Ажырату диагнозы. Оны бірінші кезекте Р. Л. Герценбергтің жалған паротитімен жүргізу қажет, ол ақыл тістің қиналып жарып шығуына байланысты құлақмаңы сілекей безінің бір жағынан капсула ішінде орналасқан лимфа түйіндерінің қабынуынан пайда болады. Жалған паротит кезінде сілекей бөліну қызметі бұзылмайды. Бұл дерт сілекей безінің паренхимасының не болмаса шығару түтігінің ауруы емес, бұл негізінен лимфаденит болып табылады.
Паренхиматозды паротит эпидемиялық паротиттен ұзақ созылмалы жиі асқынулары болып тұруымен өзгешеленеді. Жалпы бір жақта болады.
Микулич дертінде барлық сілекей және жас бездері дертке ұшырап, созылмалы түрде жүреді.
Емі. Симптоматикалық және жалпы әлдендіретін — сульфаниламидтер, ауыр жағдайда антибиотиктер, сілекей бөлінуін реттеуші дәрі-дәрмектер, термопсис, „А" және „С" тобындағы витаминдер, сұйықтықты көп мөлшерде қабылдау, ауыз қуысын сауықтандыру, без аймағына жылы компрестер қолдану керек.
Без іріңдеген жағдайында хирургиялық ем көрсету қажет.