісі туралы айқтан кезде біз ең бірінші оларды өлең табиғатын ашудағы, автор стилін қалыптастырудағы басты рөлі туралы айтамыз.
Жоғарыда аталып өткен тілдегі дәстүрлі бейнелеуіш құралдардың қатарында авторлық шығармашылық стиль табиғатын тануға көмектесетін, негіз болатын ерекше мәнді бір заңдылық бар. Ол – окказионализм сөз қолданысы. Г.Мұратова окказионал сөздердің ерекшеліктерін былай анықтайды: «Окказионализмдердің мағынасы контекспен тығыз бірлікте, әрі үнемі экспрессивті бояу-реңкте болады. Сыртқы формасына, жасалу тәсіліне қарай тіл нормасына жанаспай жасалады» [68, 15-б].
Окказионализмдер – белгілі бір шығармада пайдаланылып, контекст арқылы анықталатын, әдеби тілімізге кіру қабілеті шектеулі сөздер, немесе Р.Сыздық анықтамасы бойынша «тосын сөздер» болса, ғалым Х.Нұрмұханов «Сөз және шеберлік» атты зерттеу еңбегінде потенциалды сөздер мен окказионалды сөздердің ара жігін ажыратып, окказионализмдерге контекст қалауына орай тек «бір ғана қолданымдық» қызмет атқаратын сөздер деп сипаттама береді [69, 78-б.]. Ал Г.Мұратова «окказионал сөздер» деп қолданған. Академик М.Серғалиев әдеби тілдің талаптарын есте сақтап жүру, орындау – әр сауатты, мәдениетті адамның рухани міндеті және парызы екендігін айта келіп: «...халықтық тілді оның тармақтарын одан әрі тереңірек игеру барысында норманың басқа бір түрін де білу қажеттігі туындайды. Ол – стилистикалық норма. Стилистикалық норманы, былайша айтқанда, әдеби тіл нормасына қосымша, оны толықтыратын, дәлелдейтін норма десе де болады» [70, 40-б.], – деген тұжырым жасайды. Ғалымның бұл пікірі автордың өзінің жеке қолданысындағы сөздік құбылтуларды, өзгертулері қате деп есептемеудің басты дәлелі болады. Керісінше, бұл поэзия тілі үшін өте керек, себебі поэзия қиялдың, ойдың санада суреттелуіне тікелей әсер ететін болса, оны жаңаша бейнелеу, жаңаша сипаттау оқырман дүниетанымын кеңейте түсуге септігін тигізері сөзсіз.
Ж.Нәжімеденов өлеңдерінде кездесетін окказионал сөздер мен сөз тіркестері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет