Стоматология


ТӨМЕНГІ ЖАҚ СҮЙЕК СЫНЫҚТАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ



бет116/173
Дата05.02.2023
өлшемі4,16 Mb.
#167481
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   173
Байланысты:
hirstom-qaz

ТӨМЕНГІ ЖАҚ СҮЙЕК СЫНЫҚТАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ

Бейбітшілік уақытта (оқсыз зақымданғанда) төменгі жақ тұйық доға тәріздес болғандықтан, сырттан тиген күш сол тұйық шеңбер арқылы тарап оның белгілі бір жерлері сынады. Осындай кер әдеттегі сынатын немесе сүйектің осал жері не болмаса доғаның ең көп иілген бұрышы деп аталады. Олар орталық жік, 3[3 тіс ұялары, төменгі жақ бұрышы және төменгі жақ буын өсіндісі. (35-сурет).



35-сурет. Төменгі жақ сүйегі сынатын осал жерлерінің жобасы.
Орталық сызықта жақтың екі бөлігі қосылады. Ол жік өте қатты болғандықтан сынық оның оң немесе сол жағынан 1—2 мм ауытқиды. 3[3 тіс түбірі жуан және ұзын, маңындағы жақ сүйегі жұқа, сондықтан көбіне осы жер сынады. Сынықтың төменгі жақ бұрышында болу себебін екі түрлі теориялармен дәлелдейді: 1) Төменгі жақ доғасының ең үлкен иіні осы жерде орналасады. 2) Осы жерде өсу аймағы орналасқандықтан сүйекте кальций, фосфор қышқылдарының түздары аз.
Жақ сүйегінің буын өсіндісі төменгі жақ доғасының ең жіңішке жері болғандықтан, көбінесе осы жердің сынығы кездеседі.
Төменгі жақ сынықтары біржақты, екіжақты, жалғыз, екі жерден және бірнеше жерден деп бөлінеді.
Тіс қатарындағы сынықтар ашық жарақаттар қатарына жатады. Өйткені альвеол өсіндісіндегі шырышты қабық сүйек қабығымен тығыз байланыста. Бұл қабықтар сүйек сынғанда жыртылып, сүйек жарасы инфекция көзі болып есептелетін ауыз қуысымен байланысады. Сонымен қатар, сүйек сынықтарының аралығындағы тістер инфекция көзі болып табылады. Сондықтан бұл сынықтар асқынбас үшін инфекцияға қарсы күрес жүргізіп және барлық науқастарды сіреспеге қарсы егу керек.
Жұмсақ тіндер жыртылып жарақаттанбаса, тіс қатарынан тыс сынықтар көбінесе жабық жарақаттар қатарына жатады.
Төменгі жақсүйек сынуының механизмі. Төменгі жақ сүйегінің сынуы шектен тыс майысудан, қысымнан, ығысудан, жұлынудан болады. Сынықтар келесі варианттарда кездеседі: 1) Күш төменгі жақ сүйегі бүйірінің бір нүктесіне түссе тура сынық пайда болады. Кей жағдайларда осы сынық қарама-қарсы жағында тура емес, буын өсіндісі қосымша сынуы мүмкін. 2) Күш төменгі жақ бүйірінің көлемді жеріне түссе, буын өсіндісінен немесе бұрышынан тура емес сынады. 3) Күш төменгі жақтың екі бүйірінен үлкен көлемде тисе, тура емес сынық орталық жікте де пайда болады. 4) Күш төменгі жақтың екі бүйірінен симметриясыз тисе тура емес сынық иек маңында және қарама-қарсы жағынан буынды өсінді сынады. 5) Күш төменнен жоғары қарай шектен тыс тисе буынды өсінді екі жағынан сынады.
Осымен, егер сынық шектен тыс майысудан пайда болса, онда сипамалы аумаққа түскен күш әсерінен тура, үлкен аумаққа түскен күш әсерінен тура емес сынық пайда болады.
Қысым механизмі. Егер екі күш бір-біріне қарсы бағытталса, сүйек тіндері қысымға түседі (компрессия). Күш төменгі жақ бұрышынан көлемді аумақта төменнен жоғары бағытта соғылса, сүйек шықшыт буыны мен төменгі жақ бұрышының арасында қысылады. Осындай жағдайда жақ өсіндісінің ортасы көлденең сынады.
Ығысу механизмі. Күш түскенде сүйек тірегі бар жерімен салыстырғанда, тірегі жоқ жері ығысып сынады. Егер күш көлемі аз жерден төменгі жақ бұрышынан жоғары қарай тәж тәріздес өсіндіге бағытталса тірегі бар буын өсіндісі орңында қалып, тірегі жоқ жақ өсіндісінің алдыңғы жағы (тәж өсіндісімен қосылса) ұзына бойы ығысып сынады.
Жұлыну механизмі. Ауыз жабық кезінде жоғарыдан төменге қарай иекке соққанда төменгі жақ өсіндісінің тәж өсіндісі жұлынып сынады. Бұл сынық түрі өте сирек кездеседі. Тәж өсіндісіне тіркелген самай бұлшықетінің жиырылуынан деп есептелінеді.
Жақ сүйектері сынықтарының клиникасы
Медициналық травматология саласындағы негізгі сынықтар жіктелуі олардың клиникалық көріністері бір-бірімен байланысы бір заңдылыққа бағынады. Сондықтан, бұл оқулықта осы заңдылықты қолдана отырып жақ-бет аймағы травматологиясының жіктелуі және клиникасы жеке қаралып отыр. Өйткені барлық сүйектер сынығының клиникасы ортақ болады. Бірақ әр сүйекке тән өзіндік негізгі белгісі бар.
Травматологияда барлық адам сүйектері сынығының жалпы клиникалық белгілерін келесі бес топқа бөледі; 1). Локальды ауыру сезімі. 2) Патологиялық қозғалыс. 3) Сынықтың ауытқуы. 4) Сықырлау. 5) Сүйек жұмысының бұзылуы.
Осылардың ішіндегі әрбір сүйек сынығына тән өзіндік белгілері сол сүйек сынығының негізгі клиникалық белгісі болады. Бұл басқа сынық белгілерімен қосылып отыратынын еске сақтау қажет,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   173




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет