Сібір жарасының жергілікті патологиялық анатомиясы. Қоздырғыш енген жерде сарысулы-қанды қабыну ошағы байқалады. Қабынған ошақ өлеттеніп, айналасындағы жүмсақ тіндер домбығып, жергілікті лимфаденит пайда болады. Жылжымалы макрофагтар сібір жарасының қоздырғыштарын лимфа тамырлары мен лимфа түйіндеріне тарауына мүмкіндік тудырып, ол жерде сарысулы, сарысулы-қанды немесе өлеттенген қанды қабыну дамиды. Көп жағдайда қабыну процесі беттің сібір жаралы көршиқанымен немесе жергілікті лимфаденитпен шектеледі, кейбір жағдайларда инфекция күшейіп жайылуы мүмкін.