Стоматология



бет107/262
Дата06.02.2022
өлшемі2,68 Mb.
#80599
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   262
Байланысты:
книга-хирургическая-стоматология

Ажырату диагнозы. Жедел ағымды одонтогенді остеомиелитті келесі аурулардан ажырату керек. 1)Жедел ағымды немесе созылмалы периодонтиттің өршуінен; 2)Жедел ағымды ірінді периоститтен; 3) Одонтогенді жұмсақ тіндердің қабыну процестерінен (абсцесс, флегмона); 4) Бет-жақ аймағының іріңдеген кисталарынан; 5) Арнайы қабыну процестерінен (актиномикоз, туберкулез); 6) Қатерлі ісіктерден.
Жедел ағымды (немесе созылмалы периодонтиттің өршуі) периодонтитте тек бір тіс қозғалады, ал жедел ағымды остеомиелитте бірнеше тістер қозғалып, қызыл иек астынан ірің шығып тұрады. Периодонтитте қабыну ошағы бір тіс ұяшығында болып, тек ауру тіс тұсында қызыл иек, шырышты қабық ісінген, пальпация жасағанда ауыру сезімі болады. Ал жедел ағымды остеомиелитте бүкіл альвеолды өсіндінің жұмсақ тіндеріне жайылған инфильтрация өте айқын дамиды. Периодонтитте науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, ал остеомиелитте орта немесе ауыр өтеді.
Жедел ағымды периоститтен айырмашылығы: онда қабыну белгілері (гиперемия, ісіну, жұмсақ тіндердің инфильтрациясы) тек бір жақта, ал остеомиелитте екі жағынан болады. Н. А. Груздев (1978) бұл жедел ағымды остеомиелиттің ерекшелігін „жақ сүйегін қамтыған муфта тәрізді қабыну инфильтраты" деп сипаттайды. Жедел ағымды іріңді периоститте ауру тіс қатты қозғалмалы, перкуссия жасағанда көрші тістерге ауыру сезімі өтеді. Ал жедел ағымды остеомиелитте тістер қатары ауруымен қоса қозғалмалы болып қызыл иек астынан ірің бөлініп тұрады. Іріңді периостит төменгі жақта болғанда өте сирек Венсан симптомы болса, жедел ағымды остемиелитте бұл симптом жиі кездеседі. Іріңді периоститте жақ сүйегі маңының тіндерінде болатын ісіну тіндердің пастоздылығымен сипатталады, тері гиперемияланбаған, қатпарға тез жиналады, пальпацияда ауырады. Ал жедел ағымды остеомиелитте жұмсақ тіндерде жайылған қаттылау, қатты ауыратын инфильтрат болады, терісі керіліп қатпарға жиналмайды. Периоститте науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, сирек орташа, ауыр өтуі мүмкін.
Бет-жақ аймағы мен мойында орналасқан аденоабсцесс, аде-нофлегмоналардың басталуының өзіне тән ерекшеліктері бар, Олардың алдында одонтогенді, одонтогенді емес лимфа түйіндерінің қабынуы болады.
Жақ сүйектерінің іріңдеген кисталарында сүйектер деформацияланады. Рентген суретінің көмегімен сүйектегі өзгерістер анықталады.
Т. Г. Робустова (1983) зерттеулері бойынша бет-жақ аймағының актиномикозына диагноз қою үшін іріңді зерттеу және иммунодиагностика әдістері қолданылады. Актиномикоз баяу дамиды, ауыру сезімі әлсіз, өте қатты инфильтрат, шырышты қабығы ақшылдау түсті құрғақ, майлы болып келеді.
Жедел одонтогенді остеомиелит пен ісіктерді ажыратқанда іріңді қабыну ісікке екіншілік болып қосылатынын ескеру керек. Қатерлі ісіктің рентген суретінде сүйектің деструкциясы және сүйек пен сүйек қабындағы реактивті, репаративті процестердің жоқтығы көрінеді. Қозғалмалы тісті соққанда ауыру сезімі жоғалмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   262




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет