Зерттеудің мақсаты: Лингвостилистика саласының басты категорияларының бірі – стиль мен бейнелілік ұғымдарына берілген ғылыми тұжырымдамаларды қарастыру, лирика тілі мен автор бейнесінің зерттелуіне шолу жасап, ХХ ғасыр лирикасы тіліндегі стиль мен бейнеліліктің ерекшелігін таныту, дәстүрлі көріктеу құралдарының поэтикалық бейне жасаудағы қызметі мен сөздердің мағыналық топтары, тұрақты тіркестердің бейнелі қолданыстарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
Көркем әдебиет стилистикасындағы стиль мен бейнелілік ұғымдарының мағынасын ашу, шетел және қазақ ғалымдарының тұжырымдарын салыстыру, жүйелеу;
Лингвостилистика саласында лирика тілі мен автор бейнесін зерттелуін қарастыру, осы бағытта қорғалған зерттеу жұмыстарымен танысу, оларға тән ортақ ерекшеліктерді саралау;
ХХ ғасыр лирикасындағы стиль мен бейнелілікті жасауға қатысқан дәстүрлі көріктеу құралдарын анықтау;
Сөздердің мағыналық топтары мен тұрақты тіркестердің көркем бейне жасаудағы қызметін көрсету;
ХХ ғасыр лирикасындағы табиғат, туған жер, махаббат, соғыс-бейбітшілік лексика-семантикалық тобындағы сөздердің қолднылу қызметін қарастыру.