Стоматология


Жақ сүйектерінің созылмалы остеомиелиті



бет109/262
Дата06.02.2022
өлшемі2,68 Mb.
#80599
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   262
Байланысты:
книга-хирургическая-стоматология

Жақ сүйектерінің созылмалы остеомиелиті
Жақ сүйектері остеомиелитінің созылмалы кезеңі ұзаққа созылуымен, секвестрдің бөлінуімен, регенеративті процестермен сипатталады. Сонымен қатар осы кезде ауыз қуысының сыртында және ішіндегі шырышты қабықта жыланкөздер пайда болады, науқастың жалпы жағдайы мен көңіл күйі жақсарады, дене қызуы мен қан көрсеткіштері қалпына келе бастайды.
Патологиялық анатомиясы. Жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің созылмалы остеомиелитінің ағымы жақ сүйектері құрылысының және қанмен қамтамасыз етілу ерекшеліктеріне байланысты (Уваровтың төменгі жақ сүйегінің қанмен қамтамасыз етілу схемасын қолданған ыңғайлы). Төменгі жақта көп, ал жоғарғы жақта аз мөлшерде секвестр түзілуі осы схемамен түсіндіріледі. Жақ сүйек остеомиелитінің жеделдеу кезінде өсіп келе жатқан қан тамырларына бай грануляциялық тін жиналған іріңді экссудатты және өлген тіндер бөлігін қоршайды. Бұл кезде секвестрация басталады, яғни сүйектің некрозға ұшыраған бөліктері жартылай сорылып, біртіндеп тірі сүйектен бөліне бастайды, осымен қатар қабыну ошағының айналасында сүйек қабығы жағынан жаңа сүйек тіні түзіле бастайды. Жақ сүйегі остеомиелитінің созылмалы сатысында қабыну ошағы тынышталып, шектеле бастайды. секвестрлер бөлінуі және жаңа сүйек тінінің түзілуі жалғасады. Қабынып өзгерген тіндер азаяды. Толық бөлінген секвестрлер қозғалмалы болады. Секвестрлер айналасында сенвестрлік қорап пайда болып, кальцифинация дәрежесіне байланысты қатаяды. Жиі, әсіресе балалардың төменгі жақ сүйектерінде көп мөлшерде жаңа сүйек жиналып қалады.
Секвестрді алып тастағанда немесе ол өз бетінше бөлінген соң, оның орны біртіндеп өскен дәнекер тінмен толады, кейіннен ол сүйекке айналып кетеді. Созылмалы остеомиелит жақ сүйектерінің жарақаттану тереңдігі мен таралуына байланысты 2 топқа бөлінеді:
1) Созылмалы шектелген немесе ошақты остеомиелит.
2) Созылмалы жайылмалы (диффузды) остеомиелит. Осылай бөлу клиника үшін ыңғайлы, өйткені шектелген және жайылған остеомиелиттер кезіндегі оперативтік емнің бір-бірінен айырмашылығы бар.
Біздің клиниканың мәліметтері бойынша (Шинкаренко Д. И. 1968) 210 созылмалы одонтогенді остеомиелитпен ауырғандардың ішінде (1958—1967 ж), 86,2% шектеулі остеомиелит; 13,8% жайылмалы түрі болғаны анықталған, Жайылмалы остеомиелит көбіне төменгі жақта кездеседі.
Клиникасы. Созылмалы шектелген остеомиелит кезінде бұрынғы тесіктен қалған тыртық нәтижесінде бет әлпетінде аздап өзгерістерді кейде жыланкөзді көруге болады. Ауыз қуысында бұзылған тіс немесе түбір, кейде жазылмайтын тіс ұяшығында грануляцияны, одан іріңнің бөлініп тұрғанын анықтауға болады, шырышты қабықта бір немесе бірнеше жыланкөз болуы мүмкін. Дене қызуы қалыпты, қан көрсеткіштерінде де айқын өзгерістер жоқ.
Рентгенограмма. Одонтогендік ошаққа жақын жерде сүйек деструкциясы айқын көрінеді, кейде секвестрлер анықталады. Сүйек тінінің сиректенуімен секвестр өзінің тығыздығы бойынша ерекшеленіп тұрады және бос жатқан үлкен мөлшердегі қою көлеңке түрінде көрінеді. Бірақ өте ұсақ мөлдір секвестрлер рентгенограммада анықталмауы мүмкін, сондықтан бұл зерттеу мәліметтерін жоғары бағалаудың қажеті жоқ.
Созылмалы шектелген остеомиелит өршиді және жедел остеомиелит клиникасьш береді, бірақ жыланкөздер арқасында ірің оңай шығып қабыну процесі тезірек жазылады. Егер жыланкөз бет терісі жағынан болса, ауру тез дәрігерге қаралады, ал егер ол ауыз куысында болса жылдар бойы ауырып жүре береді. Әрбір жаңа өршуден кейін жарақат аймағы үлкейе береді де, бұл процесс созылмалы жайылған остеомиелитке айналуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   262




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет