СІБІР ЖАРАСЫ Сібір жарасы — жануарлардан жұғатын, сирек кездесетін жедел ағымды инфекциялы дерттердің тобына жататын ауру. Этиологиясы. Сібір жаралы грамм оң таяқшалы бактерияның әсерінен пайда болатын ауру.
Патогенезі. Сібір жарасының қоздырғышы адам организмінің бет терісі, мұрын, ауыз қуыстарының шырышты қабықтары арқылы, ауру малдардың жүнінен, терісінен, етінен т. б. жұғады. Бір жаралы таяқшаның таратқышы әртүрлі шыбын-шіркейлер болып табылады. Ауру көбінесе жылдың жазғы-күзгі айларында кездеседі. Сібір жарасының инкубациялық мезгілі 2—14 күн созылады. Оның қоздырғышы организмге енгеннен соң эндоматозды (қабындырғыш), протективті (қоздырғыш) және өлу факторларынан қүралған экзотоксин бөліп шығарады. Жоғарыда атап өткен факторлардың әртүрлі бірлесуінің күштілігі аурудың жалпы және жергілікті көріністерін бейнелейді. Бет терісі жұқпалы зат аз мөлшерде және беткей енгенде зақымданады.