2.Гедонизм
Гедонизм (гр. hedone – көңілділік, рахаттану) – адам тіршілігі рахаттарға ұмтылып, азаптардан қашудан тұрады деп қарастыратын философиялық-этикалық принцип және моральдің критерийі. Гедонизмнің философиялық астарын (подпочва) "игіліктің" ("благо") объективтік барлығы туралы идея, нәрселер мен құбылыстарға иеленуге, меншіктенуге болатын іштей тән құндылық (ценность) қасиеті барлығы туралы ой құрайды. Гедонизмнің психологиялық аспектісі адамның іс-әрекеттерінің психикалық мотивациясын (себебін, дәлелін) рахаттану қажеттілігін қанағаттандыру тілегі терминдерінің төңірегінде қарастыруда тұр. Гедонизмнің этикалық негізі рахаттану адам үшін ең жоғары игілік болады, тілектерін қанағаттандыруға ұмтылу оның (адамның) табиғи мәнінің бейнесі деп есептейді (натурализм).Гедонистік постулаттардың (жорамалдар) бастауларын көнеүнді, сол сияқты көнеқытайлық философиялық-этикалық ілімдерде кездестіруге болады. Гедонизм идеясы алғаш рет антикалық философияда – кирендік мектепте кездеседі. Осы мектептің негізін қалаушы, Сократтың шәкірті Аристипп таным теориясында сенсуализмді этикада гедонизммен үйлестірді. Ол өмірдің жоғары мақсатын рақаттылықта деп көрді, бірақ адам рақаттылықтарға бағынбауы керек, жоғары игілік құрайтын ақылды рахаттануға ұмтылуы керек.
Антикалық уақыттың гедонистік ілімінің шыңы Эпикурдың этикасы болып саналады (эпикуреизм). Қанағаттандыру принципіне сүйеніп, Эпикур бақыт концепциясын жасады (эвдемонизм). Оған сәйкес ең биік игілік қызықтармен ақылды рахаттану болып есептеледі. Игілік – қанағаттандыруды тудыраттынның бәрі, зұлымдық – азапты әкелетіннің бәрі. Эпикур бойынша, жоғары игілік – бұл рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру. Эпикурейшілдікте гедонизм принципі сезімдік ләззаттардан рухтың тыныштығына (атараксия) және қасіреттен құтылу жолдарын іздеуге көбірек бағытталған.
Буддистік, христиандық және мұсылмандық философияда гедонизмге аскеттілік (аскетизм), өзін-өзі шектеу (тыю), рухани игілік ардың тазалығы қарсы қойылады. Қайта Өрлеу мәдениетінде гедонистік бастаулар адам құдыреттілігіне қатысты қарастырылады. Гедонизм қазіргі заманғы зайырлы утилитаризм, прагматизм сияқты (И. Бентам, Дж. Милль, У. Джеймс, Дж. Дьюи) этикалық доктриналарда да орын алады. "Абсолюттік", "шексіз" гедонизмнің (яғни қандай болмасын жасанды қажеттіліктерді қанағаттандырудың кез-келген формаларының теңділігін, қолдануға болатындығын, тіпті наркомания, садизм, жыныстық ауытқулар мен азғындық, табиғи "күнәлылықты" т.б. ақтайтын) бас көтеруіне байланысты "барлығына рұқсат моралі" ("мораль вседозволенности") қоғамның ауыр күйзелісінің куәсі деп қарастыратын бүгінгі заманның әлеуметтік философтары мен этиктерінің шығармаларында гедонизмді күшті сынау бар (Д. Белл, О. Тоффлер, К. Дейвис т.б.).
Жалпы алғанда, әлеуметтік-философиялық және этикалық ойдың тарихы мен тәжірибеде гедонизм принципі екі жақты роль ойнады және ойнайды. Бір жағынан, ол прогрессивті функция атқарды, себебі этиканы адам өміріне ашық идеалистік, схоластикалық, мистикалық көзқарастардан босатты, реалдылы (шынайы), "жерлік" мазмұндағы моральдерді көрсетті. Екінші жағынан, белгілі амалмен эгоистік бейімділіктердің, өмірдің ойлаусыз тұтыну салттарының дамуын ынталандырды. Сондықтан гедонизм принципін адамның қоғамға және өзіне байланысты жауапкершілігімен, "ақылды қажеттіліктер", тек қана индивидуалды (жеке) емес, сол сияқты әлеуметтік этика, қазіргі заманғы моральдік мәдениеттің талаптары мен нормалары проблемасын түсінумен толықтыру алда тұр.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.kk.wikipedia.org
2. kaz.slovopedia.com
Достарыңызбен бөлісу: |